» » Балалар игілігі үшін...

Балалар игілігі үшін...

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басты мәселелердің бірі – ұлттық код, ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар екендігі белгілі. Бүгінгі күні ұлттық болмысымыз бен төл тума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу біздің борышымыз. Бұл борышты орындауда қаламын қару еткен жазушыларымыздың орны ерекше. Өйткені олар өз туындыларында бірде қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктерді әшкере етсе, бірде келелі оқиғаларды дүйім жұртқа үлгі ретінде ұсынады. Сондай қаламгерлер қатарында психолог, балалар жазушысы Амании Жан да бар.

              Психолог, балалар жазушысы Амании Жан  тұлғасын тереңірек танып, шығармашылығын зерделеу мақсатында 2017 жылғы 24 қарашада Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-де «Балалар игілігі үшін...» атты тақырыпта  кездесу кеші өткізілді. Кеште 5 ә сынып оқушысы Риза Ерқұлан өзінің арнауын оқып, қонағымызға қонақ кәдесін ұсынды.Мектебіміздің үздік оқушысы, республикалық байқаулардың жеңімпазы 7 ә сынып оқушысы Шаштай Таңшолпан Жамбыл Жабаевтың «Угәй-ай» әнін орындады. Қаламгер шығармашылық жолы, туындылары туралы сөз етті.Кездесу барысында Амании Жан өзінің әдебиетке келуі, тырнақалды туындысының оқырмандардың ыстық ықыласпен қабылдағандығы, ертегілердің өз ойында қалай туындайтындығы туралы сырларымен бөлісіп, мазмұны терең «Қызыл бәтеңке» ертегісін оқып берді. Кешке қатысушылар қаламгерге сауалдар қойып, ашық пікір алысу мүмкіндігіне ие болды. Мектеп оқушылары жазушыға жүректен шыққан ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар ертегінің аудиосын тыңдатты.Амании Жанның шығармашылығына арналған «Балалар игілігі үшін» атты кездесу кешіне қатысушылар жазушының өзіндік философиясына бойлап, шығармаларынан рухани азық алды. Қаламгердің өнегесін көңілдеріне тоқып, ұлағатын сіңірген оқушылар ұлт мүддесіне қызмет   етуге шабыттанды, әдебиеттің қоғам өміріндегі орны мен қару ретіндегі құдіретін     таныды.


Сандугаш Калжанова, 

Жамбыл атындағы орта мектеп 

мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ,

қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі,

Алматы облысы, 

Жамбыл ауданы, 

Жамбыл ауылы.

26 сәуір 2018 г. 2 948 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 588 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930