» » Су астына саяхат

Су астына саяхат

Мақсаты: су астындағы балықтар мен су жануарларына деген балалардың қызығушылықтарын арттыру.

Ойын, эксперимент арқылы балалардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

Теңіз балықтарының ерекшеліктері жайлы ұғымдарын кеңейту.

Балалардың ойлау қабілеттерін, бір біріне деген қамқорлық сезімдерін дағдыландыру.

Көрнекіліктер: суреттер, мнемотаблица.

Қолданатын құралдар: су құйылған ыдыс, салфетка, стақан.

Билингвальды компонент: балық-рыба, сегізаяқ-осминог, теңіз- море,

Жұмбақ: жалт, жылт еткен,

Жылғадан өткен (су)

(судың дыбысымен музыка ойналады)

Педагог: балалар сендер теңізде бардыңдар ма?

Балалар: ия,бардық

Педагог: қалай ойлайсыңдар теңіздің суы қандай?

Балалар: тұзды, жылы

Педагог: ия, ендеше қазір бәріміз теңізге барамыз, кеме теңізде қалай жүзеді?

(кеме болып жүзіп музыкамен сөйлейтін қабырғаға барамыз,қабырғада теңіз балықтары мен теңіз жануарлары бейнеленген)

Педагог: балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Балалар: балықтарды, кит, дельфин, сегізаяқ, медуза.

Педагог: жарайсыңдар! Балықтың несі бар?

Балалар: денесі,басы көзі, аузы,құйрығы, желбезектері бар.

Педагог: Керемет. Олай болса теңізге саяхатқа барамыз ба?

Балалар: ия

(жүзіп топқа барамыз, топ теңіз толқынымен безендірілген)

Педагог: ал біз теңізке келдік ,балық туралы өлең шумақтарын жаттайықшы.

(мнемотаблица арқылы жаттау)

Өлең:

Су астында балықтар

Сазан,шортан, бекіре,

Неше түрлі балық бар,

Шошытасын секірме.

Педагог: жарайсыңдар балалар!

Балалар қалай ойлайсыңдар, сендер теңізден шыққанда үстерің су болады ма?

Балалар: су болады

Педагог: қазір экперимент арқылы көрейікші.

Экперимент :(ыдысқа толтырылып су құйылады,қағаздан жасалған гүлдерді суға салғанда гулдер ашылады,балалармен гүлдердің ашылғанын бақылаймыз)

Педагог: Ал балалар бізді әрі қарай не күтіп тұр екен?

(жүзіп музыка арқылы қабылдау бөлмесіне келеміз)

Сингапур технологиясы: «Робот»

Педагог: балалар қараңдаршы мына таблицаға балықтар мен теңіз балдырларын қайталанбайтын етіп қою керек.Ал екінші таблицада балықты қойып сол балыққа,берілген сигнал бойынша жету керек.

(балалар таблицаға 5 балық, 4 балдырды үлестіріп қояды, ал екінші таблицаға сигнал бойынша алға,оңға,солға тапсырмасымен қойылған балыққа жету)

Педагог: қандай ақылдысыңдар! Ал енді әрі қарай жүзейік.(балалар музыка арқылы қимыл қозғалыспен дәлізге барады)

Педагог: балалар қалай ойлайсыңдар балықтар, су жануарлары сусыз өмір сүре алады ма?

Балалар. Жоқ, сүре алмайды.

Педагог: ия, ендеше мына суреттердің ішінен тек суда өмір сүретін балықтар мен жануарлардың түрлерін таңдап алып, балықтарды теңізге салайықшы.

Флирпчат технологиясы. (балалар теңіз балықтарын атап,суретке жапсырады)

Педагог:Керемет!

Балалар сендер ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: ия

Педагог: ендеше балықтар, медуза, кит, дельфин, су тасбақасы қалай жүзеді?

(қимыл арқылы көрсетіп смарт кабинетіне барады)

Педагог: балалар біз қандай кабинетке келдік?

Балалар: Смарт кабинеті

Педагог; біз смарт кабинетінде не істейміз?

Балалар: ойнаймыз

Педагог: балалар айтыңдаршы сендер шынайы сиқырлы балықтарды көргілерің келе ме?

Балалар: ия

Педагог: Мына есіктің әр жағында мен сендерге керемет ойын дайындап қойдым,біз смарт кабинетіне кіргенде бір бірімізді итермейміз, кезекпен ойнаймыз, жақсы ма?

Ойын: «Сиқырлы балықтар»

Рефлексия: балалар бүгін біз сендермен қайда саяхатқа бардық?

Балалар: теңізге

Педагог: кімнің есінде онда не көрдіңдер?

Балалар: балықтар,медуза,кит,дельфин т.б.

Педагог: балалар сандер керемет,ақылды, білімді балаларсыңдар,жарайсыңдар! 


Автор: 

Махамбетова Сабира Зекеновна

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

Медицина Орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК тәрбиеші

Нұр-Сұлтан қаласы

29 қаңтар 2021 г. 24 982 0

Похожие новости:

title
Күннің көзі
Рухани жаңғыру және тәрбие
title
Пішіндер әлемі
Рухани жаңғыру және білім
title
Көңілді әлем
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 208 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031