» » Тараз қаласында Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойына орай «Қазақ Арланы - 2018» әскери-спорттық байқауы өтті

Тараз қаласында Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойына орай «Қазақ Арланы - 2018» әскери-спорттық байқауы өтті

19 қазан күні Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектібінде 11 сынып оқушыларының арасында «Қазақ Арланы - 2018» әскер-спорттық байқауы өткізілді, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA .

Сайыстың басты мақсаты алғашқы әскери дайындық, патриотизмге тәрбиелеу, серіктестіктер, жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру және мектеп оқушыларын салауатты өмір салтын ұстану, әскери-қолданбалы спорт түрлерін тарату. Оқушыларды Қазақстан республикасының қарулы күштерінде қызмет атқаруға дайындау.

Байқау төмендегідей екі кезеңдерден тұрды:

I кезең.

1. “Мерген атқыш”

Әр қатысушыға «Дартс» ойынына 3 дарт беріледі. Ату белгілі бір қашықтықтан жүзеге асырылады.

2. “ АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау”

Екі қатысушы үстелге жүгіріп,  АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыруды орындайды. Бөлшектеу және жинаудың жалпы уақыты жазылады.

3. “Зардап шегушіге таңғыш қою”

Байқауға қатысушы белгілі бір уақыт ішінде зардап шегушіге таңғыш қоюдың белгіленген түрін орындайды. Ұпайлар таңғыш қойюды дұрыс орындаған және толық орындаған қатысушыға беріледі.

4.“Ас үйдегі кезекші”

Барлық конкурсанттар жүгіріп келіп, үстелдің үстінде тұрған картопты тазалау керек. Картопты тазалаудағы кемшіліктер (толығымен тазаланбаған, қалың тері) ескеріледі.

5.“Әскери атақтар, әскер түрлері”

Жарысқа қатысушыларғы таза парақтар мен қаламдар беріледі. Конкурсанттар 1 минут ішінде «Қатардағы жауынгер» әскери шенінен бастап «ҚР Президентінің» әскери шеніне деінгі әскери атақтарды және әскер түрлерін естеріне түсіріп жазып шығу керек.

 

 II кезең.

1. “Етбетінен жатып денені көтеру”

Қатысушы етбетінен жатып денені көтеру секторына жүгіріп барып, шамасы келгенше жаттығуды орындайды.

2. Кір тасын көтеру

Қатысушылардың барлығы кір тасын бірінші оң қолмен содан соң сол қолмен көтеріп шығады. Екі қолымен ең көп көтерген конкурсант жеңімпаз болады.

2. Шалқалай жатып денені көтеру

Қатысушылар 2 адамнан келіп, алдын ала дайындалған матыға шалқалай жатып, төрешінің белгісімен денелерін көтереді. Жаттығуды орындауға 40 секунд уақыт беріледі.

Осы байқауға қонақ болып келген «Жеңіс Қаһармандары» Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді солдаттар» қоғамының саясат бөлімінің орынбасары Қуантаев Сейітхан Мұратұлы және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдасбекова Айша Қалдыбаевна қазылық көрсетті. Жігіттеріміздің бәрі де байқауға жақсы дайын­дықпен келіпті. Тіпті бір сыныптан екі оқушы ниет білдіріп, осы байқауға қатысты. Қалай айтсақ та сайыстың аты сайыс қой.

Сонымен байқаудың қорытындысы бойынша:

ІІІ орынды – 11 Д сынып оқушысы Күнтубаев данияр өз тақымына басып алса, ІІ орынды – 11 А сынып оқушысы Келесов Димаш жеңіп алды. Ал І орынды – 11 В сынып оқушысы Еділбеков Арнұр иеленсе, «Қазақ Арланы - 2018» атағын 11 В сынып оқушысы Жылқышы Дарын иеленді. Қалған оқушылар, яғни 11 Е сынып оқушысы - Шабеев Алмаз бен 11 С сынып оқушысы Серікұлы Бақдаулет «Белсене қатысқаны үшін» номинацияларына ие болды. Байқау өте қызықты өтті. Сыныптар және жанкүйерлер өздерінің сыныптастарын жан аямай жанкүйерліктерін көрсетіп, қолдап отырды.


АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы:                 Аденов Гани Аширалиевич

 

 

 

 

 

 

 

 


24 қазан 2018 г. 2 456 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 857 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 747 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930