» » 1400-ге жуық елордалық оқушы мектепке тегін жеткізіледі

1400-ге жуық елордалық оқушы мектепке тегін жеткізіледі

 Елорданың шет жақта орналасқан аумақтарынан балғындарды білім ордаларына жеткізу үшін 24 автобус бөлінді, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

 Елордалық білім басқармасының мәліметтері бойынша, бірінші кезекте маршруттар мектепте жүктемесі көп 3 ауданның оқушылары үшін қызмет көрсетуде. Қазіргі уақытта бұндай қызметтермен 10 елордалық мектептің 1400-ге жуық балғыны қолданады. Олардың ішінде арнайы түзету мектеп-интернаты бар.

Сары автобустар екі мектеп ауысымында кішкентай жолаушыларға қызмет көрсетеді. Бұл қызмет жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, сол себепті оқушылар бұл қызметті тегін пайдаланады. Балғындарды тасымалдауда тасымалдаушы компаниялар үлкен жауапкершілікпен қарайды. Көлік заманауи талаптарға сай, жүргізушілер қатаң іріктеуден өтеді. Олар сотталмаған, зиянды әдеттерден аулақ болу керек және еңбек өтілі анағұрлым көп болғаны дұрыс. Жолға шықпас бұрын әр автобус техникалық, жүргізушілер медициналық тексеруден өтеді.

«Биыл біздің мектепте 1100 бала білім алуда, мектеп автобустарының қызметтерін 110 бала пайдаланады. Оқушылар үшін бұл тасымалдау өте ыңғайлы, ол өз алдына сабаққа кешікпеуге септігін тигізеді. Ата-аналардың да көңілі жайлы, балам қай жерде келе жатыр екен деп уайымдамайды», - деді №78 мектеп-гимназиясы оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Құралай Дадаева.

Дереккөз:Baq.kz



08 қыркүйек 2017 г. 1 791 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 611 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930