ҰБТ-2020: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР
2020 жылдың 18 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, а.ш.ғ.к Г.Д.Есентурееваның ұйымдастыруымен Мақтарал ауданының пән мұғалімдерінің қажеттіліктеріне орай, қашықтықтан қолдау көрсету арқылы ҰБТ бойынша түсінік беруді қажет ететін сұрақтар мен мәселелерді талқылау, қарастыру, әдістемелік көмек беру мақсатымен «ҰБТ-2020: өзгерістер мен мәселелер» тақырыбында ZOOM online mobile онлайн режимінде вбинар өткізілді.
Вебинар міндеттері:
ҰБТ-2020 өгерістерін қарастыру;
Биология пәні бойынша ҰБТ-да кездесетін кейбір мәселелерді шешу үшін қолдануға болатын амалдарды ұсыну арқылы әдістемелік көмек беру.
Оn-line режимінде ұйымдастырылған іс-шараға Мақтаарал ауданы (20) мен Шымкент қаласының (5) жалпы орта білім беретін мектептердің биология пәнінің 25 мұғалімі қатысып, ҰБТ-2020 өгерістері, биология пәні бойынша ҰБТ-да кездесетін кейбір мәселелерді анықтап және оның шешу жолдарын ұсыну бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Вебинар барысында қатысушыларға төмендегідей тақырыптарда баяндамалар оқылып, ой қозғалды:
- «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Есентуреева Г.Д., «ҰБТ-2020 өгерістері»;
- Абдрашова Нургул Турдалиевна - Шымкент қаласы, А.Жолдасбеков атындағы №9 лицейдің биология пәні мұғалімі, «Биология пәнінен ҰБТ-де кездесетін оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар»;
- Менликулова Парасат Турганбековна - Шымкент қаласы, №52 мектеп-лицейнің биология пәні мұғалімі, «ҰБТ да кездесетін генетикалық есептерді шығару жолдары».
Пікір алмасу нәтижесінде қатысушылар төмендегідей сұрақтарға жауап алды:
-Биыл мектеп түлектері үшін қандай артықшылықтар бар?
- ҰБТ-ға 11 сыныптың төртінші тоқсанындағы тақырыптардан сұрақ қосыла ма?
- Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу процесіндегі талаптар мен сақтық шаралары қандай?
- ҰБТ-ға қалай дайындаламын?
- ҰБТ тапсырудың қажеттілігі қандай?
- ҰБТ байқау online тестілеу арқылы дайындалу қалай жүргізілуде?
- Қиындық туғызатын тест тапсырмаларын қалай оңай есте сақтау керек?
- Генетикалық есептерді шығарудың жолдары қандай?
Вебинарды қорытындылай келе, баяндамалардың электорнды нұсқасын orleu-uko.kz сайтынан жүктеп алу ұсынылды, қатысушылар әдістемелік іс-шара дер кезінде мазмұнды өткенін атап көрсетіп, ұйымдастырушыларға және баяндамашыларға алғыстарын білдірді.
Мукимбекова Асель,
«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының PR, SMM-маманы