» » Ғарыш әлеміне саяхат

Ғарыш әлеміне саяхат

Кештің  мақсаты: Оқушылардың математикадан алған білімдерін шындау, олардың пәнге қызығушылығын арттыру;Оқушылардың ой-қозғауын,зейінін тиянақтау.Оқушының жеке тұлға ретінде қабілетін ашу.Оқушылардың жұмбақтың тез шешімін таба білуге,мақал мәтінін түсіне білуге баулу,мақал-мәтел,жұмбақтарды математика пәніне де қолдана білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:1.Түрлі-түсті шарлар 2.Ғаламшарлар,жұлдызшалар

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

  Бағдарламалар:

I-тур   «Бәйге»

II-тур «Жалғасын тап»

III-тур  «Кім шапшаң?»

IV-тур «Кім көп біледі?»

V-тур «Кім тапқыр?»

 «Ғарыш әлеміне саяхат»

«Математика сырлары

Қызықтырды біздерді

Сайысқа бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді»-дей келе бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер,құрметті оқушылар,ұстазадар! Сәт сапар Оқушылар  

I-тур «Бәйге » деп аталады.

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)

5. Тіктөртбұрышты фигураның ауданын қалай табамыз? (Ұзындығын еніне көбейтеміз)

6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

7. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

11. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

12. 225 нешенің квадраты? (15)

 Мекурий ғаламшарының тапсырмасы II-тур «Жалғасын тап»         

   Еңбектену,жалықпау-дей келе II-турға көшеміз.

Ойын шарты,мен мақалдың 1-ші бөлігін

Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар Ойларыңды ептілікке ораңдар.

Бұл сұраққа тереңірек мән беріп.

Ең шешеңдер ой толғайды жараңдар-деп келесі турымызды бастаймыз.

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді) (Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)

 Меркурий ғаламшарының тапсырмасы:III-тур «Кім шапшаң?» деп аталады.Бұл турда логикалық есептер шешіледі.Сайыста жеңу үшін белсеңділік танытып,берілген сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруіміз керек.

1.Домбырадағы он асықты он бала бір-бірлеп бөліп алады.Сонда бір асық дорбада қалады? (дорбасымен бірге алды)

2.Жыл он-екі айдың ішінде 30-31 сандары ауысып отырады,ал 28 саны қай айда кездеседі? (барлығында)

3.Бала қорапқа барлығы 8 өрмекші мен қоңыз жинады.Барлық аяқтар саны 54.Қанша қоңыз,қанша өрмекші жинады?(қоңызда-6 аяқ,өрмекшіде-8 аяқ бар.5 қоңыз,3 ормекші)

 Жер ғаламшарының тапсырмасы:IV-тур «Кім көп біледі?» - деп аталады.Бұл турдың шарты 1 минутта оқылған сұрақтарға жауап беру,егер жауабын білмесен келесі деп сұрақты жалғастыра бруге болады.Білімдіден шыққан сөз,  Талаптыға болсын кез Нұрын,сырын көруге Ойланып ап,айтшы тез-деп келесі турымызды бастаймыз.

1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 сағаттанеше минут бар?(60)
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)
4. Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(Сөз есеп)
5. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)
6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)
7. Азайту амалының компоненттерін ата?(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
8. 3 пен 9 – дың көбейтіндісі? (27)
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)
10. Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады) 

  Уран ғаламшарының тапсырмасы:V-тур «Кім тапқыр?» деп аталады.Алдарыңда шахмат тақтасының бір бөлігі берілген. Шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқығанда қазақ математиктерінің қанатты сөздері шығады

Жұлдыздарды санап жеңімпазды анықтау

Ең бастысы орын емес жарыста

Терең білім жеңу шарты сайыста.

Тапқырлық пен ізденісте болсаңыз

Өмірде де жетерің хақ,табысқа!-дей келе бүгінгі кештің жеңімпаздарын марапаттаймыз


































Суханова  Гульнар Каримовна
Ж.Молдағалиев атындағы №2«ЖОББМ» КММ - нің
бастауыш сынып мұғалімі

БҚО Орал қаласы





 
22 қаңтар 2019 г. 3 614 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 996 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 797 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930