» » Судағы қозғалмалы ойындар

Судағы қозғалмалы ойындар

Мақсат: 

Балаларды су бетінде,су астымен жүзуге  және қарапайым қимылдарды орындауға үйрету. Суда балалардың қол және аяқ қозғалыстарын, икемділікті дамыту; жүзу дағдыларын бекіту,  қозғалмалы ойындар (бассейнде) арқылы балалардың  денсаулығын нығайту. Бір-біріне тілектестік қарым-қатынасты тәрбиелеу, қиын жағдайда көмек көрсету.

Қолданылатын материал мен құрал-жабдықтар:  Сөйлейтін қабырға, су асты шеңбері, жүзуге арналған тақталар, нудлстар, ойыншық теңгелер және безендірілген бөтелке т.б. 

Мазмұны:

Сөйлейтін қабырғанын жанында сапқа тұрғызу.

Жүзу нұсқаушысы: Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз  «Ұлттық ойындар»! Қандай ұлттық ойындарды білесіндер?

Балалар жауап береді.

Жүзу нұсқаушысы балаларды суға түсіреді.

Спанч боб музыка ырғағымен бассейнге кіреді.

Спанч боб: Сәлем менің кішкентай достарым, сендер мены таныдындарма?

Балалар: Иа!!!

Спанч боб: Балалар маған сендердің көмектерін қажет болып тұр. Мен өз су асты ұйіме қайтайын десем, билетімді жоғалтып алдым.

Музыка әуенімен Шелдон Джей Планктон кіреді.

Шелдон Джей Планктон: ха-ха-ха, Спанч Боб сен билетінді жоғалтып алыпсын ғой, ал мен оны тауып алдым! Саған билетті жай бермеймін. Мен оны саған сатамын. 

Спанч боб: Менде саған беретін ақша жоқ. Балалар маған көмектесесіндерме?

Балалар: Иа көмектесеміз!!!

Жүзу нұсқаушысы: Балалар біз ұлттық ойындарды ойнай отыра Спанч бобқа көмектесеміз. Ол үшін қыздырынып алайық.

Ж.д.ж. 6-8 жаттығу.

( Жоғарғы және төменгі аяқ-қол буындарының қозғаушылықтарының  артуына бағытталған жаттығулар. Имитациялық жаттығулар, тепе-теңдік және үйлестіру жаттығулар)

Суға кіру

 

Негізгі бөлім:

№1 Жаттығу

 

 "Көк  кит"  Б.қ.  екі қолмен темір қабырғадан ұсталынамыз, қолымыз түзу, аяғымызды созып, суға ішімізбен жатамыз, аяғымызды қайшылата қозғалтып атқыма жасаймыз, басымызды суға түсіріп демімізді шығарамыз, басымызды жоғары көтеріп демаламыз.

№2 Жаттығу

"Сарқырама" Б.қ.тақтайша арқылы жүземіз, қолымыз түзу, аяғымызды созып, суға ішімізбен жатамыз, аяғымызды қайшылата қозғалтып атқыма жасаймыз, басымызды суға түсіріп демімізді шығарамыз, басымызды жоғары көтеріп демаламыз.

№3 Жаттығу

"Алтын балық" Б.қ. қолымыз түзу, алақанымызды бірінің үстіне бірің қойып ұзынан ішімізбен жатамыз, аяғымызбен атқыма жасап жүземіз, тыныс алуды қадағалаймыз.

№ 4 Жаттығу

"Арқамен жүзу" Б.қ. жұмсақ таяқша «Нудлс» арқылы, суға шалқая жатып арқамызбен жүземіз, аяқтарымызбен атқыма жасаймыз.

№ 5 Жаттығу

"Қолтырауын" Б.қ. жұмсақ таяқша «Нудлс» арқылы, қолды алдыға созып суға ішімізбен  жатамыз, аяғымызбен қайшылата көмектесе отырып жүземіз, су астында демді ұзақ ұстауға тырысамыз.

 

Дәстүрден тыс тыныс алу жаттығуларын жасау (бөтелкемен).

1.Қозғалмалы ойын  «Теңге алу» 

Жүзу нұсқаушысы: Ал енді балалар жинаған ақшамызды Спанч бобқа беріп, көмектесейік.

Тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Спанч боб: Балалар ,рахмет сендерге, алғысым шексіз, енді мен үйіме қайтамын. Сау болыңдар!!!

Қорытынды:

Жүзу нұсқаушысы: Балалар біз бүгін үлкен іс жасадық, ал кім айтады ол не? Біз не істедік? Қандай ойын ойнадық?

Балалар жауап береді.

Жүзу нұсқаушысы: Балалар біз бүгін Спанч бобқа көмек бердік, олда қуанып қалды, сендердің көңілдерін көтеріңкі болды, мен де сендерге ризамын, рахмет.

Судан ұйымдастырылған түрде шығу. 


Автор: 

Мейірхан Нақыпов,

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

Медицина Орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК-ның жүзу нұсқаушысы

Нұр-Сұлтан қаласы

12 желтоксан 2020 г. 2 623 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 762 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930