» » Түркістанда мектеп-интернат ұжымына 20 млн теңгенің гранты табысталды

Түркістанда мектеп-интернат ұжымына 20 млн теңгенің гранты табысталды

Түркістан облысында ұстаздар күні мерекесі аталып өтті. Аймақ басшысының онлайн режіміндегі құттықтауына  қала-ауданнан 500-ден астам үздік мұғалім тікелей қосылып, тыңдауға  мүмкіндік алды, деп хабарлайды "Edunews.kz" АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Өңірдегі 55 мыңнан астам мұғалімді төл мерекемен құттықтаған өңір басшысы  Жансейіт Түймебаев ұстаздар қауымының болашақ ұрпақты  тәрбиелеудегі рөлінің маңызы зор екенін айтты. Салтанатты басқосуда аймақтағы 5 ардагер ұстаз бен 20 мұғалім облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Ал Қазығұрт ауданына қарасты Жамбыл Қаппаров атындағы №5 облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ұжымына құны 20 млн теңге болатын «Орта білім беретін үздік ұйым» грант табысталды.


 

«Бүгінгі төл мерекелеріңіз ерекше уақытта, Елбасының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауымен қатар, жаңадан Түркістан облысы болып құрылған кезеңде өтуде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кешегі Жолдауында халықты баспанамен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім мен ғылымды дамыту, оны қаржыландыруды жалпыұлттық өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу, полиция мен сот жүйесін, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, аталған салалардағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен әлеуметтік қорғалуын арттыру секілді көптеген маңызды мәселелерді қозғап, алда атқарылуы тиіс міндеттер айқындап берді. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауда білім саласына аса назар аударып, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелділігі кемімей, педагогтарды және қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда келеңсіз жағдайлардың орын алып отырғандығын атап өтті», - деді облыс әкімі.


 

Айта кетейік, соңғы жылдары облыстағы дарынды оқушылар халықаралық және республикалық деңгейдегі 100-ден астам білім сайыста жүлдегер атанды. Өңір соңғы үш жылда математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден республикалық олимпиадаларда  «Ең үздік олимпиадалық команда» атағы мен ІІ, ІІІ жүлделі орындарды иеленуде. Республикалық олимпиада және ғылыми жобалар қорытындысы бойынша білім ұйымдарының жыл сайын 100-дігі анықталып, марапатталады. Биыл солардың қатарына облысымыздың төрт орта білім беру ұйымы еніп отыр. Атап айтсақ, олар - Түркістан қаласы, Н.Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясы мен Кентау қаласындағы «Яссауи» және «Иқан» жалпы орта мектептері еніп отыр.


 

Бүгінгі күні, Түркістан облысында жұмысқа қабылдау jumys.sitcen.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізілуде. Осы жаңа форматта қабылдау жүйесі әрі қарай жалғастырылып, ашық, жариялы түрде іске асырылады.




09 қазан 2018 г. 2 132 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 084 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 830 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930