» » Аса ауылында “Ертегі” бөбекжайы ашылды

Аса ауылында “Ертегі” бөбекжайы ашылды

Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы «Бәйтерек» тұрғын-үй алқабында «Ертегі» бөбекжайы ашылды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Салтанатты шараға аудандық мәслихат хатшысы Рүстем Бегалиев, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов қатысып, ақжарма тілектерін білдіріп, сөз сөйлеген азаматтар бөбекжайдың кермесін қиды. Одан соң қалың көпшілік бөбекжайдың ішін аралап көрді. Заманауи құрал-жабдықтармен толық жарақтандырылған бөбекжай тұрғындар көңілінен шықты.

Айта кетейік, бөбекжай Астана қаласының 20 жылдығына орай қолға алынған «20 жылдыққа – 20 нысан» жобасының шеңберінде және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бой көтерген. Құрылысы осы жылдың сәуір айында басталып,  жаңа оқу жылында есігін айқара ашып отыр. Жеке қаржы есебінен салынған бөбекжай 75 балаға арналған. Мұнда балаларды 1 жастан бастап қабылдайды және оқу үш тілде жүргізіледі.

21 қыркүйек 2018 г. 2 378 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 748 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930