» » Түркістанда Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Түркістанда Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

 Түркістан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Түркістан қаласында орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды. Бұл туралы "Edunews.kz"  AA Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Президенті Б.Абдрасилов, «Сырдария» университетінің ректоры С.Дайырбеков, сондай-ақ департамент қызметкерлері, университет ұжымы мен студенттер қатысты.

Мемлекеттік қызмет мектебінің мақсаты – мемлекеттік қызметке ең мықты, білімді, білікті, патриоттық сезімі жоғары жастарды тарта отырып, Агенттіктің тарапынан заң аясында қолдау көрсетіп, оларды мемлекеттік қызметке орналастыруға ықпал жасау.

Университет Президенті Болатбек Серікбайұлы Агенттік тарапынан студенттерді қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, оқу орны тарапынан аталған мектепке ең лайықты студенттер іріктелгенін атап өтті.

Мемлекеттік қызметшілер мектебінің ашылу рәсімінен кейін университет президенті мен департамент басшысы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


29 қазан 2018 г. 1 801 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 825 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930