» » ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Бүкіл әлемді шарпыған індет құрсауына іліккен еліміздің білім беру жүйесі қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Көз алдымызда білім саласын және бүкіл елімізді дүр сілкіндірген тарихи өзгеріс орын алып жатыр.

Қашықтықтан оқыту, әрине барлығымызға оңайға соқпаса керек. Дегенмен де, қашықтықтан жұмыс жасауда жинақталған тәжірибе жетерлік, мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстары, электронды оқулықтар, электронды журнал жүйелерімен таныс.

Педагогтардың біліктілігін арттыру – білім беру реформасының өзекті мәселесі болып қала бермек және осы бағытта елімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұғалімдердің де ғаламдық көштің ағымына қарай білімдерін жетілдіріп отыруы олардың кәсіби міндеті. Біліктілікті арттыру курстарында педагогтердің кәсіби міндеттерді шешуге бағытталған жаңа әдіс-технологияларды меңгеруіне, білімі мен білігінің аясын кеңейтуге баса назар аударылып келеді. Курстарда мұғалімдердің білім алу мен кәсіби дағдысын қалыптастыру ғана емес, сондай-ақ кері байланыс орнатудың да маңызы үлкен. Курс аясында педагогтардың қызметтік салада туындайтын түрлі жағдаяттарды шешуде өзара тәжірибе, пікір алмасуына мүмкіндіктер жасалады.

Педагогтардың біліктіліктерін арттыру курстарында ең алдымен тыңдаушылардың қажеттіліктерін анықтау мақсатында сауалнамалар алынады. Бағдарлама мазмұнымен таныстырып және сауалнама нәтижесінде анықталған тыңдаушылардың білімділік сұраныстарына сәйкес мазмұндық өзара пікір алмасулар жүргізіледі.

“Өрлеу” БАҰО” АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымы заман сұранысына сәйкес біліктілікті арттыру курстары мен әдістемелік шараларды , диалогтік алаң, онлайн вебинарларды тыңдаушыларды курстан кейін қолдауды қашықтықтан оқыту жүйесінде жүзеге асырып отыр.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда ұжымдағы оқытушы тренерердің атқаратын рөлі орасан зор. Оларға жауапты міндет жүгі жүктелді: курстың бағдарламасының құрылымын дайындау оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдеу, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар беру. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл- күй, психологиялық қарым – қатынас бой көрсетеді.

 Осындай қиын кездерде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Л.Искакова басқарып отырған институт ұжымы жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарап отырғанын атап көрсеткім келеді. Оқу-тәрбие жұмыстарын жаңаша мазмұнға лайықтау, білім беру мақсатын – күтілетін нәтиже түрінде нақтылау, технологияландыру, ақпараттандыру, таңдаған бағдарына сай ғылыми-әдістемелік кешен мазмұнын жасау және жетілдіру, ұжымының жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру т.б кезек күттірмейтін мәселелер болса осы мақсат межесінен шығып келеді.

Өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір педагогтың біліктілігін кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған.  Жүйелі атқарылып жатқан шаралар, облыс педагогтарының ілімдік мүмкіндік шамасын дамытуға біліктіліктерін арттыруға, ғылыми шығармашылықтарын жетілдіруге бағытталған. Филиалдың профессор – оқытушылар құрамымен  бірлесе отырып, біліктілікті арттыру жүйесінде оқу әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша  отандық және шетелдік тәжірибе туралы ақпаратты талдау және жинақтау жұмыстарын жүргізе отырып, өзгермелі қоғамға лайық кәсіби мамандарды қалыптастырып бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру бағытындағы ауқымды жұмыстар атқарыла береді.

Қазіргі уақытта мұғалімдердің де жұмысы көбейді. Сын сағатта бірлескен  жағдайда  қашықтықтан оқытуды нәтижелі, абыроймен жүзеге асыратынымызға сенім мол.




Жорабекова Гульнур Абдукадыровна

“Өрлеу” БАҰО” АҚФ Түркістан облысы

 және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ

                                                                         «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш

 білім беру» кафедрасының аға оқытушысы


22 мамыр 2020 г. 22 861 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031