» » МҰҒАЛІМНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ РӨЛІ

МҰҒАЛІМНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ РӨЛІ

 2020 жылдың 20 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚ институты  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының   ұйымдастыруымен заманауи білім беру кеңістігіндегі педагог кәсібінің жоғары мәртебесі мен құзыреттілігін  қамтамасыз етуде өзекті мәселелерді талқылау   мақсатымен  «Жаратылыстану- математикалық пәндерін оқытуда жаңартылған білім беру мазмұнын еңдірудегі мұғалімнің көшбасшылық рөлі» тақырыбында ZOOM online mobile онлайн режимінде семинар өткізілді.

Оn-line режимінде ұйымдастырылған іс-шараға кафедра қызметкерлері мен Шымкент қаласы және облысымыздағы  жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, информатика, биология, география және химия) пәндерінің 34 мұғалімі қатысып, жаңартылған білім беру мазмұнын еңдіру барысында жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда мұғалімнің көшбасшылық рөлі  туралы қарастырып,   мазмұны жаңартылған бағдарламаны жүзеге асыруда білім сапасын арттыру үшін мұғалімдерге ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсетілді.

Семинарға   қатысушылар заманауи  білім беру кеңістігіндегі педагог кәсібінің жоғары мәртебесі мен құзыреттілігін  айқындай отырып, оны шешудегі   өзекті мәселелерді  талқылады және әртүрлі  маңызды тақырыптарда баяндамалар оқып, пікір алмасты:

  • «Жаңартылған оқу бағдарламасымен жұмыс жасау барысындағы мұғалімнің көшбасшылық қабілеті» («Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, биология пәнінің тренері  Есентуреева Гульмира Джумановна. )
  • Оқытуды жетілдірудегі көшбасшы мұғалімнің рөлі» (Түркістан облысы, Келес ауданы АББ математика пәні әдіскері    Зейденова Рахат.   Тренер: Айдосова А.Е.)
  • «Көшбасшы мұғалім-білім сапасының негізін қалаушы» («Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, география пәнінің тренері  Таскараева Қалбибі Ахметовна.)
  • «Оқыту үдерісінде мұғалімнің көшбасшылығын арттыру» ( Түркістан облысы , Сайрам ауданы, №77 Тұран жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Эгамбердиева Махбуза Рахманкуловна. Тренер: Таскараева К.А.)
  • «Мұғалім - білім әлеміне жол көрсетуші» (Түркістан облысы, Сарыағаш  ауданы №71  жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Канаева Перизат Кабыловна. Тренер: Сугирова Б.А)
  • «Білім сапасын арттырудағы мұғалімдердің қызметі» (Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, №31 Т.Бигелдинов жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Лесова Айгуль Шариповна  . Тренер: Айдосова А.Е.)
  • «Оқытудағы басқару және көшбасшылық»  (Түркістан қаласы, М.Әбенова   жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жамалхан Әсем Үсенханқызы).
  • «Оқушының көшбасшылығы-мұғалімнің шеберлігі» («Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Айдосова Айгул Ерубаевна)

Онлайн режимінде өткен семинарда  қатысушылар  қазіргі білім беру жүйесіндегі  мұғалімнің  жай-күйін қатаң сынға алып, мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашуға тырысты, педагог мәртебесін көтерудегі басты бағыттарды анықтады. Сонымен қатар, мұғалімнің кəсіби дамуы үшін өз білгенін өзгеге үйрету барысындағы көшбасшылық пен педагогикалық қоғамдастықтың маңызы жайлы атап өтті және білім беру саласының барлық бағыттарына жаңаша көзқараспен қарап, əлем қалай өзгерсе, мұғалім де өзінің өзгеруіне мүмкіндік жасап, яғни жаңашыл болу  қажеттілігіне база назар аударды. Осыған орай «Білімді ұрпақ- ел болашағы» дегендей, өскелең ұрпақты алған білімін өз өмірінде қолдана алуға, заманына лайықты өзін-өзі басқара алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру да мұғалімнің қолында екендігі айтылды.

Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар тарапынан  мектепішілік және желілік кəсіби қауымдастық құру туралы ұсыныстар айтылып,   әдістемелік іс-шара дер кезінде мазмұнды  әрі тәжірибелік деңгейде өткенін атап көрсетті, қазіргі қиын кезеңдерде әдістемелік қолдау көрсеткен «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы ПҚБАИ ұжымына өз алғыстарын білдірді.

   
























  















































ТАСКАРАЕВА К.А.,   АЙДОСОВА А.Е.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары

22 мамыр 2020 г. 45 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031