» » Тарихты оқытудағы өркениеттік көзқарас

Тарихты оқытудағы өркениеттік көзқарас

«Орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Тарих» жалпы білім беру пәні»  бойынша колледж оқытушыларының қатысуымен «Тарихты зерттеп оқудағы өркениеттік көзқарас» тақырыбында  вебинар өткізілді.

Вебинардың мақсаты: онлайн оқыту жүйесіне негізделген оқыту арқылы колледж мұғалімдеріне студенттерге тарихты оқытуда тарихи ұғымдарды қалыптастыруды жетілдіру, «өркениет» ұғымы, оның құрылымы, теориялары, мәдениет пен өркениеттің арақатынасы жайлы білімді жетілдіру.

Колледж мұғалімдері тарапынан жаңартылған мазмұнда тарихты оқытудың еркекшеліктері қандай? Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қандай негізгі ұғымдар мен жетекші идеяларды қолдануға болады?   - секілді сұрақтар ерекше қызығушылық тудырды.

Вебинар барысында сондай-ақ, сабақта К.Ясперстің «белдеулік уақыт теориясын» О.Шпенглердің  «Еуропаның күйреуі», А.Тойнбидің  «Тарихтың жетістігі», М.Блоктың «Апология истории»  - тұжырымдамалық іргелі еңбектерінде өркениет туралы айтқан пікірлерін қолданудың жолдары қарастырылды.  Топтың кураторы және тренері Қуанышбек Гүлмира Еламанқызы өркениеттер тізімінде, әсіресе батыс зерттеушілерінің еңбектерінде, өкінішке орай, Ұлы Дала өркениетінің айтылмайтынын атап өтті. Үшмыңжылдық тарихы бар дала өркениетінің келешегіне тыңдаушылар зор сенімдерін білдірді.  Болатхан Бахытгул студенттерге тарихты оқытуда қоғамның дамуындағы бірізділік пен сабақтастық туралы білімдерін қалыптастырудың, Ракишев Санат зерттеу сұрақтарына сай қажетті ұғымдарды жинақтап, терминологиямен жұмыс жүргізудің және белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін атап көрсетті. Нусипова Аяулым қажетті ресурстарды, бейне материалдарды бастапқы ынталандырушы материал ретінде тарих сабақтарында қалай пайдаланытынын айтып, тәжірибесімен бөлісті. Студенттерге  «тарихи процесс», «өркениет», «тарихи хронология» ұғымдарын қалыптастыру арқылы олардың мен тарихи кеңістіктегі құбылыстар мен  оқиғаларды ажырата  білу, түсіну, баға беру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берілетіні айтылды.

Вебинар соңында т.ғ.к.Байназарова Бағлан Әшімбекқызы жас ұрпақты тәрбиелеуде, заман талабына сай білім беріп, өркениеттік көзқарасты қалыптастыруда тарихшы мұғалім қомақты үлес қосатынын, себебі ол бүкіл адамзат жинаған өркениетті үйрететінін айтып, қорытындылады. 


Автор:

Байназарова Б.Ә.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педаготердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, т.ғ.к. 


27 қазан 2021 г. 1 326 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 832 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 737 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930