» » Рухани жаңғыру еліміздің дамуындағы жаңа серпін

Рухани жаңғыру еліміздің дамуындағы жаңа серпін

 

Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр.

Мақаланың  негізінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз» дегенді айта келіп, 100 жаңа оқулықтың тек мемлекеттік тілде білім алатын жастарға арналатындығын ашық білдірді. Былай деп: «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз» деп анық айтқан болатын.  Өз тілінде терең білім, жан-жақты ақпарат алған адам қай ортада да өзін еркін ұстайтыны анық деп ойлаймын.

         Бұл мақалада білім ғылым жайында аз айтылмаған. Соның ішінде көптен күтіп жүрген латын қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды көтерілді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы 2012 жылы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан – 2050» стра­тегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеген болатын. Сондықтан бұл мақаласында Үкіметке нақты тапсырма бере отырып, қай уақытта, қалай латын қарпіне өтетінімізді айтып отыр. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі де латын әліпбиімен басылады деген сөз. Бұл қоғамдық ғылымдар үшін міндеттелетін үлкен шара болары анық. Әсіресе, Тіл білімі институтына үлкен жауапкершілік артып отыр. Елбасы биылғы жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау жөнінде, 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілетіні көрсетілген.

         Елбасы жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтау керек екендігін айтып өтті. Халқымыз небір аласапыран замандарда көп қиындық көрді. Араб жазуынан латынға, латыннан кириллицаға көшті. Десек те, халқымыз білімге ұмтылысының арқасында ешбір халықтан кемшін қалған емес. Бұл біздің жоғары мәдениеттілігімізді аңғартса керек. Қазіргі таңда не себепті латын әліпбиіне көшу мәселесі көтеріліп отыр? Себебі, қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең негізгісі, ең бай тіл. Өзіміздің бауырлас елдермен түсінісе алатын және бір-біріміздің жазғанымызды оқи алатындай болуымыз керек. Латын әліпбиін жасау – ғылыми проблема емес, өте оңай құбылыс болмақ.Бүгін міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды қа­лып­тастыруымыздың сәті келген тұс болды деп ойлаймын. Сондықтан бұл – Елбасының сарабдал саясатының арқасында жасалған үлкен қадам болып отыр.

Абай «Дүниенің көрінген сырын да, көрінбеген сырын да қатар игерген адам толық адам болады» дейді. Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен ілгері дамып, жедел өзгеріп отырған мына дүниеде, Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. Бұл арада рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырғанымыз дұрыс болмақ. Ұлттық кодты сақтау дегеніміз – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз. Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылық­та­ры­мыздан бастау алады десек, мына өзгермелі дүниеде сол құнды­лықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз.

Елбасы рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ретінде бәсекеге қабілеттілікті ұсынады. Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына ұлт Көшбасшысы ерекше назар аударып отыр­ғаны бекер емес. Өйткені әлемдік бәсекеге қабілеттілік ұлтымыздың эконо­микада ғана емес, рухани әлемде де озық болуын қажет етері сөзсіз.

         Қазақ елі қазір өркениетті елдерімен иық теңестіруге, дамудың жаңа сатысына көтерілуге талпынуда. Дегенмен, жаһандық өзгерістерге сай болу үшін алдымен ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатының түйіні – осыда.

         Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал, рухани жаңғыру мен жаңарудабілім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай біліуіміз қажет. Бірнеше тілді меңгерген адам, ешнәрседен ұтылмақ емес.

         «Ел боламын десең бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушымыз М.Әуезов. Әр адам өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы,білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде елімізде келелі жұмыстар жүргізілуде. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес – жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.


Жапарова Махаббат Әбілханқызы,

№23 Алатау орта мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Жамбыл облысы,

Жуалы ауданы.

10 сәуір 2018 г. 2 602 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 837 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 740 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930