» » Ағаш - табиғат көркі

Ағаш - табиғат көркі

 Мақсаты: Ағаш оның маңыздылығы, пайдасы  туралы түсініктерін кеңейту, декупаж өнерінің әдіс-тәсілдерін меңгеруді  үйрету; декупаж әдісі арқылы сәнді,көркем сюжет жасай білу қабілеттерін дамыту; табиғатты қорғауға қамқор болуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, бақылау, тәжірибе жасау, мадақтау, реджио әдісі, Модель-Фрейер ойыны, «тик-тэк-тоу», себеттер идеясы әдісі,   

«Көңіл күй» ойыны, Дары Фребеля ойын жиынытығы бойынша.

Қажетті көрнекіліктер: интерактивті тақта, дидактикалық ойындар,күрек, ақ гуашь,жіптер,кілегей,сүрткіштер,қайшы,кесілген діңгек ағашы, қылқаламдар

акриль бояулары, губкалар, гүлді сүрткіштер, ағаш бейнесі фетрдан жасалған, құстар,тырна, ұзақ,тоқылдақ, «Дары Фребеля» №7, 8, 9, 10 жиынтықтары

Тәрбиеші: Балалар, менің бүгін көңіл-күйім өте жақсы, ал сендердің көңіл-күйлерін қандай, келіңдер бір-бірімізбен бөлісейік, балалар алақандарын тәрбиеші алақанына қойып көңіл-күйлерін айтады.

-Жарайсыңдар, балалар, мен сендерді, серуенге шақырамын.

«Себеттер идеясы» тәсілі

-Балалар сөздері: күректер, су, жаратанғыш,винт, әк-әктейтін щеткалар.ұя.

осы кезде әуен орындалып, ағашқа қарай жүреміз.

-Сахнада көңілсіз ағаш бейнесі шығады, айналасында шырылдап ұшып жүрген құстар.

Тәрбиеші: балалар, мынау құстарға не болған?

Балалар: ия не болды екен?

1.құс: қайда барып қонақтаймыз?

2-құс: біздің сүйікті ағашымыз еді, бұған не болған?

Тәрбиеші: қане, сабырлық сақтайық, ағаштан сұрайық не болғанын, біреу ренжіткен болар?

Ағаш:мен биылғы қатты желден басымды көтере алмай қалдым, тамырымды қатты аяз тондырды, көктемде түбімді ешкім емдемеді, енді тамырымдағы құрт-құмырсқалар тіріліп, жеп жатыр-деп күрсінеді.

Тәрбиеші: Әрине дұрыс емес, кешірші бізді, балалар, келіңдер әлі де кеш емес, ағашқа көмектесейік.

Балалар себеттен заттарды алып  емдеуге кіріседі.

Ағаш: рахат-ай, қандай керемет, рақмет сендерге достарым, мен ризамын.

Осы кезде бір бала ұяны алып апарып іледі.

Тәрбиеші:Жарайсындар, балалар, ағаш-табиғат көркі, ағаш туралы не білесіңдер?

«Модель Фрейер» әдісі.

1.Ағашта не болады?

Тамыры, діңі, бұтақтары,сабағы, гүлі, жапырақтары

2. Ағаштың қандай болады бар?

Биік-аласа, жуан-жіңішке, көп бұтақты-аз бұтақты, тікенекті, жемісті,

3. Ағаш не істейді?

Көбейеді, жеміс береді,су ішеді, таза ауа береді, дәрі-дәрмек болады,желім береді.

4.Ағашқа ұқсамайтын нелер бар?

Тас

Тәрбиеші: жарайсындар, енді мен сендерді қызықты «Ағашты атап бер?» ойынын ойнауға шақырамын.

Ойын шарты: Айналғыш дөңгелекшеде ағаштар түрлері қойылады, бала айналдырады, нұсқау белгісі қай ағашқа түссе, сол ағашты  бала атап береді.

Тәрбиеші:  балалар, мен сендерді қызықты бақылау орталығына шақырамын.

1-тәжірибе: ағаш үгінділерін бояу.

Тәрбиеші: Бұның қажеті неде деп ойлайсындар?

4-тәжірибе: Тамырлы, тамырсыз ағашты салыстыра отырып, оны егу.

3-тәж бақылау,  ағаш кесінді сақиналарын салыстыру.санына қарай жасың ажырата білу.

Тәрбиеші:  Ағашты дұрыс отырғызған дұрыс па екен?

Тәрбиеші:кереметсіндер, мен сендерді сиқырлы шеберханаға шақырамын.

Қолөнер мұғалімі: Балалар, «Сиқырлы шеберханаға» қош келдіңдер!

Алдымен көңіл-күйлерін қандай? Мен сендерді «Көңіл-күй»қызықты ойынына шақырамын.

Ойын шарты: Ағаштан жасалған дөңгелекшелерге  балалар өз көңіл-күй бейнелерін көрсетеді.

Қол өнері мұғалімі: Ендеше осы көңіл-күймен «Декупаж» жасауға шақырамын.

Интерактив тақтасынан көрініс.Слайд Декупаж туралы түсінік беру .Бұл өнер қазіргі таңда өте кең тараған өнердің түрі. Декупаж өнері 300 жыл бұрын Венецияда пайда болған.ХVII  ғасырда-декупаж өнерінің. Қағазбен орындалатын қолөнердің дамыған кезеңі болып табылады. Бүгін біз сендермен Декупаж арқылы өз қолдарымызбен шығармашылық сыйлық жасаймыз. Ол өте қарапайым техниканың түрі болып табылады. Ол үшін сендер мені мұхият тыңдаңдар.Жұмыс жасау жолдарына түсінік беру. Жеке жұмыс жүргізу, қиыншылық тудырған балаларға көмектесу.

Қол өнері мұғалімі:Керемет балалар, өнерлі екенсіндер, енді бұл жұмыстарынды келе жатқан 8-наурыз аналар мерекесіне сыйлық етіп табыстаймыз. Аналарымызға тосынсый болсын!

Қорытындылау. Балалар ортаға шақыру, «тик-тэк тоу»ойынын ойнау.

  • Менің ойымша ағаш-жансыз табиғат, келісесіндер ме?-0
  • Менің ойымша, ағаштан оқу құралдарын жасауға болады екен, келісесіндер ме?-х

      3. Менің ойымша, сулы ағаш жанады екен, келісесіндер ме?-0

      4. Менің ойымша,ағаш боялады екен, келісесіндер ме?-х

      5. Менің ойымша,көп ағаш-орман екен, келісесіндер ме?-х

6. Менің ойымша,ағаштан жасалған сыйлықтар бағалы сыйлық екен, келісесіндер ме?-х

7. Менің ойымша, ағаштарды  сындыруға  болады екен, келісесіндер ме?-0

8.Менің ойымша,ағаштың жасын білуге болады екен,  келісесіндер ме?-х

9.Бір ағаш кессең-он ағаш ек! Деген мақал дұрыс па?-х

0

Х

0

Х

Х

х

0

Х

х

Тәрбиеші: Ендеше балалар, табиғатты, ондағы көрікті қадірлеп, бағалай білейік! 


Автор:

Ақмарал Еримшеева, 

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ  РМК

Қол еңбегі мұғалімі

Нұр-Сұлтан қаласы

05 мамыр 2020 г. 4 639 0

Похожие новости:

title
«Қысқы еңбек»
Мектеп ақпары
title
Қызықты математика!
Рухани жаңғыру және білім
title
Зат есім
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 768 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031