» » «Бақытты отбасында-бақытты балалар»

«Бақытты отбасында-бақытты балалар»

      «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігі «Үздік ақпараттық мақала» және «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурстары аясындағы "Үздік     тренинг" айдарына жарияланған мақала.                 


«Бақытты отбасында-бақытты балалар»

 (Ата-аналарға арналған тренинг)

Мақсаты: Отбасында мейірімді қарым-қатынас орнату.

Міндеттері:

  • Өз балаларын түсіну мүмкіндікттерін кеңейту.
  • Балалармен өзара қарым-қатынасты жақсы түсіну.
  • Балалармен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру.

Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, маркерлер, қағаздан жасалған жүректің макеті, түрлі-түсті қолдар, жүрекшелер, желім, әуен.

                                     Кіріспе бөлім:

«Бақытты отбасы туралы притча» видео ролик көрсету.

-Бүгінгі кездесуіміз қандай тақырыпта өткелі отыр, қалай ойлайсыздар?

(Отбасы туралы, отбасындағы қарым-қатынас туралы).

  • Отбасы-баланың өмір тәжірибесін жинақтайтын қайнар бұлақтың бастауы болып табылады. Адамдарға қамқорлық жасауды, сыйлауды, бір-бірімізді жақсы көруді осы отбасынан үйренеміз.

Бүгін біз сіздермен «Бақытты отбасында-бақытты балалар» атты тренингімізде өз баламызды танып білуге үйренейік!

Бүгінгі біздің кездесуіміз, сіздерге жақсы әсер қалдырады деген ойдамын.

                                     Негізгі бөлім:

«Алақандар» жаттығуы.

(Әдемі, баяу әуен ойнап тұрады)

Көздеріңізді жұмыңыздар, қолдарыңызды алдарыңызға қойып, алақандарыңызды ашып отырыңыздар. Мейірімді, жылы сөздерді естеріңізге түсіріп, көз алдарыңызға елестете отырып, балаларыңызға және жақындарыңызға жіберіңіздер.

Психолог бір ата-анаға келіп, өз алақанын ата-ана алақанына қояды, кезекпен келесі ата-анаға алақанын қояды. (3-4 ата-анаға барады).

Әуен тоқталады.

-Ал енді мен кімге келдім, өз сезімдеріңізбен бөлісейік.

-Сіздің жағдайыңыз қалай өзгерді?

-Бұл жаттығу бізді неге үйретеді?

Әр ата-ана өз сезімдерін ортаға салып, түрлі сауалдарға жауап береді.

Қорытынды: Балаларға үлкендер жағынан өзіне деген зейінін, көңіл аударуын өте қажет. Бір адамның алақаны, екінші адамның алақанына тигенде, екі жақты қарым-қатынас орнайды. Ешкім ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасқа кедергі жасай алмайды.

Ата-ана махаббатын балаларымыз әрдайым сезінсе, көрсе, ол балаларға шексіз бақыт әкелетінін, бүгін біз сіздермен түсініп көріп, пікірлесіп отырмыз.

Біздің міндетіміз балаларымызға аналық махаббатымызды, өз сүйіспеншілігімізді көрсете білу, жанымыздың мейірімімен жылуымызды беруге үйрену.

«Күн сәулесіндегі бала» (арт терапия элементімен).

(Ақ парақ және түрлі түсті қарындаштар таратылады)

  • Ақ парақтың ортасына шеңбер салып, ішіне балаңыздың атын жазыңыз.
  • Күннің шуақтарын салыңыз, шуақтың ішіне балаңыз қандай екенін, мінез-құлқының ерекшеліктерін, ең жақсы қылықтарын жазыңыз. (баяу әуен үнімен, ата-аналар жұмыс жасайды).

Бізде не салынды, қане сараптап көрейік. Өз баласы туралы кім әңгімелеп бере алады? (Әңгімелеген адамды тыңдаймыз).

Қорытынды: Ал қазір әр қайсымыз өз суретімізге қараймыз, бұл сіздің балаңыз, сіздің күн шуағыңыз. Және де сіз өз күн шуағыңызды бар болғаны үшін, оны аналық шексіз махаббатпен, сүйіспеншілікпен сүюіңіз керек.

   Ал қазір біз сіздермен екі топқа бөлінеміз. Әр топ өз тапсырмасын алады, және де тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.

Топта жаттығу. Әр топ өз тапсырмасын алдын-ала, орындайды, содан кейін ортақ талданады. Жұмыс уақыты 5 мин. Баяу әуен ойналады. Талдау басталғанда, әуен тоқтатылады.

№1 тапсырма.

Сөйлемді аяқтау.

     Мейірімді іс-әрекет бұл.....

     Мейірім –бұл.......

     Мейірімді адам ұқсайды..........

      Қорытынды: Біз балаларымыз үшін үлгіміз. Мейірімді іс-әрекет жасау арқылы, біз балаларға үйретеміз. Мейірімді іс-әрекетті балаңызбен бірге жасаңыз. Балаңызға көмектесу деген- бұл керемет іс екенін білеміз!

Енді екінші тапсырманы орындаймыз.

№2 тапсырма.

«Көмекші» мен «Дұшпан» арасындағы қасиетті анықтаңыз

«Көмекші» - бұл.....

(«Көмекші»-түсінігі мол, жомарт, кішірейіл, ризашылық білдіретін....).

«Дұшпан»-бұл........

(«Дұшпан»-қызғаншақ, ашушаң, немқұрайлы ұарайтын.......).

Ата-аналарға сұрақ:

-Адамдарда қандай қасиетті бағалайсыз?

-Қазіргі балаларымызда қандай қасиеттер байқалады? Неге?

«Көмекші қасиеттері» жаны таза, өзара түсінісу, сенімділік-тұлғаның құрылуына, эмоционалды жақсы орта құрады.

«Дұшпан»- отбасында адамдардың бір-біріне немқұрайлы қарауы, немқұрайлы қарым-қатынас баланы қатал тәрбиелейді т.б.

Қорытынды: Әр отбасында бала махаббатпен жылулықты, бір-біріне деген сыйластықты, сүйіспеншілікті сезіну керек.

Балаларды мейірімді етіп қалай тәрбиелейміз? Адамдарға көмек беру, қиналғанда қол ұшын беру, мейірімді іс-әрекеттер жасау арқылы, бала адамгершілік қасиетті көріп, мейірімді болып өсуге тырысады. Бұл тапсырмада өз отбасынан алған тәрбиемен, өсіп –жетіледі.

«Ұяда не көрсең-ұшқанда соны ілесің» деген қазақтың нақыл сөзі ойыма оралады.

                          

                            «Бала жаны» атты жаттығу. 

Сіздердің әрқайсыңызда жүрекше бар, жүрекшенің ішіне балаңыздың ерекше қасиетін жазыңыз, қандай болғанын қалайсыз? (баяу әуен ойналып тұрады).

Қорытынды: Балаңыздың жаны қандай ашық, әдемі қараңыз, сол сияқты ересек адамдарда ашық жарқын болу керек.

                                     Қорытынды бөлім.

-«Отбасында сенімділік қарым-қатынас формуласы» сөзіміздің соңында шығарамыз.

-Әрқайсымызда түрлі-түсті қолдар бар, өтініш, сұраққа жауап беру арқылы ішін толтырыңыз.

«Менің балам БАҚЫТТЫ болу үшін МЕН не істеймін?»

Жазылған алақандарымызды, ата-ана жүрегіне ілеміз.

Қараңыздаршы біздің ата-аналар жүрегіміз қандай үлкен, мейірімге толы ақ жарқын!

Ол біздің балаларымызға аналық жылуын, мейірімін, махаббатын, уақыт таңдамай сыйлайды. Ал біздің аялы алақандарымыз –бұл яғни қолымыз, оларды құшақтау үшін, қиын кезеңде қолдау үшін қол ұшын береміз.

Әрбір үйде, әрбір отбасында осындай жылулық жүрегі болса екен дейміз!

Жүрек жылуы-әрбір отбасында мейірімді шуағын шаша берсін!

                                       Майшам жағу:

-Ерте кезде притча болған екен:

«Жаратқан Алла топырақтан адам жаратқан  екен, сол топырақтан қолданылмаған артық қалдық қалған екен.

-Саған тағы не жасауға болады?-деп сұрайды Жаратқан Алла.

-Маған бақыт жасашы, -деді адам.

Жаратқан Алла жауап бермеді, жай ғана адамның алақанын ұстады».

-Бәрі біздің қолымызда. Балаларымыздың бақыты да, біздің қолымызда.

Мына майшамның түтінімен сіздердің уайым-қайғыларыңыз кетіп, ал майшам жылуы сіздердің жандарыңызды жылытсын.

Ал мына ата-ана жүрегі әрдайым үйлеріңізде болсын.

(Әр ата-анаға кішкентай жүрек магнит тарату).

Ал енді, бір-біріміздің қолымыздан ұстайық. Біз бірге балаларымызды бақытты ете аламыз. Біздің жасаған жұмысымыз үшін бір-бірімізге ойша алғысымызды айтайық. Ауа жинап, бірге майшамды өшірейік.

«Отбасы ән ұраны» видеоролик қарау.

                                                      Рефлекция 

Бүгінгі біздің кездесуімізден қандай  пайдалы және қызықты әсер алып бара жатырсыздар?

(Өз баламды –өз күнімдей, кең мейірімді ата-ана жүрегіміздің бір бөлігі және т.б.).


Астана қаласы 
№19 «Балбөбек» балабақшасының психологы
Жаманбаева Жанна Дарияновна
25 наурыз 2018 г. 23 352 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031