» » Әдептілік - әдемілік

Әдептілік - әдемілік

Мақсаты:

1. Оқушыларды адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.
3. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.Өз-өздерін басқару, еркіндікке машықтандыру.

Типі: өнеге сабақ

Әдіс –тәсілдері: Сыни тұрғыды ойлау, сұрақ-жауап ой бөлісу.
Көрнекілігі: Әдептілікке байланысты сөздер суреттер, слайдтар,постерлер,маркерлер
Сабақтың жоспары
1. Кіріспе: -Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырбы: «Әдептілік-әдемілік»

 1)Фонетикалық жұмыс.

Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуына көңіл бөлінеді.

Мысылы:әдепті,өнегелі, үлкен кісі.

Тіл дыбыстардың жуан, жіңішкелігін ажыратып айтқызу. Дыбыстардың ішінен «Қай дыбыс жоқ?»- деп оқушыларды ойландыру. «Ә» дыбысын тығып қою. Осы дыбыстан басталатын сөздерді айтқызу, тақтаға жазу.

…теш, …ліппе, …ңгіме, …же, …н, …депті

— Өте жақсы, балалар. Осы сөздердің ішінен «вежливый» сөзін табайық2)Бақылау жұмысын жүгізу.

-Енді «әдептілік» сөзіне нелер жатады екен?

Кластер құрайық.

құрметтеу үлкенді сыйлау

сәлемдесу амандасу

орын беру жол беру

қоштасу

Топтарды таныстыру: 1-топ: «Кішіпейілділер» тобы: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

2-топ: «Әдептілер» тобы: Аулақ жүріп жаман қылық,әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез,әдептен.

3-тобы: «Ізеттілер» тобы: Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

4-тобы: «Инабаттылар» тобы: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
3.Тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
(Оқушылар өздері анықтайды)

1 - оқушы:-Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

2 – оқушы:- Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе – әдепті.

4.Негізгі кезең:

3-оқушы:- Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.

.Мұғалім: -«Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс - әрекетті айтамыз?
6- оқушы:-Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей - ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
7-оқушы:- Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болу керек, ол да - әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.

8- оқушы:- Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

9– оқушы: -Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.

.

Мұғалім:-«Жақсы мен жаман» Қ.Баянбай (Әдебиеттік оқудан шығармаларды еске түсіру)

Мұғалім:- Абайдың «Адам болам десеңіз»өлеңін талдау

6. Көрініс: Ситуациялық жағдай (Балар көрсетеді)
Әдеп
Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.
Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.
Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.
- Ал балалар сендер не істер едіңдер?
- Арманның істеген ісі дұрыс па?
- Әдептілікке жата ма?

7. Көрініс: Ситуациялық жағдай

Әдептілік
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
-Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.

• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?

Қалған екі топқа әдептілік туралы нақыл сөздер мақалдар.

9. Әдептілік туралы мақалдар :

1.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3.Әдепсіз бала
Ауыздықтан атпен тең
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.
4.Әдептің не екенін
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
5.Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.

8.Ойын «Кім тапқыр?»

Шарты: Әр топ өз атынан сөздер құрастырады(1минутта

10. Ассоц. карта.
«Әдептілік» тобына. Не істеуге болмайды?
- үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды;
- кішкене баланы жылатуға болмайды;
- құстарды атуға болмайды;
- сабақтан кешігуге болмайды;
- сыныпта айғайлауға, жүгіруге, шашуға, секіруге болмайды;
«Кішіпейілділер» тобына. Не істеу керек?
- үлкенді сыйлау керек;
- үлкендердің тілін алу керек;
- кішілерге қамқор болу керек;
- оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек;
- сабақты жақсы оқу керек;

«Ізеттілер» тобы: «Сыпайы сөздер»

«Инабаттылар» тобы: «Мектептегі әдептілік»
11.Тест сұрақтары

1. Үлкенді сыйлайтын бала

А) Жаман бала

Ә) Әдепті бала

Б) Әдепсіз бала

В) Нашар бала

2.Амандасқанда айтатын сөз

А) Сәлеметсіз бе?

Ә) Рахмет!

Б) Сау болыңыз!

В) Кездескенше!

3. Қоштасқанда айтатын сөз

А) Қайырлы таң!

Ә) Қайырлы күн!

Б) Көріскенше!

В) Қайырлы кеш!

4. Дастарқанға не қояды?

А) Тағам

Ә) Көше

Б) Бала

В) Даңғыл

5. Қонақ … отырады

А) Есікке

Ә) Төрге

Б) Терезеге

В) Көшеге

-Балалар, келесі тапсырма «Баламасын тап» ойыны.  Жұптық жұмыс. Жазылған сөздердің орнына орысша баламасын ауыстырып табу.

Рахмет Молодец

Жолыңыз болсын! Уважать

Оқасы жоқ! Простите!

Жарайсың! Счастливого пути!

Құрметтеу Спасибо

Ғафу етіңіз! Ничего!

Мұхаммед пайғамбардың таңдамалы хадистері

42 – хадис: Адам баласына ең қасиетті нәрсе – әке-шешесі. Әке-шешесін пайғамбар қатты құрметтеген. «жұмақ – ананың табанында» деді ол. «Әкенің реніші – Алланың реніші». Күнәлардың ең үлкені ата-анаға лағнет айту. Ата-ананы сыйлау керек, ренжітуден аулақ болу керек.

80 – хадис: Қолыңнан келсе адамдарға жақсылық етіп, іштей қуаныш ет. Жаман іске қайғырып, Алладан қайырымдылық сұра. Бұл – имандылықтың белгісі.

165 – хадис: Садақа беріңдер, онда әр адам білген білімін, ғылымын басқаларға үйретеді. Ал ғылым-беру өмірдің азығы. Садақа адамдарды уақытша тойындырады, сүйіндіреді.


12. Қорытынды: - Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?(Сезімдерін тақтаға жүрекше- стикерлер ілумен білдіреді)-Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып, әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.


Роза Низанбаева,

Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы, 

№56 жалпы орта мектебі. 

Бастауыш сынып мұғалімі



20 сәуір 2018 г. 62 761 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 995 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 797 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930