» » Симметрия әлемінде

Симметрия әлемінде

Симметрия бізді  айнала қоршаған ортада көз сүріндіреді.“Симметрия” – грек сөзінен алынған. Ол  «гармония» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді . Симметрияның әсерінің негізінде адам тәртіпті, сұлулықты және нақтылықты орнатуға тырысады деп тұжырымдауға болады.Осы орайда бүгінгі зерттеу жұмысымды симметрия сырларын ұғынуға арнадым.      

Зерттеу мақсатым: Менің бүгінгі зерттеу тақырыбымның мақсаты –симметрия туралы түсінік бере отырып, табиғаттағы симметриялы заттардың құпия сырларын ашу және оның өмірдегі қолданысын анықтау арқылы өзімнің зерттеушілік қабілетімді  қалыптастыру.  

Зерттеудегі міндеттерім: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу әдістері:Зерттеуде жинақтау,саралау,зерттеу,математикалық талдау басшылыққа алынды.

Симметрияның үйлесімділігі

    Математикадағы симметрияның қазақ халқының қолөнеріндегі, сәулет өнеріндегі орны мен қажеттілігін көрсете отырып, оның үйлесімділігі мен көркемдігін танытумақсатында  симметрия тарихына ой жүгіртіп, фигуралардың симметриялығы, көркем шығармаларда симметрияны қолдану, сәулет өнеріндегі симметрия және әріптер мен сөздердегі айналық симметриян зерттеуге тырыстым. Симметрияның қолданысы барлық саланы қамтиды десек артық айтпаған болар едік. Симметрия ұғымы адамзаттың көп ғасырлық тарихынан таныс деуге болады. Математиканың, физиканың, тіпті табиғаттың заңдары да симметрия принциптеріне бағынады.

     Қазіргі уақытта әлемдік ғылымдар дамыған кезде симметрия мен оның қасиеттерінің әртүрлі құбылыстарда байқалуы қызығушылықтар тудыруда. 1989 жылы (ISIS – Symmetry) Халықаралық симметрияны зерттеу қоғамы құрылды. Бұл дүниежүзінде интеллектулдардың даму сатысының алғашқы баспалдағы болды. 

        Әлем ойшылдары симметрия туралы

     «… Керемет болу — симметриялы және тең өлшемді болу» — деп атақты философ Платон айтқан екен.  

     «Симметрия» грек сөзінен алынған «гармония» — бірдей өлшемді, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.Симметрияның құрылыста және өнерде қолдану тәжірибесінен симметрия жайлы ғылым пайда болды. Симметрия жайлы Рим инженері Витрувий (б. э. д.І ғ.) өзінің «Архитектура туралы 10 кітап» атты трактатында жазды, оны архитекторлар мен суретшілер қолданды. Геометрияға симметрия туралы ғылыми элементті енгізген француз математигі А. М. Лежандр (1752-1833).

     ХХ ғасырдың ірі математиктерінің бірі Герман Вейльдің (1885 – 1955) 1951 жылы басылып шыққан «Симметрия» деген кітабында «Күнделікті тілімізде симметрия деген сөз екі мағынада қолданылады. Бір мағынасында симметриялы деген сөз тұтас бір дененің әр бөлігінің бірімен бірінің өзара дұрыс пропорциялық ара қатынасын, теңдестірілуін білдірсе, симметрия тұтас дененің жеке бөліктері үйлесімділігінің екінші түрін көрсетеді». Симметрияның төрт түрін атап кетуге болады: айнадағы немесе айналық симметрия, бұру немесе бұрылмалы симметрия, аударылған симметрия, орнаменттік (оюлы) симметрия.

Италияның ұлы суретшісі әрі математигі Леонардо да Винчи ( 1452 – 1519) өзінің сурет өнеріне орнаменттік симметрияны пайдаланды.

      Неліктен біздің айналамызда, қоршаған ортамыз симметрия арқылы беріледі? Табиғаттағы, техникада және тұрмыста кейбір денелердің бөліктері өзара ұқсас, үйлесімді орналасады. Насекомдарды, ою-өрнектерді, әшекейлік бұйымдарды т.б. мысалға келтіруге болады.

    Симметрия әр түрлі болады. Шындығында симметрияның екі тобы бар: бірінші тобына орналасу, құрылым, пішін симметриясы жатады. Бұл симметрияны көзімізбен көреміз және оны геометриялық симметрия деп атайды. Симметрияның негізгі ұғымдары: симметрия осі, симметрия центрі және симметрия жазықтығы.

     Симметрияның ең қарапайым түрі — түзуге қатысты симметрия.

Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы фигуралар бір – бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Осьтік және центрлік симметрия сәйкес нүктелердің ара қашықтығын өзгертпейді. Мысалы, параллелограмм центрлік симметриялы фигура болып табылады, оның симметрия центрі – диагоналдарының қиылысу нүктесі. Сандар осіндегі оң сандар мен теріс сандардың О нүктесіне қатысты симметриялы орналасады, яғни 0 саны симметрия центрі болады.


                                 Симметрия  бейнелеу өнерінде

   Симметрияның бейнелеу өнерінде алатын орны туралы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі», «Академиялық кескіндеме. Натюрморт» оқу құралының авторы Маханбетжанова Гульнар Маханбетхалиқызы: «Композициялық орталық кеңістікте әртүрлі орын алып жатады. Туындының сызықтық және түстік тізбегі соған байланысты. Ортаға қойылған топ қойылымды геометриялық өлшемдестік, симметрия үрдісімен шешуді талап етеді. Бұл жағдайда әртүрлі қырлы үшбұрыш схемасымен заттарды қатаң симметрияда орналастырады. Шарденнің «Бөтелке мен жемістер натюрморты» туындысының композициялық орталығында, күңгірт бөтелке, оны айнала қоршап басқа бөліктер орналасқан: сол жағында алшасы бар ыдыс, баклажан оң жақта. Алдыңғы қатарда суы бар стақан. Тақырып орталығының, орталық осьтен шетке қарай ауысуы жиі кездеседі. П. Кластың «Таңертеңгі ас» натюрмортында шарабы бар бокал – ең биік зат болып табылады. Ол туындының сол жағында орналасқан. Бұл жағдайда басқа заттар болса, натюрморттың оң жақ бөлігін алған. Сөйтіп, композицияның тепе-теңдігін құрады. Сол және оң жақ ауданның көру тепе-теңдігін сақтау. Егер композицияның орталығы сол жақта орналасса, оң жақ бөліктегі заттар өңділік, түстік қарама-қарсылықтарымен бір қалыптылықты туғызуы керек.

Өнердегі симметрия шынайы құбылыспен байланысты, айналамызға қарасақ, симметриялы пішіндер сан-алуан, мысалы, адам денесі, көбелектер, құмыра және т.б. Натюрмортты салғанда заттардың конструкциялық қойылымын зерттегенде симметрия қолданылады. Онда заттың тура ортасын тауып, екі жағын соған қатысты бірдей бейнелейді. Ол құмыра, шыны ыдыстар және т.б. пішіндерді жазғанда кездеседі.  Онда симметрияның туындыны жазу барысында суретшілердің қалай пайдаланғаны жайында айтады. Жалпы алғанда, симметрияны қолданбайтын суретші жоқ. Симметрия - композицияның негізгі тәсілдерінің бірі. Туындының симметриялы құрылымын әр дәуір суретшілері қолданған. Ежелгі мозайкалардың барлығы симметриялы болып келеді. Қайта өрлеу дәуірінің кескіндемешілері симметрия заңдылығы бойынша өз композицияларын құрған. Онда ұлылықты, ерекше салтанаттылықты, құбылыстың маңыздылығын байқауға болады. Симметрия - композиция, ось бойынша бірдей пішінді орналасқан денелерде — адам денесі, тұрмыстық заттарда кездеседі.

  Біз бейнелеу өнерінде симметрияны қолданамыз. Көптеген заттарды симметриялы етіп бейнелеуге тура келеді.

Симметриялық бейнелеудің ең оңай тәсілі - монотипиялық техникада орындау болып табылады. Сурет  салу монотипиялық техникада жеңіл орындалады.

 

 

                                                                  Қорытынды бөлім

     Бұл жұмыстың мақсаты симметрия қағидаларын табиғатта, тұрмыста, техника мен өнерде, соның ішінде қазақтың өшпес мұрасы – қолөнері мен сәулет өнерінде қандай көрініс беретінін анықтау болатын.

   Қорыта айтқанда, симметрияны біз күнделікті өмірде, табиғатта, тұрмыста, қазақтың ою – өрнектерінде, архитектурада, ғылымның барлық салаларында айқын көруге болатындығын көрдік. Бүгінгі танда халық қолөнеріне мән берілуде. Отаншыл рухтағы білімді қазақ жастары Егемен еліміздің іргетасын нығайту үшін білімге терең бойлап, ұмыт болып бара жатқан халық қолөнерін жандандыру мақсатында шығармашылықпен айналысса деген тілек.

                                           Ұсыныс

     Осы ғылыми жоба сайысына қатыса отырып, мынадай ұсыныстар білдіргім келеді:

  • Қазақтың ұлттық қолөнерін насихаттауды  жолға қою;
  • Шығармашылық үйірмелерін  көптеп ашу;
  • Оқушыларға бұдан да кеңірек  таныстыру  мақсатында бастауыш сыныптардың  математика пәні бағдарламасына симметрия ұғымы туралы сағаттар санын көбейту.
  •  

        Білім деген биік шың,

        Бақытқа сені жеткізер.

        Білім деген ақылшың,

         Қиындықтан өткізер, -  деп өлең жолдарында айтылғандай, өз білімімді ары қарай жетілдіріп, кеңейте беремін, достарыма да өте жақсы деген бағаға оқуларына тілектеспін.







 
Автор:

Гүлім Иманова, 

№70 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Ақтөбе қаласы




05 сәуір 2021 г. 6 556 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 017 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 804 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930