» » “Елбасы медалі” республика жастарына арналған кешенді бағдарлама

“Елбасы медалі” республика жастарына арналған кешенді бағдарлама

“Елбасы медалі” республика жастарына арналған кешенді бағдарлама. Бұл жоба шарты бойынша қатысушылар алтын, күміс, қола деңгейлеріне қарай 6 айдан 18 айға дейін өздерін дамытумен айналысады. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Елбасы медаліне қатысу арқылы, жастар өз уақытын тиімді пайдалануға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді. 

Кешенді бағдарлама бізге тұрақты дамуымызға мүмкіндік береді. Әр бағыт бойынша орындалатын тапсырмалар бізге пайдалы әдеттерді қалыптастырып, кітапқа, спортқа және басқа да дағдыларды бойым cіңіруге көмектеседі. Сондағы маған ұнаған бағыт-дарын және дағды бағыты болды. Дарын және дағды бағытында мен бұрыннан бастай алмай жүрген домбыра тартып үйренуді қолға алдым. Арнайы домбыра сабақтарына жазылып, күнде жайлап үйрене бастадым. Қазірде қазағымыздың ұлттық аспабы домбырада ойнауды білемін. 

Мен жобаға қатысу арқылы жастардың жан-жақты болуына, дамуына, тіпті мамандық таңдауда да өз септігін тигізген, жастарға осындай мүмкіндікке бастама жасаған “Елбасы медалі” жобасына өз алғысымды білдіремін.


Сейітханова Алина Бахытжанкызы
Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің 2 курс студенті 2В2 
18 қараша 2021 г. 847 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930