Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан Ұлыбритания құрамасын жеңіп кетті
Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде С тобында Қазақстан Ұлыбритаия құрамасын ұтты, деп edunews.kz хабарлайды Ақпарат Агенттігі KAZ.NUR.KZ ке сілтеме жасап.
Кортқа алғашқы болып Қазақстанның екінші, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева мен дүниежүзілік рейтингіде 124-орында тұрған Кэти Бултер шықты. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, екеуінде де Путинцева жеңіске жеткен еді. Ойынның бірінші сетігде Бултер ойын соңына дейін басымдылықты сақтап қалды – 6:4. Екінші партияда керісінше қазақстандық спортшы брейк жасап, есепті 4:2-ге жеткізді. Сосын өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Путинцева қатарынан екі брейк жасады – 4:0. Содан соң өзінің екі геймін алды – 6:2. Осылайша, Юлия командасын алға шығарды. Есеп – 1:0, Қазақстанның пайдасында. Екінші кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кортқа шықты. Осыған дейін қарсыластардың екі мәрте жолдары тоқайласқан. Екеуінде де қазақстандық теннисші британдықтан айласын асырды. Бірінші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін Рыбакина дес бермей, қатарынан бес геймді алды - 6:1. Екінші сетті қазақстандық спортшы 2:0 есебімен сәтті бастағанымен, Дарт таразы басын теңестірді. Есеп 4:4 болған мезетте Елена тағы бір брейкке қол жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4. Осылайша, Қазақстан 2:0 есебімен алға шығып, жеңісті қамтамасыз етті.
Дереккөз: KAZ.NUR.KZ