» » МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН КЕҢЕС БЕРІЛДІ

МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Бүгінгі таңда елімізде орын алған төтенше жағдайға қарамастан білім беру жүйесінің ең басты міндеті-білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу болып отыр. Яғни, білім беру саласында көптеген өзгерістер енгізіліп, сапалы біліммен қамтамасыз ету және қазақстандық білім беру жүйесін дамыту басты назардағы мәселе екені анық. Осы орайда 2020 жылдың 28-сәуірінде қашықтықтан оқыту үдерісінде  саралау тәсілдерін үйрету және сабақты  қысқа мерзімді   жоспарлауда  оларды қолдануға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «География» пәнін оқытуда саралау әдісін қолданудың тиімділігі» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне  ZOOM online mobile қашықтықтан оқыту онлайн режимінде  әдістемелік  кеңес  берілді.

Оn-line режимінде ұйымдастырылған іс-шараға география пәнінің көптеген мұғалімдері, атап айтсақ, Шымкент қаласынан- 9 мұғалім, Қазығұрт ауданынан- 3 мұғалім, Мақтарал ауданынан- 3 мұғалім, Сайрам ауданынан- 11 мұғалім және Созақ ауданынан- 2 мұғалім, барлығы 28 мұғалім қатысып, географияны оқу үдерісінде оқушылардың жеке қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын ескере отырып, саралап оқытуды қолданудың тәсілдері талқыланды.

Қашықтықтан оқыту барысында мектеп мұғалімдеріне оқушылардың жалпы зияткерлік қабілеттері мен логикалық ойлау деңгейлеріне қарай жасалатын тапсырмалардың түрлерімен таныстырып, саралау тапсырмаларын құрастыру   жөнінде педгогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.

Сонымен қатар, кеңес барысында  географиядағы зерттеу тәсілдерімен байланысты саралап оқыту әдісін   қолданудың маңызы айқындалып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен басқа пәндермен сабақтастық  арқылы     оқушылардың зияткерлік  деңгейін дамыту туралы ой қозғалып, төмендегідей сұрақтар талқыланды:

Мазмұны  жаңартылған  «География» пәнін оқытуда саралау әдісін қолданудың тиімділігі неде?

Оқыту үдерісін саралаудың мақсаты не?

Білім алушының нәтижеге қол жеткізуіне саралап оқытудың әсері қандай?

Сараланған оқытуды ұйымдастырғанда оқушылардың іс-әрекеттері қандай болуы мүмкін?

Пікір алмасу нәтижесінде мұғалімдермен бірге  оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау  және олардың ықылас - жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеудің қажеттілігін нақтылап,   білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасаудың жолдары қарастырылды.


Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар әдістемелік кеңес дер кезінде мазмұнды  әрі тәжірибелік деңгейде өткенін атап көрсетіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

















ТАСКАРАЕВА КАЛБИБИ АХМЕТОВНА

«Өрлеу» БАҰО АҚФ «  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы

06 мамыр 2020 г. 2 350 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031