» » Киім және киімді күту

Киім және киімді күту

Сабақтың мақсаты:Киім және киімді күту жөнінде түсінігін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: 

Білімділік:Киімнің қолданылуы, оның түрмыстағы рөлі туралы түсінігін кеңейту.                                                                    

Түзету-дамытушылық:  Оқушыны өз ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыра   отырып, танымдық  ойлау, есте сақтау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын  арттыру.

Тәрбиелік:Эстетикалық талғамын қалыптастыру, жинақылыққа ,тазалыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, киім , аяқ киім түрлері, пайдалы кеңестер, слайд.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушылардыңкөңіл - күйіне, денсаулығына баса назараудару.
2. Жоқоқушылардыбелгілеу, кезекшілердіанықтау, құралдардытексеру.
Мотивациялықкезеңі:

Қане, «Шаттық шеңбер»- деген тақпақты айтайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Қонақтарды құрметтеп.

Бас иеміз біз.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Сурет бойынша  жұмыс.

Сурет бойынша аяқ киімдерді тазалау ережесін қайталау.

Мұғалім:

- Балалар, мына суретке қараймыз

- Ненің суреті?( Аяқ киімнің.).

- Аяқ киім таза ма? (Жоқ.)

-Аяқ  киім  тазалау ережесіне сай суреттерді  рет- ретімен тауып  қояйық.

( Өте жақсы, балалар!)

III. Жаңа сабақ:

1.Ребус  шешу:

-Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін, ребусты шешуіміз керек.
- Бұл не?

- Бұл көз.
- Соңғы екі әріпті алып тастаймыз. Қай әріп қалды?
- «К»- әрпі
- Бұл не? - пима

- Бірінші,соңғы екі әріпті алып тастаймыз. Қай әріп қалды?

- «И»- әрпі
- Бұл не? Бұл тіс.
- Бірінші және соңғы әріптерді алып тастаймыз. Қай әріп қалды?

- «І»- әрпі
- Бұл не?
- Бұл мысық .
- Соңғы  төрт әріптерді алып тастаймыз. Қандай әріп қалады?

- «М»- әрпі

-Дұрыс, енді қандай сөз шықты дауыстап бірге оқиық(киім)

-Сонымен балалар,  бүгінгі сабақтың тақырыбы киім және киімдерді күту.
2.Слайдтағы суреттер  бойынша  әңгімелеу( Киімдердің  суретін көрсету, сұрақтар қою )

Мұғалім:

-Бұл не? (Киімдер,ілгіш , киім тазалайтын щетка, )

-Дұрыс,балалар,бұл киімдер, киімді тазалауға арналған құралдар.

Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым. Киім бұл адамға ең қажетті зат.Аязда тоңып қалмау үшін,жаңбырда су болып қалмау үшінкиім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды.Киім түрлері адамның жасына, ұл- қыз ерекшеліктеріне және жыл мезгілдеріне сәйкес болады.

-Қазір қай мезгіл?(Күз)

-Күн қандай? (Салқын)

-Суретке қараңдаршы, далаға шыққанда балаларқандай киім киіпті?

(Куртка,шапка,етік.)

Ия, дұрыс күзде, көктемде, күн салқындайды, сондықтанда біз жылы киінеміз.

-Келесі суретке назар аударайық.

-Суретте қай мезгіл? (Қыс)

-Қыста күн қандай? (Аяз.)

-Күн суықта,  аязда балалар қандай киім киіпті? (Тон, қалың  куртка, малақай,пима, жылы етік,)

-Дұрыс, қыста күн суықта біз қалың  киінеміз.

-Келесі суретке назар аударайық.

-Бұл қай мезгіл? (Жаз.)

-Күн қандай?(Ыстық.)

-Суретке қараңдаршы,  күн ыстықта балалар қандай киім киіпті? (Шорты,юбка,футболка,жеңіл көйлек,жаздық аяқ киім.)

-Балалар сонымен біз киім түрлері  жыл мезгілдеріне сәйкес болатынын білдік.

-Балалар,жаңбыр жауғанда,қар жауғанда біздің сыртқы киімдеріміз су болып қалады.Сондықтанда біз сыртқы  киімдерімізді дұрыс күте білуіміз  керек.

Мысалы,қар ұшқындарын немесе жаңбыр тамшыларын кетіру үшін киімді немесе бас киімді шешкен соң сілкіп жібереміз. Пальтоны және басқа да сырт киімді біртегіс кебуі үшін ілгішке іліп қоямыз. Бір пальтоның үстіне екінші пальтоны ілуге болмайды.Киімдер шаң болғанда, дақ түскенде киім щеткасымен тазалаймыз.

 

1.Практикалық жұмыс:

Балалар,біз жаңа айтқандай жаңбыр жауғанда киімдеріміз су болып қалады.Енді киімдерімізді шешіп ілгішке ілу керекпіз.

-Киімдеріміз су, не істеу керек?

-Кім көрсетеді?(Балалар киімдерді сілкіп ілгішке іледі)

-Ал,егер пальтомыз шаң болса,дақ түссе не істейміз?

-Киім щеткасымен тазалаймыз.

2.Дидактиқалық ойын:  (Оқушыларды үш топқа бөліп, қағаз куыршақты жыл мезгіліне сай киіндіріп, тақтадағы жыл мезгілдерінің суреттеріне сәйкес қою)

 

I-топ күз мезгіліне сай қағаз қуыршақты киіндіру.

II- топ қыс мезгіліне сай қағаз қуыршақты киіндіру.

III- топжаз мезгіліне сайқағаз қуыршақты киіндіру.

V.Сергіту сәті:
(Видеоға қарап қимыл-арекеттерін қайталаймыз )

VI. Бекіту:

Дидактикалық ойын:«Кімге арналған киім?»

 

 

Мақсаты: Балалардың зейінін, логикалық ойлауын дамыту.

Шарты: Ұлмен қыздың киімдерін араластырып қоямыз,қыз баланың киімінің үстіне гүлді, ұл баланың киімінің үстіне жапырақты жабыстырамыз.

Балаға сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау:

VI. Қорытынды:

-Балалар,бүгін не туралыөттік?

 -Сендерге сабақ ұнадыма?

VII. Үйге тапсырма:

1.Киімдердің кескінін бояп келу




Акбергенова Асемгуль Семейгазыновна

«Қосалқы мектеп-интернат» КММ - нің

мұғалім-дефектологі

ШҚО, Семей қаласы
07 ақпан 2019 г. 10 142 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031