» » Алматыда кітапхана түні шарасы өтеді

Алматыда кітапхана түні шарасы өтеді

 Қазанның 12 күні Алматыда С.Бегалин атындағы Орталық қалалық Балалар кітапханасында «Кітаптар сиқыры» атты кітапхана түні болады, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.


Аталған шара «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық валютамыздың 25 жылдығы және Алматы қаласы кітапханашыларының күніне орай ұйымдастырылып отыр.


Кітапханадағылар бұл іс-шараның биыл он үшінші рет өткізілетіндігін және жыл сайын «Түн» тақырыбы жас оқырмандарға қызықты болуын қарастыратындықтарын жеткізді. Айтуларынша, биылғы жылы балалар қызықты ертегілер еліне саяхат жасайды.


«2018 жылдың 12 қазаннан 13-не қараған түні оқырмандар мен қонақтарды кітапхана бұрыштарында қилы оқиғалы саяхат, тосын сыйлар мен қызықты олжалар күтіп тұр. Саяхатшылар сиқыршының үңгірінде болып, қазына іздеуге шығады. Іздеу барысында сиқырлы ақшалы банкке тап болады. Соңында кітапхана квестінде балалар құпиялы аралда зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Магиялы және сиқырлы ертегілерге саяхат басталарда қатысушылар 4 командаға бөлінеді. Олар шара соңында әр бекеттің берген тапсырмаларының бәрін орындап, өздерінің қызықты да, креативті саяхаттарын әңгімелейді», - дейді ұйымдастырушылар.


Ескерте кетейік, «Кітапханадағы Түн» іс-шарасына қатысу тек шақыру билетімен кіргізіледі.

10 қазан 2018 г. 2 043 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 603 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930