» » Табиғат пен адам. Лепті сөйлем

Табиғат пен адам. Лепті сөйлем

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.7.1 сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбын анықтай алады.

Сөйлем түрлерін атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын  анықтай алады.

Сөйлем түрлерін атайды және тиісті тыныс белгілерді қоя алады.

Кейбір оқушылар:

Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын өз бетінше анықтай алады

Сөйлем түрлерін атайды және қандай тыныс белгілер қояды, неліктен қойылатынын түсіндіріп бере алады.

Бағалау  критерийі

 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды

Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажыратады және сәйкес тыныс белгілерін қояды.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Жоспарланған

уақыт

               Жоспарланған іс-әрекет 

Ресурстар

Басталуы  5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 

-Балалар, біз естіген дыбыстар қайда кездеседі?

-Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Бұл көбінесе қай мезгілде болатын табиғат құбылыстары?

-Қандай өзгерістерді жиі көреміз?

-Жаңбырдың қандай пайдасы бар?

-Балалар сендер қандай мезгілді ұнатасыңдар?

-Неліктен?

-Осы жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерді білесіңдер ме?

-Жақында қандай табиғат құбылысы болды?

-Біз қай мезгілді аяқтап, қандай мезгілге өткелі тұрмыз?

 

Табиғи дыбыстарды интер тақтадан слайд арқылы тыңдатамын.

Ортасы   20 минут

           Жұптық жұмыс 

Өлеңді хормен, тізбектеп  және іштей оқып шығады.

       Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

    ..... болып, дымқыл тұман жерді басқан.

    Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

   Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан?

   Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

   Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

   Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

   Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Өлең не туралы?                                                                                   Бізді қоршаған ортаны қалай атаймыз?

Өлеңде табиғаттың қандай құбылыстары суреттелген?

Олай  болса өлеңге өз бетімізше тақырып қойып көрейік.

Дескриптор: 

Жұптық талқылау жүргізеді.

Қай мезгілге арналғанын ажыратады

Өлеңнің негізгі ойын айтады.

Тақырыбын анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Жұлдызша әдісі»(Жұптық бағалау)

  

            Топтық жұмыс 

Әр топқа постерге жазылған бір сөйлем және бірнеше тыныс белгілер көрсетілген терезешелер  беріледі. Ол сөйлемнің көңіл күйіне және дауыс ырғағына қарай топпен ақылдаса отырып анықтама жазып көрсетеді және қажетті тыныс белгіні тауып қояды.

Алақай, қар жауды

Балалар, қазір қай мезгіл

Ертең үлкен залда «Күз аруы» байқауы өтеді

 Дескриптор: 

 

Сөйлемдегі көңіл күйді анықтайды.

Қандай дауыста айтылғанын ажыратады.

Постерге анықтама жазады.

Қажетті тыныс белгіні тауып қояды.                                                         

Қалыптастырушы бағалау: «Смайликтер»(топтық жұмыс )

 

Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңі

Постер, маркер.

Сергіту сәті

2 минут

 

«Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау:Оқушылар орындарынан тұрады

Жунглида жүрміз деп елестетеді.Ауа райы өте тамаша,күн жарқырап,ыстық және қапырық болып тұр.Бір уақытта самал жел соқты,Жел көтеріліп желкіді(Оқушылар алақанын ысқылайды)

Қатты дауыл соқты қимылды күшейтеді

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (Оқушылар саусақтарын сыртылдатады)

Кенет нөсер жаңбыр құйды( Оқушылар саусақтарын қатты сыртылдатады және аяқтарын тапырлатады)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Жел басылды.

Аспан ашылды

Кемпір қосақ шашылды.

 


Аяқталуы  20 минут


Жеке жұмыс 

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай ------------------------------

көңіл күйді білдертін сөйлем түрін лепті сөйлем деп атаймыз.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай ------------------------------

мағынада айтылатын сөйлем түрін сұраулы сөйлем деп атаймыз.

Сөйлемнің айтылуына қарай ------------------------------

мақсатында  айтылатын сөйлем түрін хабарлы сөйлем деп атаймыз.

Дескриптор: 

  1. Лепті сөйлемнің көңіл күйін жазып көрсетеді
  2. Сұраулы сөйлемнің мағынасын жазып көрсетеді

Хабарлы сөйлемнің мақсатын жазып көрсетеді

Қалыптастырушы бағалау: «Өзін өзі бағалау»(Жеке бағалау)

Қане балалар, олай болса ереже құрастырып көрейікші.


 

                  Сергіту сәті 

  

      Рефлекция

 

 

 

 

 

«Микрофон» әдісі

1.Лепті сөйлем дегеніміз не?

2.Сұраулы сөйлемге мысал келтір

3.Хабарлы сөйлемнің мақсаты не?

4.Өлеңде автор бізге не айтқысы келді?

5. Бүгінгі сабақта көбіне қай жыл мезгілі туралы айттық?

6. Бүгінгі сабақтың ең қызықты тұсын ата?

7. Тағы көбірек білгің келетін тұсыңды сұрақ ретінде қойып көр.


Үлестірмелі парақшалар

Үйге тапсырма:

5-жаттығу, 101-бетте.



 

Жәудір Алтыбай,

Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Түркістан облысы, Кентау қаласы

12 ақпан 2020 г. 7 496 0

Похожие новости:

title
Сәндік натюрморт
Рухани жаңғыру және білім
title
Зат есім
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 092 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 832 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930