Елбасы тапсырмасы: «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланады

Министрлік, мектеп, колледж, ЖОО педагогтарын, мемлекеттік органдар өкілдерін, ата-аналарды әзірленіп жатқан заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырады. Сондай-ақ барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғалар да осы жобаға атсалысуы тиіс .
«Заң жобалары әзірленген соң, министрлік барлық аймақтарда осы заң жобаларын талқылау мақсатында жұмыс тобы мүшелерінің педагогикалық және ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулерін ұйымдастыруды жоспарлауда», делінген министрліктің Фейсбуктегі парақшасында.
Заң жобаларына қатысты ұсыныстар болса bilimdiel.project@mail.ru электронды поштасына жөнелту керек. Сонымен қатар, ұсыныстар edu.gov.kz, bilimdinews.kz сайттарында «Педагог мәртебесі туралы» заңды талқылаудамыз» бөліміне және республикалық «Білімді ел» газетінде жарияланады.