» » Оқу үдерісінде бейнесабақтарды пайдаланудың тиімділігі

Оқу үдерісінде бейнесабақтарды пайдаланудың тиімділігі

Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін қандай тәсілдерді қолданған дұрыс?

Оқушыларға сапалы білім беру, олардың өздігінен ізденуіне бағыт беру үшін не істеу керек?

Уақытты тиімді пайдаланып, сабақты мазмұнды да тартымды етіп өткізудің қандай тиімді жолдары бар?

Жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдерді осы сияқты сан алуан сұрақтардың мазалағаны анық. Бізге, Мұнайлы ауданының №14 орта мектебі мұғалімдеріне осындай күрделі кезеңде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ мамандары вебинар өткізіп, әдістемелік қолдау көрсетті деп хабарлайды, edunews.kz Ақпараттық агенттігі.

Вебинарда қашықтықтан оқыту жағдайында оқу үдерісінде видео ресурстарды қолданудың тиімділігі жайлы айтылып, YouTube-тегі «Өрлеу» білім беру арнасындағы орта мектептің барлық пәндері бойынша дайындалған 5000-нан астам сандық білім беру ресурстары ұсынылды.

Жаңа оқу жылынан бастап, біздің мектебіміздің мұғалімдері осы бейнесабақтарды қолдануда. Солардың бірі мен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рысты Өтепберген, бүгінгі күні сабақтарымда осы ресурстарды пайдаланып жүрмін. Балалар өте жақсы қабылдауда. Бейнесабақтарды қолдану арқылы сабаққа өткізу жеңіл әрі уақытымызды тиімді пайдалануға көмектеседі.

Көркем дайындалған сабақтар оқушы назарын өзіне аударып, қызығушылығын тудырады. Әр сабаққа лайықтап жасалған бейнематериалдар бірін-бірі қайталамайды. Сабақты түсінумен бірге орындалған тапсырманың дұрыстығын тексеруге де мүмкіндік жасалған.

Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың танымдық логикалық ойлау қабілеті артады. Сабақтардың мақсаты да айқын, дұрыс қойылған. Әр тапсырмадан кейінгі қойылған бағалау критерийі мен дескрипторлары оқушыны шынайы бағаға талаптандырады.

Осындай мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де, ата-ана үшін де пайдалы ресурстарды дайындап ұсынып, қашықтан оқыту жағдайында үлкен көмек көрсетіп отырған «Өрлеуліктерге» алғысымды білдіре отырып, әріптестерімді YouTube-тегі «Өрлеу» білім беру арнасындағы сабақтарды пайдалануға шақырамын.


Автор: Рысты Өтепберген, 

Маңғыстау облысы, 

Мұнайлы ауданының №14 орта мектебінің мұғалімі

18 қыркүйек 2020 г. 5 470 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031