» » Астана әкімдігі балабақша тәрбиешілерін даярлауға грант бөлуге дайын

Астана әкімдігі балабақша тәрбиешілерін даярлауға грант бөлуге дайын

 Елорда әкімі Әсет Исекешев қалада балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің тапшылығы барын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 Оның атап өтуінше, бүгінде 150 педагогтың тапшылығы байқалып отыр, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері жетіспейді. «Алдағы үш жылда бізге 3 мың мұғалім мен 1 мыңға жуық тәрбиеші қажет болады. Осы қажеттіліктің үштен бірі колледждерде мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы мамандарды даярлау есебінен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Астана университеттерінде тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жүргізілмейді. Егер де Білім және ғылым министрлігі осындай мүмкіндікті қарастырса, онда елордалық ЖОО-ларға жыл сайын жергілікті бюджет есебінен 200 студентке гранттарды орналастыруды қамтамасыз етуге әзірміз. Бұл өз кезегінде тапшылықты 50 пайызға азайтуға жол ашады», - деді шаһар басшысы педагогтардың дәстүрлі тамыз кеңесінде. Әкімдік мәліметінше, соңғы 9 жылда педагогтардың саны екі есеге артқан. Жаңа оқу жылында олардың саны 14,3 мыңға жетеді.


23 тамыз 2017 г. 1 917 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031