» » Жаңартылған білім беру - заман талабы

Жаңартылған білім беру - заман талабы

Біз ұстаздар қауымы білімімізді, жаңашылдықты шәкірттерге үйрене жүріп, өзімізді де үйрететініміз рас. «Ұстаздың  білімі ойлана  қарасаң биіктей береді, үңіліп қарасаң тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», - деп Сократ айтқан сөз соның дәлелі іспетті. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл бағалау жүйесі баланы жан-жақты ізденіске ынталандырады, болашаққа жетелейді, өздігінен білім алуға үйретеді.

Еліміздің педагог қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру, білім беру жүйесіне енген жаңалықтармен таныстыру және хабардар ету мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ   Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚ біліктілікті арттыру институты  курстар ұйымдастыруда.

Жетісай қаласы, №119 жалпы орта мектебінде өткен «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша мазмұны жаңартылған курс барысында "Инновациялық білім беру  және ақпараттық технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы Таскараева Қ.А  тиімді оқытудың түйінді үш компоненті- білім беру бағдарламасы,   педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып,тиімді оқытудың оқушылар үшін маңызына назар аударды. Осы орайда ауданымыздың география пәні мұғалімдері    жаңартылған оқу бағдарламасы аясында білімдерін жетілдірді. Курс өте қызықты, тартымды, жан-жақты болды және жақсы натижелерге қол жеткізілді.Сондықтан, біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ ұжымына алғыс білдіре отырып, тренеріміз Қалбибі Ахметқызына шығармашылық табыс   тілейміз.


Кабулова  Рабия

«Тұран» мектеп-гимназиясының

география пәні мұғалімі

Жетісай қаласы

13 қаңтар 2020 г. 49 282 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 044 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 814 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930