» » САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ: ІЗДЕГЕНГЕ - СҰРАҒАН

САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ: ІЗДЕГЕНГЕ - СҰРАҒАН

Ағымдағы жаңа оқу жылы әлемде болып жатқан пандемияға байланысты қашықтықтан өткені барлығымызға мәлім. Сондықтан бізге осындай уақытта көмекке келетін «Өрлеу» ұлттық орталығы тренерлерінің әзірлеген сандық білім беру ресурстары.

Сандық білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Олар оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндіруді, интерактивтік тапсырмаларды және тестілік сұрақтарды қамтиды.

Сандық білім беру ресурстарының құрылымын мұғалім оқыту үдерісі кезінде қолдана алады: жаңа материалды түсіндірген кезде, материалды бекіту және меңгеру деңгейін бағалау кезінде, өз бетімен оқу, орындау және өз-өзін бағалау кезінде

Сандық білім беру ресурстарымен үй тапсырмаларын орындау кезінде жұмыс істеуде терең ойлау, өткен эпизодтарға қайта оралу мүмкіндіктері тән – бұл материалды толық түсіну мен есте сақтауға көмектеседі.

Сандық білім беру ресурстарын қолдану сабақты түрлендіруге, оны мазмұны жағынан қанықтыра түсуге, оқытудың көрнекілігін қамтамасыз етуге, сабақтың қарқынын арттыруға, оқуға деген уәждемені туындатуға, оқушылардың дербес жұмыстарын жаңа ұйымдастырушылық деңгейде басқаруға, оқытудың дараландырылуын арттыруға; оқушылардың жұмыс нәтижелерін компьютерлік тестілеудің көмегімен бағалауға, жауаптарды тексеру үдерісін автоматтандыруға, мұғалімнің субъективті пікірін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Сандық білім беру ресурстарын пайдалану оқушылардың жеке дербес қызметін жүзеге асыруы үшін, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруге қолайлы жағдайлар тудыра алады

Қазіргі уакытта «Өрлеу» Ұлттық орталығымен бірлесе жасалған сабақтардың дайын сілтемелері бар. Мұғалімге өте ыңғайлы, пайдалы, тиімді деп айтсам артық болмайды. Сөзімді қорыта келе, «Өрлеу» ұжымына  үлкен алғыс білдіремін. Шығармашылық табыс тілеймін. 


Автор: 

Нұрбахыт Жартыбаева,

№35 М.Мәметова атындағы ЖОББМ-нің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

18 қыркүйек 2020 г. 13 113 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 820 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930