Шымкентте ата-аналардың 30 пайызға жуығы оқулықты өз қаражаттарына алады

Бөлім басшысының айтуынша, қазір 12 баспамен келісім-шарт түзіліп, 12 жылдық білім бағдарламасы шеңберінде 1 млн. 4 мың 849 дана оқулыққа тапсырыс берілген. Сондай-ақ, 4-ші сыныптың ағылшын және 9-шы сыныптың «Зайырлы этика және дінтану негіздері» кітабы қайта басылып шықты. Десе де жыл сайын мектеп оқушыларының саны орта есеппен 8000-ға артуына байланысты оқулық жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Сондықтан ата-аналардың 30 пайызға жуығы оқулықты өз қаражатына алып беруіне тура келеді. «Бізде оқулық мәселесі ата-аналар тарапынан түсініспеушілік туғызуда. Көбіне 100 пайыз оқулықпен қамтылады делінеді. Дегенмен биыл 1,8-ші сыныптың оқушылары ғана мектептен кітаптарды толық тегін алады. Ал, қалғандары аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға үлестіріледі. Тағы бір бөлігі сауда орындарынан сатып алатын болады. Сондай-ақ білім беруді дамыту бағдарламасы негізінде әр жылы кезең кезеңімен оқулықтар жаңартылады»,-дейді Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.