» » Жас бағдарламалаушылар сайысы

Жас бағдарламалаушылар сайысы

 Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында 2017 жылғы 12 қазан күні бағдарламалау бағытында облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Үздік қатысушыны анықтайтын білім додасында 39 оқушы бақ сынасты.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жоғары нәтиже көрсете білген жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

 Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация»  лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Хасанов Рустем  жеңіп алды.

ІІ орынға  Екібастұз  қаласы №10 жалпы орта білім беру мектебінің  8 сынып оқушысы Шафоростов Кирилл, Назарбаев Зияткерліқ мектебінің 8 сынып оқушы Багдатов Аскар және дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация»  лицей-интернатының 8 сынып оқушысы  Абихас Алихан ие болды.

ІІІ орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7 және 8 сынып оқушылары Сарбупеев Сулейман, Косанов Адильхан, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушылары Гончаров Матвей, Васин Евгений иеленді.

 Кұрмет грамотасымен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 және 8 сынып оқушылары Клишина Ксения, Белов Алексей, Трусов Егор, Павлодар қаласы №34 жалпы орта білім беру мектебінің  6 сынып оқушысы Колодин Максим, Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Семкин Влад, облыстық көп салалы көптілді лицейінің 8 сынып окушысы Сагинов Жандарбек  марапатталды.


14 қазан 2017 г. 2 073 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 603 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930