» » Жамбыл облысында халықаралық зерттеу жүргізілуде

Жамбыл облысында халықаралық зерттеу жүргізілуде

Жамбыл облысында оқушылардың білім сапасына ауқымды бағалау мен талдау жүргізетін халықаралық «TIMSS» халықаралық зерттеу тобы жұмысын бастады. Бұл туралы "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі оқушылардың математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсаты – математика мен жаратылыстануды оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.
29-30 сәуір күндері 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында халықаралық зерттеу тобы Тараз қаласының №45 гимназиясында, №13 орта мектебінде, Жамбыл ауданындағы №2 Амангелді атындағы орта мектебінде зерттеу жүргізді.
Зерттеу барысында оқушылардан тест тапсырмалары мен сауалнамалар, 4-сыныптың ата-аналарынан сауалнамалар алынды. Зерттеуге барлығы 225 оқушы қатысты.

Дереккөз: Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
03 мамыр 2019 г. 1 871 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 219 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 609 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031