» » Өндірістік жарақат және кәсіби науқастану

Өндірістік жарақат және кәсіби науқастану

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Өндірістік жарақат пен оның түрлерімен, кәсіби науқастың пайда болу себептері мен  алдын –алу жолдарын таныстыру .

Тәрбиелілік:  Оқушыларды  шыдамдылыққа тәрбиелеу, еңбекке, шығармашылыққа  баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу және жарақат түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушының кәсіптік бағдарға қызығушылығын арттыру,    ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс - жүзінде көрсетуге  ықпал ету.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: топтық оқыту, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Пәнаралық байланыс: тарих , құқық, әлеуметтану, физиология,физика, химия, медицина.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, ТСО, интерактивтік тақта

 

Қолданылған әдебиеттер:

«Еңбек жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңы

«Еңбекті қорғау жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңы

Кузнецов Ю.М. Охрана труда на автомобильном транспорте.- М.: Транспорт, 1990г.-288с.К.М.Акопян,Ю.И.Наумов                                                                            

Об автомобильном транспорте. Закон Республики Казахстан. - Алматы: ЮРИСТ, 2003.-28с.

6.  Малов Р.В. и др. Автомобильный транспорт и защита окружающей среды.

         - М.: Транспорт, 1994г.-113 с.

     7.  Жаданов Н, Құдайбергенов Н.Бэ

            «Еңбек қорғау» Астана: Фолиант, 2008 – 200б

     8.   Әбдіров А, Сейфуллина Ғ 

          «Қауіпсіздік техникасы» Астана: «Фолиант»,2010 – 120 б

 

Сабақтың құрылымы.

1

2

3

4

5

6

7

8

Уақыты

2

3

10

10

15

25

12

3

 

 

 

Сабақтың барысы

Сабақ мазмұны

Мақсаты

 

Оқытушы  қызметі

Оқушы қызметі

1.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы көңілін сабаққа аудару

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру.

Оқу құралдарын түгелдеу.

2.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндетін хабарлау.

Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Сабақ  мақсатымен, барысымен таныстыру,

сабаққа дайындалу.

3

Жалпы білімдерін қайталау және  тексеру

 «Ой шақыру» тренингі

 Оқушылар  білімін жан – жақты тексеру, қызығушылығын арттыру.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Топтардың барлығы да жауап береді.

4

І- кезең

«Бәйге» лездеме сұрақтарға жауап беру

Оқушылар  білімін жан – жақты тексеру, қызығушылығын арттыру.

Өтілген тақырыпқа сәйкес сұрақтар қою

Сұрақтарға жауап беру

5

IІ- кезең

 Үй тапсырмасын тексеру.

«Тірек сызбалар құру» ойыны

Оқушының өз бетінше тірек сызба дайындап, білімін жүйелендіруге ұмтылдыру.

.Топтарға тапсырманың шартын түсіндіріп, ойынды ұйымдастырады.

 Оқушылар берілген тапсырма бойынша тірек сызбалар дайындап, топтың бір мүшесі қорғайды

6

  Жаңа тақырыпты түсіндіру

Өндірістік жарақат пен оның түрлерімен, кәсіби науқастың пайда болу себептері мен  алдын –алу жолдарын таныстыру .

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа тақырыпты конспектілеу.

7

IІІ-кезең

Жаңа сабақты бекіту

 « Cәйкесін тап. »

Оқушы шапшаңдыққа, бастаған істі мұқият аяқтауға үйрету, іскерлікке, есте сақтау қабілетін дамыту.

Жаңа тақырыпқа сай тапсырма  беру, оқушы жұмысын бақылау.

Талапқа сәйкес тапсырманы орындау.

8

Үйге тапсырма беру

Оқушы білімін бір жүйеге келтіру.

Сабақты қорытындылау

Оқытушы кеңестерінен нәтиже шығару.

9

Сабақты қорытындылау. Бағалау.

Сабаққа жақсы атсалысқан оқушыны  бағалау, оқушы белсенділігін  арттыру

 Оқушы білімін бағалау. Сарапшыға сөз бере отырып, қорытындылау.

Оқушының өз ойларын айту.

Сабақтың барысы.

 

I. Ұйымдастыру кезеңі 

1. Оқушылармен сәлемдесу

2.Кабинет тазалығын тексеру

II. Сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндетін хабарлау 

ІІІ. Жалпы білімдерін қайталау және  тексеру «Ой шақыру» тренингі. 

Құрметті оқушылар «Еңбекті қорғау» пәні жалпы нені қарастырады? Бәріміз бір ауыздан жауап берейік

 

І - кезең «Бәйге» лездеме сұрақтарға жауап беру

Еңбек жағдайы дегеніміз не? 

Еңбек жағдайы дегеніміз – еңбек ету кезінде адамның дансаулығы мен еңбекке қабілетіне әсер ететін өндірістік факторлардың жиынтығы

Қауіпті өндірістік факторлар деген не?

Қауіпті өндірістік фактор-арнаулы жағдайда жұмысшы ұшыраған жарақат немесе кенеттен денсаулығы нашарлануына әсер ететін өндірістік фактор.

Зиянды өндірістік факторлар деген не? 

Зиянды өндірістік фактор-оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік факторы

 4. Техника қауіпсіздігі дегеніміз не? 

    Техника қауіпсіздігі - қауіпті өндірістік факторлардың жұмысшыға әсерін болдырмауға көмектесетін техникалық құралдар мен ұйымдастырушылық шаралар жүйесі.

 5. Өндірістік санитария дегеніміз не?

Өндірістік санитария-зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық,ұйымдастыру іс –шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.

6. Еңбек гигиенасы дегеніміз не?

Еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау,өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық гигиеналық шаралар мен құралдар кешені.

7. Құқықтық бөлімде не қарастырылады?

Құқықтық бөлімде – еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі және еңбек заңдарында қарастырылатын әлеуметтік экономикалық шаралар мен заң актілері қарастырылады.

8. Физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға не жатады?

Оған: қозғалыстағы машиналар мен механизмдер, станоктар мен стендтер, жұмыс орнының шаңдануы мен газдануы, температуралық режим, шу, діріл, қысым, ылғалдылық, жарық.

  9. Техникалық және ұйымдастыру факторлары дегеніміз не?

Еңбек жағдайының материалдық- заттай элементтерін қалыптастыруға тікелей әсер ететін факторлар.

10. Жұмыс уақытының бірқалыпты ұзақтығы аптасына қанша болып белгіленген?

 40 сағат

 

IІ - кезең. Үй тапсырмасын тексеру.   «Тірек сызбалар құру» ойыны

Әр топқа берілген тақырыпқа сәйкес тірек сызбалар дайындап, топтың бір

мүшесі қорғауы тиіс.

Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Өндірістік жарақат  және оның түрлері

2. Кәсіби  аурулар

3. Өндірістік жарақат алуды және кәсіби ауруларды азайту жолдары

  •          1.  Өндірісте еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауынан, еңбек тәртібін бұзу салдарынан, техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан және бақылаудың әлсіздігінен өндірістік жазатайым оқиғалар болуы мүмкін. Әрбір жазатайым  оқиға  технологиялық үрдістерді орындау кезінде туатын қатерлі жағдайдың нәтижесі болып табылады.Кез – келген жазатайым оқиғада көптеген себепші факторлардың арасынан оны тікелей тудырушы факторларды атап өтер болсақ, бұған қауіпті әрекетпен қауіпті жағдай жатады.
  •          Қауіпті әрекет – жұмысшының (оператордың, жүргізушінің, слесарьдың, токарьдың) нақты жағдайдағы кәсіптік қимыл нормасына сәйкес келмейтін әрекет жасауы.
  • Қауіпті жағдай -  өндірістік ортаның қабылданған нормаға сәйкес келмейтін әрекет жасауы.
  • Егер қауіпті әрекеттер бүтіндей адамға тәуекелді болса, онда қауіпті жағдайлар машиналардың жіктелмегендігінің салдары болуы мүмкін.
  • Қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен жұмысшының кездейсоқ оқиғаға ұшырауы өндірісте болған қайғылы оқиға деп аталады.
  • Егер жұмысшы жұмыс кезінде өзінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан жарақат алса, ол өндірістік жарақаттану деп аталады.Өндірістік жарақаттаануға жұмысшының сол мекеменің көлігімен жұмысқа барар жолда немесе қайтарда алған жарақаты жатады.
  • Ал, жұмысшының мас болуы, ұрлық жасауы кезіндегі , болмаса әкімшіліктің рұқсатынсыз жеке басының қажетін өтеу кезінде алған жарақаты өндірістік жарақатқа жатпайды.
  • Қоғамдық тапсырмаларды орындау кезінде, адамдарды құтқару кезінде және жұмысқа бару немесе жұмыстан қайтар жолда, яғни жалпы көлікпен жүрген кезінде алған жарақат жұмысқа байланысты деп есептеледі.
  • Жұмыстан бос уақытта алған жарақат тұрмыстық жарақат болады.
  •      Еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан жұмысшы жарақат алады.Зақымдануына байланысты жарақаттың келесі түрлері бар:
  • еттің созылуы, дененің бір бөлігін жұлып алу,
  • буынның шығуы, созып алу,
  • қан кету,
  • сыну,
  • күйік(термиялық,электрлік,химиялық),
  • улану(газдан,улы сұйықтықтардан),
  • үсу.
  • Жарақаттар көрінетін белгілермен болуы мүмкін: жара,терінің жырылуы,ашық сынулар.Сондай-ақ көрінбейтін белгілер:газдармен улану, электр тогының соғуы,бастың шайқалуы.
  •   Жарақаттар жеке (бірғана адамның жарақаттануы) және топтық(бір уақытта екі және одан көп адамдардың жарақаттануы)болады.
  • Адам ағзасының зақымдалуы дәрежесіне қарай өндірістік жарақаттар 4 топқа бөлінеді:
  • 1)Кішкентай жарақат еңбекке қабілеттілігін жоймайтын,адам тересінің зақымдалуы
  • 2)еңбек қабілетінен уақытша айыратын,жұмысшының денсаулығы емдеуді қажет ететін жарақат.
  • 3)ауыр денелермен зақымдалған,еңбекке қабілеттілігі(кәсіптік) уақытын ұзақ уақытқа жойылуы және басқа жұмысы уақытша немесе тұрақты ауысуы.
  • 4)өлім тудырумен аяқталған жарақат.
  •          Өндірістік жарақат жұмысшыға әлеуметтік және экономикалық,физиологиялық және моральдық әсерін айта кету керек.
  • Әлеуметтік зиян-адам денсаулығының нашарлауы және еңбекке қабілеттінің төмендеуі;мамандығына,жұмысына деген қызықпаушылықтың проблемасы;ұжымда әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастың нашарлауы. Бұдан басқа өндірістік қайғылы жағдайдан зақымданушы моральдік және психофизиологиялық зияндарды басынан өткізеді.
  • Экономикалық зиян-оқиға болған мекемеге немесе тұтас алғанда халық шаруашылығына әкелетін материалдық шығындар.
  • Моральдік зиян-бұл жеке жарақаттанғанның немесе өліммен аяқталатын жағдайларда ештеңемен орнын толтыра алмайтын жарақатпен байланысты.
  • Психофизиологиялық зиян-жарақаттанған адамның орнына келуіндегі бірнеше күн ішіндегі зиян болып саналады.
  • Улы заттармен жұмыс әсерінен денсаулықтың нашарлануы кәсіптік улану деп аталады.Кәсіптік(жарақат)аурулар ішінде көсіптік улану жиі кездеседі,олар қауіпті және созылмалы болуы мүмкін.
  •          2. Адам денсаулығының біртіндеп нашарлауы,соңында қолайсыз жағдай туғызатын,өндірістік жағдайлармен (зиянды сәулелер,діріл) немесе улы заттардың(өндірістік улы және шаң) әсерінен болатын ауруды кәсіптік науқастану деп атайды. Кәсіптік улану кәсіби науқастанудың ерекше түрі . ҚР – ң Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби науқасқа жататын аурулардың тізімін бекіткен.
    • Өндірістік зияндар сипаттамасы.
    • Зиян әсерінен болатын кәсіптік аурулар
    • 1
    • Қалыпты метеорологиялық режимнің бұзылуы; салқындау,ысу т.б.
    • Үсу, жылу соғу, созылмалы артрит
    • 2
    • Атмосфералық қысымның қалыпты жағдайдан ауытқуы:төменгі және жоғарғы қысымдағы жұмыстар
    • Кессондық ауру,сыртқы қан құйылулар
    • 3
    • Өндірістік шуылдың жоғарлауы,шектеулі деңгейден дауыс қаттылығының асуы
    • Шу ауруы, естудің төмендеуі, саңырау болу,созылмалы ларингит.
    • 4
    • Санитарлық өлшемнен асатын,параметрлік өндірістік дірілдер
    • Дірілдік аурулар, ангиноневроз
    • 5

    Ауадағы шаңның көтерілуі

    • Пневмоконизм,силикоз, антракоз,сидероз, бронхалық астма т.б.
    • 6
    • Улы заттармен материалдар әсері
    • Қауіпті және созылмалы улану, пневмосклероз, терінің күюі,химиялық күйік.
    • 7

    Үнемі көруге күш түсіру туғызатын жарықтың жетіспеуі

    • Көрудің әлсіреуі,алыстағыны, жоғарыдағыны көрмеу
    • 8
    • Бұлшық еттерге ұзақ уақыт күш түсіру
    • Тамырдың кеңеюі,нервит, созылмалы артрит, тормбофебитбер, нервит.
    • 9
    • Энергия сәулелері (инфрақызыл сәулелер,жоғарғы жиілікті токтар)
    • Көз аурулары: катаракті,
    • конъюктивит
    • 10
    • Ионды сәулелер, радиоактивті заттар және изотолдар,ренгендік сәулелер әсері.
    • Терінің зақымдалуы: дерметит, қышыма,қотыр,
    • жара сәулелік аурулар

    •         
    • Бірнеше жыл ішіндегі өндірісітік жарақат алудың себептерін талдау, қауіпсіздік ережелері мен шараларын қасақана бұзушыларды анықтау, қауіпсіздік техникасының күйін тұрақты бақылау, еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау саласында қол жеткізген табыстары үшін жұмысшалар мен инженер – техникалық қызметкерлерді моральдық әрі материалдық ынталандыру, әрбір жазатайым оқиғаны залал шеккен адамды қатыстыра отырып мұқият текеру әрі талдау жасау өндірістік жарақат алуды азайтудың негізгі жолдары болып табылады. Сонымен қатар, еңбекті жоғары сапалы ұйымдастыру, айқын нұсқау беру, жұмысшыларды жүйелі түрде қайта даярлау мәселелерінің маңызы ара түспек.Еңбекті ұжымды түрде (цех, бригада, учаске) ұйымдастыру кезінде жарақат алу себептерін сақтандыру оңай, өйткені әрбір қызметкер  жолдасының қарауында болады, егер қандай да бір қателік жіберілсе ол дереу түзетіледі.
    • Еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау мәселелеріне ұйымдастыру-техникалық  шараларымен қатар адамның психикалық – физиологиялық ерекшелігі , жұмыс уақытын пайдалану дәрежесі факторлары жатады.
    •    
  • Ақтөбе қаласы

     арнайы пән оқытушылары

    Ақтөбе политехникалық колледжі,

    Каналин Қойшыбай 

    Сарина Лаура,

    Гульзада Капина,

    Сабақ қорытындысын шығару.Оқушыларды бағалау.

    ІХ. Сабақты қорытындылау.Бағалау

    Конспектіні оқу. Кәсіп түріне байланысты кәсіптік аурулар жөнінде мәнжазба дайындау

    VIІІ.Үйге тапсырма беру.

     

                     6 - Экономикалық зиян

                     5 - кәсіптік ауру

                     4 - Жұмысқа байланысты жарақат

                     3 - Өндірістік жарақат

                     2 - Физикалық, химиялық, биологиялық,, психофизиологиялық

    Жауабы:  1 – Тұрмыстық жарақат

    Сұрақтары

    Жауабы

    1

    Жұмыстан бос уақытында алған жарақат қалай аталады?

    Өндірістік жарақат

    2

    Еңбектің қауіпті және зиянды жағдайларын тудыратын өндірістік факторды атаңыз?

    Жұмысқа байланысты жарақат

    3

    Мекеменің көлігімен жұмысқа бара жатқан немесе қайтарда алған жарақаты қалай аталады?

    Тұрмыстық жарақат

    4

    Қоғамдық тапсырмаларды орындау кезінде алған жарақат қалай аталады?

    Экономикалық зиян

    5

    • Адам денсаулығының біртіндеп нашарлауы,соңында қолайсыз жағдай туғызатын,өндірістік жағдайлармен немесе улы заттардың әсерінен болатын ауруды не деп атайды?

    Физикалық, химиялық, биологиялық,, психофизиологиялық

    6

    Оқиға болған мекемеге немесе тұтас алғанда халық шаруашылығына әкелетін материалдық шығындар?

    кәсіптік ауру

    Берілген тапсырмаларға сәйкес жауап береді. Тапсырма жылдам орындалу керек.

    VIІ.  IV- кезең  « Сәйкесін тап? »  ойыны.


Гульзада Капина,

Сарина Лаура,

Каналин Қойшыбай 

Ақтөбе политехникалық колледжі, 

арнайы пән оқытушылары

Ақтөбе қаласы

18 сәуір 2018 г. 29 476 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 720 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 338 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930