» » Білім министрі мектептер ағылшын тілінде сабақ беруге қандай жағдайда көшетінін айтты

Білім министрі мектептер ағылшын тілінде сабақ беруге қандай жағдайда көшетінін айтты

Білім ордалары ағылшын тілінде сабақ беруге мектеп толығымен дайын болған жағдайда ғана көшеді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды alashainasy.kz.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында білім министрі үштілділік мәселесіне тоқталды.

"Ең бірінші мәселе – қазақ тілін оқыту. Екінші орыс тілі, ағылшын тілі. Тілдерді оқыту деңгейге байланысты төрт дағдыны дамытуға бағытталады. Яғни, ол тыңдау, айту, сөйлеу және жазу. Сондықтан балаларға ағылшын тілінде сабақ беру тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған жағдайда және мектеп дайын болғанда мектептің шешімімен жүретін болады", - деді Шәмшидинова.

Оның айтуынша, қазір 153 мектеп ағылшын тілінде сабақ беру бағдарламасына көшкен. Білім министрлігі бұл оқу орындарына мониторинг жасап отыр.

"Осы мониторингтің нәтижесінде оқушылар мен ұстаздарға қиындық келтірген мәселелер анықталып, болашақта басқа мектептерге көмек ретінде берілетін болады", деді министр.
Сонымен қатар, Шәмшидинова еліміздегі апатты және үш ауысымдық мектептердің мәселесі қалай шешілетінін айтты.

"Алдағы үш жылда 190 мектеп салынады. Оның 89-ы үш ауысымдық, 13-і апатты, 72-сі орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешеді", - деді ол.

Министрдің айтуынша, болашақта мектеп құрылысына ақша бала санына байланысты бөлінеді. Білім ордасының қайда және қалай салынатынын жергілікті атқарушы органдар шешеді.

Шәмшидинова тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде 1672 мектеп бой көтергенін тілге тиек етті. Айтуынша, орта білімнің инфрақұрылымы бірінші кезекте үш ауысымдық, апатты және орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешетін болады.


Дереккөз: Sputnik Қазақстан тілшісі, alashainasy.kz   
08 мамыр 2019 г. 1 217 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 574 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930