Параллель түзулер және параллель кесінділер
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Координаталық жазықтық Мектеп: №13 мектеп-гимназия Мұғалімнің аты-жөні: Шажаева Салтанат Сериковна | |||
Сабақтың тақырыбы | Параллель түзулер және параллель кесінділер | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.1. Параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулер анықтамасын білу; 6.3.2.2. Параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді танып білу; | ||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулер анықтамасын біледі Оқушылардың басым бөлігі: Бұрыштық сызғыш пен сызғышты пайдаланып параллель түзулерді сала біледі Кейбір оқушылар: Түзулердің қасиеттерін біліп, есептер шығара алады. | ||
Бағалау критерийі | Перпендикуляр және параллель түзулерді ажыратады. Параллель түзулердің анықтамасын тұжырымдайды Параллель түзулерді сызғыш арқылы сызады. Параллель түзулердің қасиеттерін қолданады. Есептер шығарады. | ||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты: Оқушылар: Параллель түзулер мен кесінділерді сыза алады
| ||
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары бойынша Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана. Шығармашылықты дамытуға бағытталған. | ||
Пəнаралық байланыс | Геометрия, география, сызу | ||
Алдыңғы білім | Перпендикуляр түзулер |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут 2 минут 3 минут | Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу,түгелдеу. Оқушылардың жылдамдық, шапшаңдық дағдыларын дамыту үшін бес секундта бірнеше адаммен сәлемдесу тапсырмасын беру «Қағаз қиындылары» әдісімен «Бұрыш», «түзу», «перпендикуляр», «қиылысатын түзу» деп жазылған қағаз қиындыларын таңдатып төрт топқа біріктіру. Жақсы сөз- жан шуағы,сабақты топтарға берілген жақсы сөздермен бастау,жақсы көңіл күй сыйлау. Үй тапсырмасын «Мен-саған,сен-маған» әдісі бойынша өзара бағалау үшін,слайдтағы есеп жауабымен жұпта тексеру.
| А4 парақшаларының қиындылары Көңілді әуен қосып қою.
Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 8 минут 5 минут 3 минут | 1 тапсырма «Ой қозғау» әдісі бойынша алдын ала даярлық тапсырмаларын дәптерге әр оқушы жеке орындау 1. Қоршаған ортадан қиылыспайтын түзулерге мысалдар келтіріңдер.
Қиылыспайтын түзулер– өмірде Қиылыспайтын түзулер қоршаған ортада қай жерлерде кездестіреміз?(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)Толықтыру мақсатында интербелсенді тақтада қиылыспайтын түзулер түрінде суреттер көрсетіліп, түсінік беріледі
Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ» әдісі бойынша кері байланыс жүріп отырады 2 тапсырма Өткен сабақтағы білімдері негізінде түсінік бере отырып,жаңа тақырыпты Бірін бірі оқыту әдісі арқылы параллель түзулер анықтамасын өздеріне тұжырымдату. Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер де кездеседі. Мысалы:түзу жолдағы машинаның дөңгелектерінің іздері, түзу жолдағы темір жолдың, шаршының қарама-қарсы қырлары т.б. Бір жазықтықта жатқан екі түзудің ортақ нүктелері болмаса, олар қиылыспайды. Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу параллель түзулер деп аталады. «Параллель» сөзі гректің сөзі, қазақша баламасы «қатар жүруші» деген сөзінен алынған. Суреттегі берілген a,b,k,l -параллель түзулер. Белгіленуі: a//b немесе b//а. Оқылуы: а түзуі в түзуіне параллель. Параллель түзулерде жатқан кесінділер де өзара параллель. Параллель түзулерді жүргізу үшін: Үшбұрышты сызғыштың бір жағын сызғышқа тіреп, оның екінші жағының бойымен а түзуін жүргіземіз; Сызғыштың бойымен үшбұрты сызғышты жылжытып, екінші в түзуін жүргіземіз.
Алынған а және в түзулері өзара параллель болады. Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана параллель түзу жүргізуге болады. Егер жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда ол екі түзу параллель болады.
3 тапсырма «Үш қадамды сұхбат» әдісі осы тақырып арқылы өздері оқып жинаған білімдерін топ ішінде бір- бірінен кезектесіп интервью алады.
Қалыптастырушы бағалау «От шашу» әдісі бойынша кері байланыс жүріп отырады 4 тапсырма «Пилот және штурман» әдісі арқылы ширату жаттығуларын орындау, әр топқа оқулықтағы есептерді беру І топқа №1143. Фигуралардың қай қабырғалары бір біріне параллель болады?
ІІ топқа №1145. а түзуін сызыңдар: 1)а түзуінде жатпайтын Е нүктесін етіп таңдап алыңдар; 2) Е нүктесі арқылы а түзуіне параллель түзу жүргізіңдер.
ІІІ топқа №1146. s түзуін сызыңдар: s түзуінде жатпайтын А және В нүктелерін таңдап алыңдар.А нүктесі арқылы s түзуіне перпендикуляр k түзуін сызыңдар. В нүктесі арқылы s түзуіне перпендикуляр l түзуін сызыңдар. k және l түзулері өзара параллель бола ма? Белгіленуін пайдаланып жазыңдар.
ІV топқа №1147 s түзуінде жатпайтын А нүктесі арқылы k, l және t түзулері жүргізілген. k, l және t түзулерінің қайсысы s түзуіне перпендикуляр, қайсысы параллель екенін белгіленулері арқылы жазып көрсетіңдер
Әр топ өздеріне берілген есептерін постер арқылы тақтаға қорғап шығарады Қалыптастырушы бағалау «Бутерброд» әдісі бойынша кері байланыс жүріп отырады 5 тапсырма «Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісін қолдану арқылы тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс екендігін анықтаңдар Түзуден тыс жатқан нүкте арқылы түзуге бірнеше параллель түзу жүргізуге болады. Егер жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда олар өзара параллель болады. Түзудің бойында жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана параллель түзу жүргізуге болады. Жазықтықтағы екі түзудің екеуіде үшінші бір түзуге перпендикуляр болмаса, онда олар өзара қиылысады.
Дұрыс жауаптары Қалыптастырушы бағалау Мадақтау арқылы кері байланыс жүріп отырады
| Постер қорғау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
2 минут | Сабақты қортындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатып.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі арқылы рефлексия береді. Үйге тапсырма № 1153, №1158 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау
| Бағалау | Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмаларды іріктеуде, белгілі бір оқушыдан күтілетін нəтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып əзірлеуді қамтыдым. Айта кететін болсам «Ой қозғау» әдісі бойынша өткен тақырып бойынша алдағы тақырыпты баяндау, «Бірін бірі оқыту» әдісі бойынша үйрете отырып үйренемін қағидасы арқылы жүзеге асады, «Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы оқушылар оқып түсінген материалдарын сұрақ қояды, ал «Пилот және штурман» әдісін қолданып,ширату жаттығулары арқылы олардың жинақталуына, тақырыпты меңгеруіне септігін тигізеді. «Екі дұрыс бір бұрыс» әдісі арқылы алған білімдерін сұрау | Оқушылардың материалды меңгеруін тексеру үшін әрбір тапсырмаларға дескриптор беріп отырдым, қалыптастырушы бағалау тәсілдері:бас бармақ, бутерброд, от шашу, мадақтау арқылы жоспарланды. | АКТ-ны қолданған кезде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |