» » Бүгін - Білім күні

Бүгін - Білім күні

  Бүгін Қазақстанда шамамен 380 мыңға жуық оқушы бірінші сыныпқа барады. Республиканың барлық білім ошақтарында алғашқы қоңырау соғылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
 Айта кетерлігі, 1 қыркүйек Құрбан айт мейрамына дәл келгендіктен алғашқы қоңырау соғу салтанаты 2 қыркүйекке ауыстырылған болатын. Жалпы жылдан жылға бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндердің саны арта түсуде. Өткен жылы мектеп табалдырығын 370 мыңға жуық бала аттаса, биыл олардың саны 10 мың балаға артуда. Осыған байланысты еліміздің барлық өңірлерінде жаңадан мектептер салынуда. Биыл 75 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланса, соның 35-і 2 қыркүйек күні оқушыларға есігін айқара ашады. Мұнан бөлек, 300 мектепке күрделі жөндеу, ал 410 мектеп ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Естеріңізде болса, өткен жылы еліміздің 1 сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқи бастаған болатын. Ал биыл 2, 5 және 7 сынып оқушылары жаңартылған білім бағдарламасына көшеді.
02 қыркүйек 2017 г. 1 811 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031