» » Жамбыл медициналық колледжінде «Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету» орталығы ашылды

Жамбыл медициналық колледжінде «Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету» орталығы ашылды

Ағымдағы жылы 17-қазанда Тараз қаласындағы Жамбыл медициналық колледжінде «Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету» орталығы ашылды және Н.Ә. Назарбаевтың «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қолдау мақсатында Ашық есік күні өткізілді, – деп хабарлайды "Edunews.kz" AA “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігіне сілтеме жасап.

Іс-шара цифрлық бағдарламаны дамыту, ғылыми техникалық инновацияларды қолдау арқылы медицина саласын жетілдіру, жас ұрпақтың білімге деген ұмтылысын арттыра отырып, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті медициналық маман даярлау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Іс-шара Жамбыл медициналық колледжінің директоры Ж.Н. Сарыбекованың «Жамбыл медициналық колледжінің цифрлық қадамдары» тақырыбындағы ақпараттық шолуынан басталды. Цифрлық дамуды қалыптастырудың маңызды екенін ескере отырып, ашық есік күні директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Л.Т. Қуанышбекованың Смарт кабинеттерді таныстыруымен жалғасты.

Атап айтқанда: анатомия пәнінен Led Panel және интерактивті парта көмегімен ақпараттандыру, паталогиялық анатомия және физиология пәнінен Smart kapp-тақтасын тиімді пайдалану, анатомия және физиололгия пәндерінен 3D қалам арқылы ішкі мүшелердің құрылысын бейнелеу, 3D көзілдірігін пайдаланып, адам ағзасының қызметін бақылау, сондай-ақ, колледж баспаханасымен таныстыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында колледж студенттері мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету “электрондық үкіметтің” веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Әрбір азамат «Электронды үкімет» веб-порталына «пайдаланушы кабинетін» ашу арқылы тіркеле отырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық қызметті алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметтерді алу барынша автоматтандырылған, қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйелер қосылуда.

Осы мақсатты көздей отырып колледж басшысының және ақпараттық орталықтың қолдауымен ашылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады. Орталықтың негізгі қызметі – қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру саласында 8 және денсаулық сақтау саласынан 1 мемлекеттік қызмет көрсетуді барынша ыңғайлы, электронды түрде алуға, барлық жағдай жасалған. Жұмысты атқаратын әрбір маманның іс әрекеті жеңілденеді, әрбір қызмет алушы үйінен тіркеліп, уақытты үнемдеумен сапалы қызмет алуына мүмкіншілік жасалған.

Сондай-ақ, қонақтар колледждің білім сапасы және мониторинг пен виртуалды әдістемелік кабинеттерімен таныстырылды. Білім сапасы және мониторинг бөлімінің негізгі қызметі мен мақсаты: колледждің білім беру қызметінің сапасын арттыру, оны болжау, бағалау, өңдеу және мониторинг жүргізу. Яғни, оқытушылардың білім беру сапасы мен студенттің білім алу сапасын тексеру, сабақ жіберген студенттердің сабағын уақытылы тапсыруға жағдай жасау.

Қазіргі таңда барлық пәндерден электронды оқулықтар, тақырып бойынша жасалған оқытушылардың дәрістері, авторлық кітаптары колледждің электронды библиотекасында тұр. Студенттер кез – келген уақытта планшет, компьютер, телефон арқылы колледждің сайтына кіріп, электронды библиотека арқылы керекті тақырыбына дайындала алады, сайт бөліміне кіріп тест тапсырады, оны компьютер бағалайды. Колледждің тестілеу базасында барлық пәннен тақырыптар бойынша тест енгізілген. Студент тәжірибелік сабақтарды оқытушының тікелей қатысуынсыз қашықтықтан тапсыра алады. Бұл студенттің де, оқытушының да уақытысын үнемдеп, ашық бағалануына мүмкіндік береді. Мониторинг және білім сапасы кабинеті ІР камерасы арқылы бақылап отырады.

Айта кетейік, Жамбыл медициналық колледжінде өткен Ашық есік күнінің қорытындысы Мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды орталығының эстафетасын № 13 Тараз теміржол колледжінің басшысы Н.Т. Нуралиевке табыстауымен аяқталды.

18 қазан 2018 г. 2 675 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031