» » Туған өлкем – Орал қаласына саяхат

Туған өлкем – Орал қаласына саяхат

Кіріспе.

II. Зерттеу бөлімі.

2.1. Туған өлкем Орал қаласының тарихи, көрікті жерлерін 3Д форматта виртуалды саяхат жасау арқылы зерттеу.

  Орал қаласының көрікті жерлерін анықтау және олар туралы мәлімет жинау,фотоға,видеоға түсіріп, танымдық саяхат ұйымдастыру

ІІІ. Қорытынды.

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  

ЗЕРТТЕУДІҢ ГИПОТЕЗАСЫ: Әр азамат өз өлкесінің тарихын,тарихи көрікті жерлері туралы толық біліп, тамашалап отыруы қажет. Көрікті әрі тарихи құнды жәдігерлерге бай өлкені мақтан тұтып,болашақта қаламыздың дамып ,көркеюіне өз үлестерін қосады деген ойдамыз.


ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕСІ: Туған өлкем Орал қаласының тарихи, көрікті жерлерін 3Д форматта виртуалды саяхат жасау арқылы таныстыру.Өскелең ұрпақтың  туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын арттыру.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: Зерттеушілік жоба,оқу,іздену,сараптау,сұрақ-жауап әдістерін пайдалана отырып,қажетті нысандарымды фотоға,бейне камераға түсіру.

 КІРІСПЕ.

      Тамаша орманы мен өзені, кең даласы бар Орал өңірімен таныс болыңыздар.Оның географиялық тұрған жері де бір құрлықты құрайтын әлемнің екі бөлігі – Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жерінде орналасқан.

   Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан. Орал қаласы – Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Ресми мәліметтер бойынша 1613 ж Жайық өзенінің оң жақ жағалауында негізі қаланған.

                          

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ:

2.1. Туған өлкем Орал қаласының тарихи, көрікті жерлерін 3Д форматта виртуалды саяхат жасау арқылы зерттеу.

    Саяхатымызды Ұлы бабаларымыздың аруақтарына тәу ету мақсатында Жеңіс алаңынан бастағанды жөн көріп отырмын. Бұл орталық- қанды майдан даласында қаза тапқан ақжайықтықтарға арналған ең үлкен кешен болып саналады.

Жайық өзені жағасында бой көтерген биіктігі 50 метр стелланың әу бастағы атауы «Сүңгі және Ту» болған екен. Шынында да бір бөлігі сүңгіге, екінші бөлігі желбіреген туға ұқсайды. Стелла 1980 жылдың 9 мамырында салтанатты жағдайда ашылды. Майдан даласынан қайтпай қалған боздақтардың тізімі жазылған тас  тақталар орнатылған бұл жерде жыл сайын жеңіс шеруі, ант қабылдау басқа да әскери –патриоттық шаралар өтеді.

Жайық өзенінің бойында да көненің көзіндей тарихи және мәдени орындар жетерлік. Солардың бірі- тарихи жәдігерлер жинақталған орын – Облыстық тарихи өлкетану мұражайы.

    Мұражай Назарбаев даңғылы, 184 үйде орналасқан. Ғимарат орыс-қазақ қолөнер мектебі үшін арнайы салынған. Бұл Қазақстандағы осындай типті бірінші оқу орны. Ғимарат екі қабатты, жартылай жертөлелі, мавритан стилінде салынған. Музей 1832 жылы мектеп мұғалімі М.К.Курилиннің ұйымдастыруымен ашылған. Орал облыстық атқару комитетінің шешімімен 1980 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейіне берілді. Музей қорында 130 мыңнан астам жәдігерлер жинақталған.

   Облыстық тарихи-өлкетану экспозициялық залдарынан бірнеше залдарды көре аламыз.Солардың бірі –археология залы.Археология залынан тас дәуірін, сақ-савраматтардың тарихын,олардың пайдаланған заттарын көре аламыз.Келесі залымыз –Қазақ хандығы,бұл залдан қазақ хандарының тұтынған заттарын,баспаналарын,ұлттық құндылықтарды тамашалай аламыз.Тарихи –өлкетану мұражайы туралы толығырақ ақпаратты менің сайтымнан көре аласыз.

   Әрі қарай саяхатымызды шахарымыздағы  ең көрікті, жас, жаңаша үлгіде салынып жабдықталған әрі  аз уақыт ішінде халық көп жиналатын орындардың біріне айналған- Тұңғыш Президент алаңында жалғастырамыз.

    Бұл алаңда «Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы» орналасқан. Бұл ғимарат - сәулет өнерінің ерекше ескерткіші. Ғимараттың жалпы көлемі 3840 шаршы метрді құрайды. 150 орындық концерт залы, ақынның мемориалдық кабинеті, конференц залы, көрме залы, 1125 орындық амфитеатр, кітапхана бар. Бүгінде Орал қаласының ең басты мәдени шаралары, мерекелік салтанаттар дәл Қадыр орталығы тұрған тұсқа қарай ауып барады. Он мың адам еркін сыятын жаңа алаң да осы жерде. Салтанат сарайы, Оқушылар сарайы, 60 метрлік алып
Ту да осы жерде орналасқан.

  Саяхатымызды әрі қарай қаламыздың тамаша жерлерінің бірі Киров атындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында жалғастыратын боламыз. Киров атындағы демалыс саябағы еліміздегі ең көне саябақтардың бірі және тарихи маңызы бар нысандар қатарына жатады.

Оралдағы мәдениет және демалыс саябағы Шаған өзенінің жағалауында, қала у-шуынан алыста орналасқан. Қалалық мәдениет және демалыс саябағының жалпы аумағы - 24,2 гектар . Саябақ шартты түрде бірнеше "бөліктен" тұрады: демалыс аумағының бір шетіне жүргінші жолы төселіп, орындықтар мен шамдар қойылған; келесі бөлігінде аттракциондар, батуттар,әдемі су бұрқақтар бар.Шаған өзенінің жағасында жағажай мен кафелер  жұмыс жасап тұрады.Ал көпірдің келесі бетінде велосипед тебетін жолдар,футбол алаңы,денені шынықтыруға арналған әртүрлі құралдар қойылған,бұл жерге қала жастары келіп,таза ауада велосипед теуіп,футбол ойнап,жаттығып, демалады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

          ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасында:  “Білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға аса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді»  - деп атап көрсеткендей, өлкеміздің   табиғаттын қорғау - біздің парызымыз. Осы мақсатта кішкене болса да тарихи өлкеміздің табиғатын көркейтуде мектеп жанынан ашылған «Еріктілер қоғамы»мүшелерімен бірге қаламыздың көрікті жерлерін тазалауда өз үлесімді қосып келемін.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағының ортасынан заманауи  «ашық аспандағы кинотеатр» ашылса екен  деп ойлаймын. Небір ұлы құндылыққа толы, ұланғайыр  өлкемнің  тарихын , тарихи көркем фильмдер мен деректі кинолар арқылы  болашақ біздей жастарға көбірек көрсетілсе,  өскелең ұрпақтың  отансүйгіштік сезімі оянып, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігі, қамқорлығы артады деп сенемін.

   Міне, осындай  көрікті әрі тарихи құнды жәдігерлерге бай өлкемді мен мақтан тұтамын.

 Жас ұрпақтың жасампаз ерен еңбектерінің арқасында қаламыз дамып, көркейіп келеді.

Авторлар:

Жетекшісі: Рамазанова Айнагуль Кошкенгалиевна

А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектеп

тарих пәнінің мұғалімі

Орындаған: Әбілтай Фатима

9 «а»- сынып оқушысы

БҚО Орал қаласы

02 ақпан 2022 г. 7 744 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 18 122 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 861 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031