» » ЖИТС-тың және нашақорлықтың алдын алу

ЖИТС-тың және нашақорлықтың алдын алу


Адамның басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықтың қас жауы – бұл ауру. Ал аурудың ең азаптысы – ЖҚТБ.  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан– 2050» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.

Осыған орай  1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-на қарсы күрес күніне ШҚО Көкпекті ауданы Теректі ауылы Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінде онкүндігі өтті. Онкүндіктің жоспарына сай мектепте ЖИТС-тің алдын алу мақсатында наркобекет тобындағы оқушыларымен санбюллетеньдер таратылды. 9-11 сыныптар «Біз-жастар нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен қабырға газет көрмесін ұйымдастырды. 1-4 сынып оқушыларымен «Денсаулығым – байлығым» тақырыбында тәрбие сағаты, 5-6 сынып арасында «Денсаулық – өмір негізі» атты тренинг, 7-8 сыныптарымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел, 8-11 сынып қыздарымен  жыныстық қол сұғылмаушылыққа байланысты Теректі селолық округінің жанұялық амбулаториясының акушеры Г.К.Толкумбаева-мен кездесу өткізілді. Іс-шара 5-8 сынып оқушылары, ата-аналар, мектеп ұжымының бірлесуімен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» эстафеталық сайысымен аяқталды. Жарыс соңында қатысушылар мадақтамалар мен сыйлықтарға ие болды.




Қорыта келгенде: ЖИТС адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема. Ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. 

«Адам денесінің жетілуі – оның денсаулығы, егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек»,- деп әл-Фараби айтқандай салауатты өмір сүріп, аман-есен жүрейік.
















































ШҚО Көкпекті ауданы Теректі ауылы

Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінің

 Химия пәнінің мұғалімі

Елеусизова Г.К.

 
21 қаңтар 2019 г. 5 404 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 945 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031