» » Сын тұрғысынан ойлаудың мәні

Сын тұрғысынан ойлаудың мәні

Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.

Коучингтің жалпы мақсаты:

Мұғалімдер ХХІ ғасырда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы мен өзектілігі туралы тұжырым жасайды.

Күтілетін нәтижелер:

Мұғалімдер өз сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тәсілдерін әзірлейді.

Түйінді идеялар:

Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді.

Уақыт, кезендер

Коучтің қызметі

Мұғалімнің қызметі

Ресурстар

1. Ұйымдастыру кезеңі – 11 минут

Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу 

 

«Есімім – тағдырым» әдісі

5 минут

Сабаққа қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын, олардың мазасыздануының сипаты мен табиғатын анықтау. Тыңдаушылардың мазасыздығын басуға болатын әдістер  мен тәсілдерді іздеу және шығармашылық  жұмыс үшін жағдай жасау.

Мұғалімдер берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын оқып, өздерін таныстырып шығады.

Сұрақтар.

Түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер.

Кері байланыс

«Шапалақ» әдісі

1,5  минут

Әрбір жауапқа баға беруді ұсынады.

Мұғалімдер сұрақтарға қызықты жауап берген әріптестерін шапалақпен мадақтайды.


Топқа бөлу

 

«Әрқашан-ешқашан» әдісі

 

3 минут

Кағаздан қиылған ленталар әзірлейді. Әр лентада «әрқашан» және «ешқашан» деген сөздер жазады. Лентаның екінші жағына сөздер жазып, сол бойынша мұғалімдерді топтастырады.

Мұғалімдер шеңберге тұрады. Кезекпен бір-бірінің қолына лентаны білезік қылып кигізіп, тілектерін білдіреді. Мысалы, «Әрқашан күлімдеңіз, ешқашан ауырмаңыз».

Лентадағы сөзге байланысты топқа бөлінеді.

Кағаздан жасалған ленталар.

Жазылатын сөздер: «Шақыру», «Іске асыру», «Рефлексия»

Кері байланыс

«Бас бармақ» әдісі

1,5 минут

Мұғалімдерді топтастырғаннан кейін, топқа бөліну әдісін бағалауды сұрайды.

Топ мүшелері «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Егер «Әрқашан-ешқашан» әдісін тиімді деп есептесе, онда бас бармақты жоғары көтереді, тиімсіз болса, басбармақты төмен қаратады.


2. Бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер – 72 минут

Ой қозғау

Топпен жұмыс

 

4 минут

 

 

Сұрақ қояды:

1. «Шақыру», «Іске асыру», «Рефлексия» терминдерінің мұғалімге қатысы қандай?

2. Осы терминдерді қандай технологиямен байланыстырар едіңіздер?

Мұғалімдер берілген сұраққа топпен бірлесіп ой-толғаныс жасайды, ой-пікірлерін айтады.

Мысалы,

1. Мұғалімнің сабақ жоспарының негізгі кезеңдері.

2. СТОмен.

Жазылатын сөздер: «Шақыру», «Іске асыру», «Рефлексия»

Мағынаны ашу

Топтық жұмыс 

 

10 минут

 

СТО-технологиясын әр топқа өз кезеңдері арқылы көрсетуді ұсыну.

Мұғалімдер өз топтарында СТО бойынша ақпаратты жинақтайды, саралайды, жүйелейді, қорғайды. Мысалы,

«Шақыру» тобы «кластер» арқылы, «Іске асыру» тобы «фишбоун» графикалық органайзері арқылы, «Рефлексия» тобы «бағдаршам» әдісі арқылы көрсетеді.

Топта талқылайды, постер жасайды. Әр топтың лидері шығып қорғайды.

А4 кағаздары, ватман, түрлі түсті қарындаш, фломастерлер.

Кері байланыс

«Бағдаршам»

4 минут

Топтарға баға беруді сұрайды.

Топ мүшелері ақылдасып, хатшылар өзге топтарға «қызыл», «сары», жасыл» шамдарды «жағып» баға береді.

Сары, жасыл, қызыл шеңберлер.

Видеомен жұмыс

«Ассоциация» әдісі

10 минут

Мультфильмнің бейнесін көрсетпей, дыбысын қосады.  /00.07-01.07 кадр таймері/.

Топтың мүшелері дыбыс бойынша естіп алған әсерлерін ватманға сурет арқылы жеткізеді. Суреттерін көрсетіп, сипаттайды.

Ватман, түрлі түсті қарындаш, фломастерлер,

Роберт Кучера

«Убийца драконов» мультфильмі

Мультфильмді басынан бастап қосады.

/00.07-01.07 кадр таймері/.

Мұғалімдер бейнеүзіндіні өз суреттерімен салыстырады, пайымдайды.

«Стоп-кадр» әдісі

 

9 минут

Мултьфильмді көрсетуді жалғастырады. Топтарға кейіпкерлерге назар аударуды сұрайды.

/00.07-01.07 кадр таймері/.

Видеоны тоқтатып, оқиғаны болжауға сұрақтар қояды:

1. Сері не ойлады?

2. Ұстаның баласының ойы қандай болды?

Топ мүшелері ақылдасып, Сері, ұста, ұстаның баласының ойын пайымдайды.

Сергіту сәті

«Нөсер жаңбыр»

 

5 минут

Топ мүшелерін ортаға шеңберге шақырады.

 Мұғалімдер коучтын айтқан іс-қимылдарын әріптестерінің арқасына жасайды.


«Шығармашылық матрица» әдісі

20 минут

 

Мультфильмді толық көрсетеді. Оқиғаны басқаша өрбітуді сұрайды.

Топ мүшелері мультфильмді соңына дейін тамашалайды. Оқиғаның басқаша даму жолын ұсынады.

А4 қағазы

«Алмаздың тоғыз қыры» әдісі

10 минут

Сын тұрғысынан ойлаудың негізгі әдістерін атауды сұрайды.

Топ мүшелері ақылдасып, өз сабақтарында пайдаланатын тиімді әдістерді тізбектейді.

1,2,3 – «Шақыру» кезеңіндегі тиімді тәсілдер.

4,5,6 – «Іске асыру кезеңіндегі тиімді әдістер.

7,8,9 – «Рефлексия сатысындағы тиімді тәсілдер.

Алмаздың суреті, қалам, қарындаштар

3. Рефлексия – 7 минут

«+, -, қызықты» 

әдісі

7 минут

Кесте арқылы сабақты қорытындылауды ұсынады.

Кестені толтырып, кезеңдер бойынша өз жұмыстарын бағалайды.

Кесте


Динара Ботаева,

«Бұланбай негізгі жалпы білім беру мектебі» КММ

орыс тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі 

Павлодар облысы, 

Ертіс ауданы, 

Бұланбай ауылы 

23 сәуір 2018 г. 6 517 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 713 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 336 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930