Заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы тәрбиеленушiлердi жан-жақты дамыту
«DARAkids» жекеменшік балабақшасында 2021 жылдын 17-карашасында «Заманауи әдіс-тәсілдердi тиiмдi пайдалану аркылы тәрбиеленушiлердi жан-жақты дамыту» атты аудандык семинар өтті. Семинардың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды танымдық-тілдік дамытуда заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Жан-жакты болуға, белсенділікке баулу. Интеллектуалды дағдыларын қалыптастыру.
Семинарға ауданның мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерi мен тәрбиешілері катысты. Семинардың ашылу салтанаты балабақша музыкалык залынан бастау алып, аудандық оку-әдістемелік үйлестіру орталығының әдіскерлері мен балабақша басшысы алғысөз сөйлеп, семинар бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, сабақ көрсететін тәрбиешілерге сәттiлiк тiледi.Алғашкы ашык оқу кызметi «Р р дыбысы мен әрпі» тақырыбында мектеп алды даярлык тобының тәрбиеленушiлерi мен Садуақасова Света Жарылқағанқызынын жетекшілігімен өткізілді. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді колдана отырып, балалар өздерiнiң белсендiлiктерi мен жан-жақтылығын көрсете бiлдi. Семинар қонақтары одан әрі, вариативтік компонент «Қонақ күту рәсімі» тақырыбындағы оқу қызметiне қатысты. Бұл оқу қызметі Айтымова Рысгүл Орынбайқызының жетекшiлiгiмен ересек тобынын тәрбиеленушілерімен бірге қазақ халқының қонақ күту рәсімінің ерекше екенiн қонақтармен көңіл көтеру барысында ритмикалык жаттығуларды тиiмдi пайдаланды. Сонымен қатар, орыс тiлi мен ағылшын тілі ашық оқу қызметтерi де көрсетілді. Онда балабақша тәрбиеленушiлерi күнделiктi колданатын кинезия жаттығуы мен сиқырлы құмдардың сырымен бөлісті.
Алмагүл Исатайқызы,
"DARAKIDS " жекеменшік бөбекжай-балабақшасының құрылтайшысы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқы ауылы