Көңілді әлем

Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ой-өрісін, эмоциялық сезімдерін дамыту. Ойын үстінде балаларды сергіте отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру.

Міндеті: Қызықты ойындар, жаттығулар арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру. Ойын түрлерін қолдана отырып, балалардың жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Психолог: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ендеше тренингімізді бастайық...

         Оң жақтағы көршіңді бір құшақта,

Сол жақтағы көршіңді бір құшақта,

Оң жақтағы көршіңе бір жыми,

Сол жақтағы көршіңе бір жыми.

Балалар өздерін таныстырады.

Психолог: Ал енді балалар екі топқа бөліну үшін ұяшық ішіндегі түстерден таңдап алыңдар. Таңдаған түстеріңмен екі топқа бөлініп, тренингімізді бастаймыз.

1-жаттығу. «Секіргіштер» ойыны

Мақсаты: Балалардың көңіл-күйін көтеру, шапшаңдыққа баулу.

Шарты: Ортаға 2 бала шығады. Екі балаға ішіне тиын салынған, үрленген шарлар беріледі. Балалар шар үстіне отырып, бір-бірімен жарысу арқылы шарды жарады. Жарылған шарлардан шыққан тиындарды ыдысқа жинайды.

2-жаттығу. «Орамжапырық» саусақ ойыны:

Орамжапырықты тураймыз

(Тік алақандармен жоғары-төмен,)

Сәбіздерді үккіштен өткіземіз, өткіземіз,

(Жұдырықтарды алақанға ұқалау),

Енді орамжапырық пен сәбізді тұздаймыз, тұздаймыз,

(Бас бармақпен саусақтың жастықшаларын кезектестіре сипалау).

Біз орамжапырықты қысамыз. Қысамыз

(Жұдырықты түйіп, ашу).

3 – жаттығу. «Қайсы сөз артық» ойыны

Мақсаты: Логикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді дамыту.

Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші балаға доп лақтырып төрт заттың атын айтады, бірақ оның біреуі артық болады. Соның артығын бала анықтауы қажет.

Сөздердің нұсқауы.

1. Қызанақ, қияр, сәбіз, қоян, шалқан;

2. Алмұрт, алма, қарбыз, доп;

3. Поезд, ұшақ, машина, аю;

4. Үстел, орындық, төсек, шәйнек;

5. Қарға, бүркіт, ара, балға;

6. Шие, жүзім, картоп, троллейбус;

7. Шаңғы, коньки, кеме, шана;

8. Шырша, аққайың, емен, бүлдірген;

9. Шатыр, есік, терезе, орамал;

10.Раушан, қызғалдақ, бәйшешек, картоп;

11. Қасқыр, түлкі, аю, мысық;

12. Автобус, трамвай, ұшақ, троллейбус;

13. Миллиционер, ғарышкер, өрт сөндіруші, балерина;

14. Қар, аяз, мұз, ыстық;

15. Аяқ, қол, бас, етік;

16. Жылан, ұлу, көбелек, тасбақа;

17. Сүт,шәй,айран, қияр;

18. Карта, тақта, оқушы, кірпі.

4-жаттығу. Психогимнастика.«Кім қалай жүреді?»

Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал орнату, белсенділіктерін арттыру.

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көл екем.

Қоян қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көл екем.

Аю қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көл екем.

Түлкі қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

5-жаттығу. Су терепиясы «Саусақтар билейді»

Балалардың алдына ыдысқа су беріледі. Әуен ойналып тұрады. Балалар суға қолын салып, саусақтарын билетеді.

6-жаттығу. Тренинг «Жар»

Мақсаты: Қарым-қатынасын нығайту, ұйымшылдыққа үйрету, жанашырлық сезімін дамыту.

Барысы: Ортаға бір сызық сызылады. Сызықтың оң жағында 4-5 бала тізбектеліп тұрады, ал сол жағынан бір балалардың қолдарын ұстап, аяқ ұшымен жүріп өткен бала алған әсерімен бөліседі.

7-жаттығу. Релаксация «Теңіз жағасындағы түс»

Балалар теңіздің шуын тыңдап жатады. (аудиожазба)

Осылай жатып олар түс көреді. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз, дағалаудағы адамдар, қайық, кеме, құстар, балықшылар, су асты тіршілігі болуы мүмкін.

8-жаттығу. Қорытынды. «Шоқ гүлі»

Балалардың бір-біріне деген жақсы тілектерін білдіруі.

Балалардан бүгінгі тренинг қалай өткенін сұрау. Балалардың көңіл-күйі қандай, алған әсерлерін сұрау.






Автор: Алмас Ақмарал Талғатқызы
"Нұрай" жеке балабақшасының педагог-психологы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті


14 қаңтар 2021 г. 1 685 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 834 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930