» » Домбырашының оқытудың жалпы мәселелері

Домбырашының оқытудың жалпы мәселелері

Көп жылдық ұстаздық жолда шәкірт тәрбиелеуде музыкалық шығармалардың мазмұнын, көркемдік дәрежесін түсіндіру-оның ішкі сырын, көңіл күйі арқылы сезу, беріле орындау деген ұғымды ұғыну.

Профессионал – домбырашы даярлау міндеті, оқытушыдан оған оқып жүрген кезде – ақ түрлі – түрлі жанрды және стильде жазылған музыкалық шығармаларды беруді талап етеді. Домбыра – қазақтың халық музыка аспабы. Қазақ халқы күйге бай. Күй – симфония.

     Сондықтан болашақ домбырашының репертуарында күй мол болуы қажет. Ол күйді орындағанда бабына келтіріп, тамылжыта, тебірене орындауға міндетті. Әрине, бұған қарап, домбырашы репертуарын тек күймен ғана емес тек күймен ғана шектеп қоюға болады деген ұғым болмауы керек. Қайта оқытушы оқушысына күймен қоса, халықтың әндері мен билерін, домбыраға лайықтап түсірілген орыстың, Батыс Европа классиктерінің, совет композиторларының халықтарының түрлі характердегі музыкалық шығармаларын беруге міндетті. Қазіргі уақытта, домбырашыларымыз өз аспабына лайықтап түсірілген немесе төркіндес басқа аспапқа түсірілген музыкалық шығармаларды көптеп ойнап жүр. Бұл өте қуанарлық жәй. Мұның өзі болашақ музыкант – домбырашылардың музыкалық ой – өрісінің өсуіне, техникалық шеберлігінің жетілуіне бірден - бір септігін тигізеді. Дегемен, ондай шығармаларды орындауда, басқа шығармаларды фортепиано сүймелдеуімен домбыраға лайықтап түсіруде (переложение) мұқият болуымыз керек. Мұның көптеген сырлары бар. Біріншіден, басқа шығармаларды домбыраға түсіруде ең алдымен, домбыраның техникалық мүмкіншілігін, оның дыбыс бояуын ескеруіміз керек.

     Ең бастысы аспаптың үніне, дыбыс бояуына еліктеу  емес, домбыраның өз ерекшелігіне байланысты оның бар мүмкіншілігін пайдаланып жаңа саз, жаңа дыбыс көркін шығаруда. Екіншіден, фортепиано фактурасына көп назар аудару керек. Фортепиано фактурасы домбыра партиясына лайықталған болу керек, бір жағдайда оны жеңілдетуге де болады, бірақ композитор стилін, оның негізгі творчестволық ойын бұзуға болмайды. Музыка аспабы, оның ішінде домбыра, күнбе-күн дайындалуды талап етеді. Домбыра бір күн ойнамайды деген  ұғым, он саусақтың өнері «қашты» деген сөз. Сондықтан бір күн ойнамай, екінші күні «төпелегеннің» орнына, азда болса күнбе-күн 2-3 сағат саусақтарды жаттықтырып, дайындалып отыруды әдетке айналдыру керек.   Мұндай тәртіпке баулу - оқытушының міндеті. Оқушының аспапқа ойнап дағдылануы, сүйсіне жұмыс істей білуі, оқытушының үйреткеніне, қойған талабына байланысты. Әрине, тек оқытушы тарапынан әрдайым «нұсқау» күтіп отыру, оқушы үшін лайық емес. Таланттың тек еңбекпен өсіп,  дамитынын оқушы уақытта естен шығармауы тиіс. Кездескен қиыншылыққа мойын ұсынып, оған немқұрайды қарауға болмайды. Домбыра сырын игеру, оны «сөйлету», «инемен құдық қазғандай». Демек, өз бетімен болсын, оқытушының айтуымен болсын, орындаушы – домбырашының қиындықты жеңе білуі, шығарма ерекшелігін түсініп, оны тыңдаушыларға шынайы жеткізе білуі болашақ музыканттың абыройлы міндеті болып табылады. Сонымен қатар, тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың үлкен педагогикалық мәні бар. Әрбір оқу жылының басында жасалатын жұмыс жоспарында оқушы не үйренуі керек, қанша шығарма игеру тиіс, қандай тәрбие жұмыстары өткізілуі керек – міне осындай мәселелер қамтылады. Жұмыс жоспарында оқытушы оқушының жалпы білімі, сабақ үлгеруі, музыкалық қабілеті жайлы өткен жылында қолы жеткен табыстары туралы қысқаша мінездеме жазады. Мұндай жоспар домбыра коасының бекітілген программасы негізінде жасалады. Бірақ оқытушы өз оқушыларына жекелеген жұмыс жоспарын жасағанда әрбір оқушының дайындыған, қабілетін, ерекшелігін ескеруі керек. Оқушының репертуары күйлер, халық әндері мен билері, композиторларының домбыраға арнап жазған музыкалары болуға тиісті. Бір сөзбен айтқанда, репертуар мазмұны неғұрлым сапалы, санқилы болса ол оқушы үшін солғұрылым қызығылықты және нәтижелі болады. Өз бетімен дайарланып үйрену, музыка тыңдау, оқушы үшін өте пайдалы. Біріншіден – творчестволық шабыты пайда болса, екіншіден – музыкаға деген оның өзіндік көзқарасы, қояр талабы пайда болады. Оқушы репертуарын игеру үшін іденеді, толғанады сөйтіп өзінің ой – өрісінің өсуіне, орындаушылық шеберлігінің ілгері дамуына жол ашады, мүмкіншілік алады. Оқушыға берілген нотаға қарап бірден ойнап кету үшін жәй кітәпты қалай судыратып оқитын болса нотаныда мүдірмей оқып, ойнайтын болуы керек. Сондықтан жас домбырашы нотаны бірден оқып ойнауға дағдылануы керек. Бірден нотаға қарап ойнау – оқушының ойнау қабілетінің озықтылығы деп түсінуге болады. Оқушы концертке шығып орындауын, семестр сайын академиялық концерттерге  қатысуға міндетті. Ең алдымен оның өнерін қалың жұртшылық тыңдайтын болса, екіншіден жас домбырашы жұрт алдында сахнаға шығып үйреніп, ысылады.

       «Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

        Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

        Ұстаз болу – мінездің күн шуағы ,

        Ұстаз болу - адамның асылдығы» - деп Ғафу Қайырбеков айтқандай, мамандықтардың ішіндегі ең ардақты да абыройлы ұстаздық жолды таңдап, еңбек жолымды Орал өнер училищесін тәмәмдап, 1987 жылы БҚО, Фурманов ауданы, Қараөзен ауылында қазақ ұлттық ансамбль, оркестр ұйымдастырып, жас бүлдіршін балаларды ұлттық өнерге баулып қызығушылықтарын арттыра білдім.

        «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген нақыл сөздің қыр – сырын еңбек жолымның алғашқы жылдарынан бастап ұғына білдім. Домбыраны тарта білген адамның жүрегі мейрімді келеді. Осы, 30 жылдық еңбек өтілім кезінде шәкірттерім үлкен сахнада өнер көрсетіп, көптеген сайыстардың жеңімпазы атанып, көрермендер хошеметіне бөленіп жүр. 


Автор:

Гульнар Негметова,

Құманғазы атындағы саз колледжінің

жоғары санатты оқытушы 

БҚО, Орал қаласы

19 қазан 2020 г. 1 967 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031