» » МЕКТЕПТЕГІ МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ - ЖАС ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙДЫ

МЕКТЕПТЕГІ МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ - ЖАС ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданы №94 жалпы орта мектебінің физика математика пәні мұғалімі Нигара  Гультораеваның көсбасшылық  жұмыстары   туралы   талдамалы есебі.

«Әрбір бала – бір  жұлдыз, өзіндік жеке

                                                      тұлға. Сол тұлғаны қалай қалыптастырсаң,

                                                      қалай  жарқыратсаң,  не өшірсең, ол сенің

                                                      қолыңда. Сондықтан мүмкіндігінше, мұғалім

                                                      әрбір оқушының жүрек кілтін тауып, аша 

                                                      білуі керек». 

                                                                                            Ы.Алтынсарин.


     Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім саласына ерекше көңіл бөле отырып, «Қазақстанның болашағы бүгінгі жастар, Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер Қазақстан сол деңгейде болады» - деген. Олай болса, жоғарыда Елбасы айтқандай, білім сапасын өзгертуге оң нәтижесін беретін біліктілікті арттыру  бағдарламасының Қазақстан мұғалімдеріне көмек көрсету мақсатында ашылған курсының көздеген мақсаты орындалмақ , яғни жүзеге аспақ. Жас ұрпақты заман талабына сай қабілеті, сауатты, зейіні мен зердесі қалыптасқан тұлға етіп шығару-басты міндетіміз. Өткен оқу жылы үшін қорытынды жасай келе, тамыз айында жаңа  оқу жылына арналған мектептің даму жоспарын түзу, коучинг пен тәлімгерлік, желілік қауымдастық жұмыстары бойынша жоспарлау іс-шаралары басталып кетті.    Бұл жұмыстарды жоспарлауда мен өткен оқу жылында назардан тыс қалған, сонымен қатар қамтылмай қалған мәселелерге көңіл бөлу керектігін есепке алуға әрекет жасадым.  Әр жылғы жаңа оқу жылында жұмыстарды жоспарлау үшін мектепте   кәсіби қоғамдастық мүшелері мен мектептің бастапқы ахуалын анықтап алғаннан соң , мектебіміздің даму жоспарын әзерлеу үшін кәсіби сұхбаттар барысында ең алдымен мектептің қазіргі таңдағы жағдайы қандай? Нені жетілдіру қажет? Неге басымдықтар беру керек? Күтілетін нәтиже қандай? Қолда қандай ресурстар бар? т.б. деген мазмұндағы сұрақтарға жауап табу мақсатында зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргіздім.  

 Ол үшін ең алдымен оқушылардан, ата  - аналардан және  педұжым мүшелерінен  сауалнамалар алынып, сұхбаттар  жүргізілді. Мектептегі  50  оқушының  ата – анасынан алынған сауалнамада  жалпы мектептің жұмысына байланысты өздерінің пікірлерін білдіруді  сұрандым.

Ата-аналардан алынған сауалнамаға 50 ата-ана қатысты.

Жалпы алғанда ата- аналардың сауалнамаға жауап беру белсенділігі жақсы болды. Бірақ сұрақтарға жауапты талдағанда көп жағдайда үйде оқушыларды қадағалаудың және оларға тапсырмаларды орындау барысында қиындықтарға кездесетіндігі айтылған. Мектепте өтіліп жатқан сабақтардың деңгейіне өздері жалпы алғанда көңілдері толатындығын атаған.   Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс жүйелі жолға қойылғаны мен мектептің жалпы жұмыстарын жақсартуға  ұсыныстар аз айтылған.                                  

    Сондай-ақ, басым көпшілік  ата-аналар мектептің даму басымдықтарымен, даму бағдарламасымен таныс емес екендіктері, мұғалімдердің өз іс-тәжірибелерін сыни тұрғыдан бағалау қажет екендігі анықталса, басым көпшілік ата-ана перзенттерінің алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алатынына сенімді емес екендіктерін көрсетті.

Мектепте жоспарланған жұмыстардан  үнемі хабарыңыз бар ма?                                                                      

Мектеп мұғалімдерінің берген тапсырмалары сіздің перзентіңізді  ойлануға жетелейді деп ойлайсыз ба?

 

Мектепте алған теориялық білімін практикамен үнемі ұштастыра ала ма?

Сонан соң мектептегі білім беру мен өздері туралы білу үшін оқушылардан да сауалнамалар  алынды.                                                           

Сауалнамаға жалпы 119  оқушы қатысты.

 

       Оқушылардан алынған сауалнамаларды сараптай отырып, сабақ өту барысында оқушылардың пікірін ескеру қажеттілігін байқаймыз. Мұғалімдерге  сабақ өту барысында озық тәсілдерді  қолданғанмен  сабақ қорытындысында оқушылармен кері байланыс жасау қажеттігі көрінді. Оқушылардың сыныптағы  белсенділігін арттыру бағытында жұмыс істеу керек. Төменде алынған сауалнамалар диограммасынан үлгілер  көрсетілді.

 

1. Сабақ барысында диалогтік әңгімеге түсіп, өз пікірімізді дәлелдеуге мүмкіндік беріле ме?

 

2. Мұғалімдер қойған міндеттер бізді шын мәнінде ойлануға жетелей ме?

 

3. Сабақтарда теория практикамен үнемі ұштастырыла ма?     

 

                        

 

      Мұғалімдерден алынған сауалнамаға 45 мұғалім қатысып өз пікірлерін білдірді. Сұрақтар  мазмұны төмендегідей болды.    

 

Жалпы мектептегі атмосфералық жағдай,  жоспарлау жұмыстарына қатыстырылу ахуалы, сабақ жоспарлау жолдары, сабақта қолданылатын оқыту және оқу жұмыстары, сабақта қолданылатын тәсілдер,  зерттеу және  рефлекция жеке оқушылармен жұмыстар, оқытудағы бағалау,  біліктілігін арттыру, олардың мектептегі жұмыстарға көзқарасы т.б. сұрақтар қамтылды.

Ұзақ мерзімді  мақсаттарымыз мектеп жоспарында  жиі  35% көрініс табады деп  көрсеткен. Мектепте жазбаша құжатталған жоспарға қарағанда, жоспарлау үдерісі  кейде  35%  аса маңызды саналатындығын,  мектептің даму басымдылығымен бүкіл ұжым әрқашан  38% таныс екендігін білдірген.  Ұстаздар өз жоспарларын  38%  кейде бірлесіп талдайтынын және өзгерістер енгізетіндігін айтқан.  

Мектептегі ахуал, психологиялық жағдай жақсы, мектеп мұғалімдерінің бір -бірімен қарым - қатынасы жақсы. Көп мұғалімдер өзінің пікірін  мектепте еркін айта алады, олардың өзара әдіс алмасуына жағдайлар жасалған.  

Мұғалімдердің сабақтарды жоспарлау барысында оқу мақсаттары  қамтылатыны, оқудың жүйелілігі мен бірізділігіне ден қоятыны көп айтылған. Сабақтарда атқарылатын оқыту және оқу іс шараларында оқушылардың бір бірімен оқу жайлы сөйлесуін қолдайды, берілген тапсырмаларды орындауға жетерлік уақыт береді.

Оқушыларға  берілетін  сұрақтардың тапсырмалардың әртүрлі формасы қолданылады. Сабақтарда  мұғалімдер мен оқушылар АКТ материалдарын қолдануға  әрекет  жасайтынын  және қолданып жүргендерін атап өткен.

 

Дарынды және талантты оқушылармен қосымша алу мақсатында әртүрлі білім байқаулары мен жобаларға  дайындық жұмыстар жүргізіледі.

 

Оқушылардың  білімін бағалауда  көп жағдайда жиынтық бағаларға мән беріледі.

 

Оқушылармен қарым - қатынас жасауда мектепте қабылданған ережелер басшылыққа алынады. Жақсы білім көрсеткіштері бар оқушыларды марапаттау жүйелі жүргізіледі.

Бірақ сонда да мұғалімдер тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстар, орындалуы кешеуілдеп жатқан жұмыстарда баршылық екендігі көрінді. Олардың негізгілеріне тоқталсақ, сабақ барысында сабақ жоспарын жасағанда бағалау мәліметтерінің нәтижесін ескеруде, сыни тұрғыдан ойлауды талап ететін іс - шараларды  ұйымдастырғанда, сұрақтардың әртүрлі формасын қолдануда, оқушылардың алған білімін зерделеу мақсатында  рефлексия жасауда,  бағалау критерийлерін және қалыптастырушы бағалауды қолдануда, оқушылардың өзін - өзі бағалауда проблемалар бар екендігі байқалды. 

Міне осы мәселелерді мектептің дамыту жоспарын қайта саралап,  нақты қандай өзгерістер енгізу қажеттігін анықтап, іс- шаралар жоспарын түзіп ендіру жұмыстары қолға алынды.

Іс-тәжірибелердің тұрақты орындау үшін ұйымдастырылған жоспардағы негізгі қағидаттарын қолдану, олардың нәтижелі орындалуын жеткілікті деңгейде жүргізу керек.  Сол мақсатта  мектеп көсбасшылығы бағдарламасының мақсат мен міндеттерін жүзеге асыруда тәжірибелі мұғалімдерге  құзырлы коуч пен тәлімгер болуға қолдау көрсету, мұғалімдер  кәсіби қоғамдастығын  құрып, олардың кәсіби дамуына ықпал ету,  жаңа идеяларды іске асыру  үшін  өз мектебімде  өзгеріс енгізуді және әріптестерімен  жүргізілетін жұмысты  ойластырып  жоспарлау жұмыстарын жүргіздім

Олар алдағы атқарылатын жұмыстарды жүйелеп, өздерінің мазмұнды пікірлерін ортаға салды. Соның нәтижесінде мектептің даму жоспарын жасау, ондағы атқарылатын жұмыстардың мазмұны қалыптаса бастады. Мұғалімдермен еркін әңгіме кезінде  ағылшын тілі пәні мұғалімі Хуснабад Досметова мен химия пәнінің мұғалімі Барно Бердиярованың  өздерінің осы оқуға барып және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренгісі келетіні туралы айтып, тәлімгерлік етуіме тілек білдірді, сондықтан оларды өздерінің қалауларына сәйкес коуч мұғалімдер деп тандап алдық.  Хуснабад Досметова мен Барно Бердиярованың  өз білімін жетілдіріп, өзгеріске, жаңа білімге деген құштарлығы мені қуантып, көшбасшы ретінде қолдау көрсетуме өзімде сенімділік сезімін арттырды.  Ал, бірлестіктің қалған мүшелерімен тәлім алушылар ретінде жұмыс алып баруға келісіп алдық. Алдағы жұмысымыздың нәтижелі болуы үшін арамызда сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында бейресми кездесуде жақынырақ танысып, әңгімелестік. Тәлім алушым Хуснабад Досметованың еңбек өтілі – 24 жыл,  екінші санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Барно Бердиярова 25 жылдан астам уақыт ішінде оқушыларға химия пәні бойынша сабақ беріп келеді. Ал  тәлімгер ретінде менің мақсатым тәлімалушының оқыту үрдісінде                                           кездесетін қиындықтарын анықтау, кәсіби біліктіліктерін кейін бірлесе отырып шешудің тиімді жолдарын іздестіру, қолдау көрсету, коучинг-тәлімгерлік үдерісі бошынша бұл ұстаздарды тәлімгерлікке дайындау. 

 Бүгінгі күнде мектебіміздің іс-тәжірибесінде пайдаланылатын әдіс-тәсілдер оқу үдерісін жетілдіруге, оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыруға жеткілікті дәрежеде ықпал етпейтіндігі, оқушылардың пікірі үнемі ескеріле бермейтіндігі айқындалды. Қазіргі кезде оқушыларды тестке дайындау барысында тек қана жаттанды түрдегі білім қалыптасуы олардың ауызша сөйлеу дағдыларының дамытуға, өз пікірін еркін түрде баяндай алу қабілеттерінің төмендеуге себеп болып отыр. Сондықтан мен  осы сауалнамалар қорытындысына қарай МДЖ тақырыбымды: «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау   қабілеттерін дамытуға,       функционалдық сауаттылығын арттыруға қолдау көрсету»  дeп aлдым. Осы тақырып аясында    коучинг-тәлімгерлік үдерістерінің жоспарлары түзіліп, белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті.  Ұйымдастырылған коучингтерді жоспарлауда мен мұғалімдерге нақты жаңа әдіс-тәсілдерді ұсынып, сабақ барысында оларды қалай жүзеге асыру бойынша бағыт - бағдар беріп отырдымБірінші тоқсанда МДЖ да жоспарланған екі коучингті өткіздік. №1-коучингте

 

«Топтық жұмыс арқылы оқушылардың  ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ету» тақырыбы қамтылды. Мақсаты: Топтарда  бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу. Топтарда  жұмыс істеу  үдерісін модельдеу.

 

Топтарда жұмыс істеу мен тиімді  топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықты анықтау. Күтілетін нәтиже: Белгілі бір тапсырмаларды  орындау мақсатын, мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты  ұйымдастыру әдістемесін игеруі.Мұғалімдердің топтық  жұмыстың қаншалықты маңызды, мақсаттарының құнды екенін, топта жұмыс істеуде ұстаздың ролін түсіндіру  мен оны практикаға енгізу болды. 

Мақсаты: Шығармашыл тұлғаны дамыту үшін шарттар туғызу . Дарынды балаларды анықтау .Оларға арнайы бағдарлама жасау. Критериалды бағалауды үйрету

 

Күтілетін нәтиже: Дарынды балаларды анықтауды,оларға арнайы бағдарлама жасауды, критериал ды бағалауды үйренеді.                        Коучингке 26 мұғалім қатысты.      Коучинг барысында  топқа бөлу , тақырып бойынша таныстырылым жасау, сергіту сәті, тренинг арқылы жаңа тәсілдерді атап айтқанда ,«Джигсо » стратегиясы бойынша  «Оқыту»,  «Оқу», «Бағалау» деген тақырыпшалар берілді де, осы атаулардың сипаттамасын  коучинг соңында талдау тапсырылды. Мұғалімдерге  Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі болып, мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылауға үйрету екендігін, бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артатынын өз әрекеттері арқылы түсінулеріне жағдай жасалынды.  Коучинг барысында мұғалімдер бұл әдіс оқушының оқуға деген қызығушылығын артыруға, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптастыруға, сыныпта саналы тәртіп орнатуға ықпалы мол екендігіне көз жеткізді.         

 

Өткізілген әрбір коучинг мен сабақтарға рефлексия жасалынып, кері байланыс алынып отырылды. Әрбір өткізілген коучинг сессиядан кейін мұғалімдердің жазған рефлексиясын жинақтап, тәлім алушыммен  кәсіби сұхбат барысында талдау жасадық. Мұғалімдердің сабақ беру үдерісінде   қандай қиындықтары, қажеттіліктері бар екендігі назарға алынып, зерттеу жүргізіліп, қайта жоспарланып барылды. Мұғалімдерге сабақтарға жеті модулді кіріктіру, мақсат мен табыс критерийлерін белгілеу, орта және қысқа мерзімді жоспар түзу, оқушыларды өз бетінше білім алуға ынталандыру, белсенділігін арттыру, формативті бағалау арқылы қадағалау және интерпретация дағдыларын дамытуға ұсыныстар берілді. Әр коучингтен кейін тәлім алушылардың сабақтарына еніп, мұғалімдердің коучингте үйренгендерін сабақтарда қалай қолданып отырғанын бақылап, жол берген кемшілік пен жетістіктерді талқылап бардық 

  •        Кәсіби әңгіме туралы, ол не мақсатта жүргізіліу туралы  тоқталдым. Әрбір сабақтан соң рефлексия жаздырып алдым.  Сыныптарда оқытуды басқару,  орта мерзімді жоспарлау және бағалау тақырыптары оларға таныс және олар осы тақырыптарда жұмыстар атқарылды. Олар  мектепте мұғалімдерді басқару, бірлескен топтық жұмыс, коучинг және тәлімгерлік,  іс – әрекеттегі жоспар, мектепте оқытуды басқару және желілік қоғамдастық, мектеп көшбасшылығы, желіні кеңейту, мектепті дамыту жоспары тақырыптарына үлкен қызығушылықпен қатысты. Әр тақырыпты өткенде  менторлар  өздеріне керек мағлұматтарды жазып алып отырды. Керек құжаттарды бар болса электрондық варианттарын презентацияларды алып пайдаланды. Өз пікірлерін керек жерлерінде айтып қорғады. Ең алдымен өзім  шеберлік сағаттары өттім. Мұғалімдер сабақтарға қатысып өздерін қызықтырған сауалдар бойынша сұрақтар қойды, ОМЖ және Қмж түзу туралы кеңесіп алдық. Сонымен қатар  тәлімгерлерден тәлім алушылар мен бірлесіп жоспарлар түзіп сабақтар өтуін сұрандым. Жоспарлау кезінде  білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, жеті модуль,  іс – әрекеттегі зерттеу, тақырыптарына  тоқталдық. Блум таксономиясы, орта мерзімді жоспар,  қысқа мерзімді жоспар туралы тақырыптарға ерекше тоқталып және түзіп көрсеттік. 
  •          
  • Әр коучингте  коучерлер топтық жұмыстар орындады, сабақ барысында сергіту сәттерінен пайдаландық.
  •  Олар постерлер жасап қорғады, сабақ соңында рефлексия жазды.
  •          
  • Орта мерзімді жоспарда сабақтың тақырыбы жазылады, онда оқып үйренудің негізгі мақсаттары, оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер, модульдердің кіріктірілуі, оқып үйренудің нәтижесі, бағалау, негізгі дереккөздер жазылады.  Орта мерзімді жоспарды түзгеннен соң қысқа мерзімді сабақ жоспарын түзуді үйреттік.
  •            

    Тәлімгерлік пен коучинг  бойынша  модельдердің көпшілігі ұқсас алғы шарттарға негізделген.   Коучерлер қысқа мерзімді жоспарларын түзгенде осы мақсаттарды басты назарға алды.  Мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, уақыты, ресурстар жазылды.  Әрбір менторда, әрбір коучерде орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар сабақтар басталғанша түзілді. Соған сай сабақтар жүргізілді. Әрбір  коучер  қысқа мерзімді жоспар түзгенде осы басымдықтарды басты назарға алды. Бұл жоспарды жазғанда коучерлер біршама әрекеттер жасады, ізденді. Кітаптар парақтады, интернетке отырды, тәжірибелі мұғалімдерден көмектер сұрады. Себебі әрбір сабаққа жазылған сабақ жоспары сол күнгі балаға берілетін  жалпы мағлұмат, сол мағлұматты қалай жеткіземіз, ол біздің шеберлігіміз. Сол себепті біз мұғалімдердің  әрбір сабаққа  қалай дайындықпен  келгенін  көріп,олардың жіберген  кешіліктері келесі сабақта жойылып отырды. Бірінші тоқсанда маған біріктірілген математика әдістеме бірлестіктер мұғалімдерінің  сабақтарын жеті  модуль бойынша өтті.

        

    Тәлім алушыларым  өз сабақтарында   кіріспе бөлімінде "Өрмешектің торы" стратегиясы бойынша алдыңғы өткен материалдар туралы сұрақтар қою тапсырмасы беріліп, оқушылар топтық және жұптық жұмыс кезінде  үй тапсырмасы бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар "Ішкі және сыртқы шеңбер" стратегиясы бойынша алдыңғы өткен материалдар бойынша сұрақтар қою бойынша  оқушылар ішкі және сыртқы шеңберлерде өткен сабақ бойынша пікірлерін баяндап, шеңбер бір қадам сағат стрелкасы бағытында айналым жасап жаттығуды орындайды. Сабақ барысын да оқушылар топтық және жұптық жұмыс кезінде  үй тапсырмасы бойынша жұмыс істейді.

               

    Олар сабақтар барысында   оқушыларға  "Блиц сұрақтар", ББҰ кестесін жазу арқылы өтілетін сабақтардың негізгі ережелеріне, қасиеттеріне  байланысты   тапсырмаларды орындап, бір-бірінің  жұмысын тексеріп, топтық  жұмыста бір - бірін бағалауды ұсынды.   Дарынды  және талантты оқушыларға  деңгейлік тапсырмалар беру арқылы  өздері білетін теориялық білімді, практикада жүзеге асыруға, үлгерімі төмен оқушыларға өз уәждерін айта отырып, біліктіліктерін арттыруда белсенділік танытатына жағдай жасалынды. Нәтижеде, оқушылар өз ойларын жинақтап, қағазға түсірді, тапсырманы топ бойынша орындауға бейімделді. Cабақ кезінде оқушылар өз ойын ашық айта алды. Өтілген cабақтар туралы ойларын жеткізіп, топтық жұмыс жүргізгенді, жұмысты қорғағандарын  ұнатқандарын айтты.

         Қорыта келгенде, oқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алды. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Oлар өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір-бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Әңгімелесу мен талқылау  арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Oсы тәсілді пайдаланғанда оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектесетінін, бұл тәсілді қолданғанда оқушылар қысылмай өз ойларын толық жеткізуіне, сөздік қорының артуына көмектесетінін байқадым.

             

    Сабаққа қатысқан оқу әстері меңгерушісі, директор орынбасарлары мен мұғалімдер сабақ туралы өздерінің оң бағаларын беріп, бұл бірлестіктегі коучинг және тәлімгерлік, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету жұмыстары өз деңгейінде жолға қойылғандығы көрініп тұрғандығын айтып өтті. Осы пікірлерден келе шығып, мұғалімдердегі оң өзгеріс маған күш-қуат беріп, өзіме деген сенімімді арттырып, көшбасшылық жұмысыма  бар күш – жігерімді жұмсауға ынталандырады.               

    Мен көшбасшылық жұмысымнан  нені түсіндім?

      Мектебімнің даму жоспарына қандай өзгеріс енгізуді ұйғардым. Мектептегі мұғалімдердің оқушыларға қалай оқу керектігін үйретуді үйрену,   және келешекке қадам ретінде төмендегілерді мектептің даму жоспарына енгізуді бағамдадым: бағдарламаның оқытудағы жеті модульін  пайдалана отырып,  әр сабағында барынша әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отыратын тәлімгер мұғалімдердің көзқарасын қалыптастыру, келешекте сыныптағы диалогтік оқыту мен сыни тұрғыдан ойлану модулінің  аясын кеңейту. Сонымен бірге  әріптестеріме де ескі бірсарынды білім беру үрдісінен арылып, болып жатқан өзгерістерді қабылдап, жаңаша әдіс-тәсілдерді  меңгеруге  тартамын.                        Жоспардағы барлық жұмыстар кезінде нақтыланып алынған нәтиже мен табыс критерилерінің аясында жүргізіліп отырды.   Нәтижесінде, оқыту мен оқу үдерісіне интербелсенді және инновациялық әдістерді пайдалану арқылы білім беру мен білім алуды жетілдіру, мұғалімнің құзыреттілігін арттыру жолдарын қарастыру, мұғалімдер оқыту мен оқудағы топтық жұмыстың тәсілдерін қолдануды меңгереді, оқушыларда мектепте алған білімдерін өмірде қолдану  дағдылары қалыптастырады, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі артады, шығармашылыққа бейім және және өзін-өзі танитын оқушылар қалыптасады, оқушылардың білім алуға қызығушылықтары жоғарылап, оқудағы жетістіктерін бағалай білу дағдылары қалыптасады деген ұғымдар қалыптасты. Осы табыс критерилерінің өлшемдері жоспарға сай барлығы әлі мен күткен дәрежеде нәтиже бермегенімен, ең  бастысы мұғалімдер мен оқушылардың ойын, көзқарасына қозғау салды. Келесі тоқсандарда атқарылатын жұмыстарды өз уақытында, жоғары деңгейде жүргізу арқылы күтілген нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамын. Мектеп көшбасшысы ретінде мұғалімдерге оқушылардың оқыту әдістерін жақсарту,  оқушылардың үлгеріміне ықпал етуіме өз әріптестерім тарпынан қолдау көрсеткенім менің алдағы жоспарлы жұмыстарыма үлкен серпіліс әкеледі деген сенімдемін.


Оқушыларды оқытуда ХХІ ғасырдағы мұғалім қандай іскерлік дағдыларды алдымен өзі игеруі қажет, қалай игеру қажет, оқушыларды қалай оқу керектігіне үйретуі үшін өзі нені білуі керек? деген мектеп, мұғалім, ұжым үшін ортақ  мәселелерден,  маңызды ортақ бағыттан шығу қажеттігін түсіндім. Осы мақсатты жүзеге асыруда  диалогтік  оқытудың  маңыздылығын түсіндіру арқылы оқу үдерісінде оқушының  ауызша сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту арқылы нәтижеге қол жеткізуге, формативті бағалауды пайдалана отырып ынталандыруға  болатындығын жеткізуге тырыстым.Коучинг-2: «Дарынды балалармен жұмысты қалай жақсартуға болады».Енді сауалнама қорытындысына сараптама жасасақ.Жоспарлау бөлімі бойынша.


 
Нигара  Гультораева
№ 94 жалпы орта мектебінің 
физика математика пәні мұғалімі
Түркістан облысы
Сайрам ауданы
02 қазан 2019 г. 18 442 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 241 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 617 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031