» » "Шығармашыл ұстаз - 2020"

"Шығармашыл ұстаз - 2020"

«Тұрмыс-1» жалпы орта мектебінің оқушысы Қарынбай Даниялдың зерттеу жұмысы 

Тақырыбы: "Жүгерінің адам ағзасына  пайдасы"

Жетекшісі: Бейсембаева Салима

   

                                       

Зерттеу мақсаты:

      Жүгерінің құрылысы мен тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін зерттеу, жүгерінің ауылшаруашылығында пайдалы әдістерін қолдануды қарастыру.

                             Зерттеу міндеті:

  1.Жүгерінің тіршілік ортасын анықтау

  2. Жүгерінің түрлерін зерттеу

  3. Жүгерінің беймәлім сырларын зерделеу

  4. Жүгерінің пайдасын анықтау

           Зерттеу жұмысының жоспары

                     I Кіріспе

            Жүгерінің отаны

                       II Зерттеу бөлімі

    а) Жүгерінің негізгі қасиеттері

   ә) Жүгерінің  майының пайдасы

   б) Жүгеріге зиян келтірушілер

   в) Жүгерінің түрлері,жасалатын тағамдар 

   г) Жүгерінің адам өміріне пайдасы

                      III Қорытынды бөлімі

                                           Жүгерінің отаны

      Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, тех-никалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет. Жүгері -астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі.

                          Жүгерінің  негізгі  қасиеттері 

 1.Өттің қызметін жақсартады

2. Ми мен бұлшық еттердің жұмысын жақсартады

3.Зәр  шығаруға көмектеседі

4.Қан қысымын төмендетеді

5.Есте сақтауды емдеу  үшін пайдалы

6.Ағзадағы артық заттарды  шығарады

7.Асқазан жолдарын қызметін реттейді

8.Емізулі ананың сүтін көбейтеді

                       Жүгері майының пайдасы

1.Iш ауырғанда  шектегі шаншу процесін тоқтадады

2.Ағзаның ауруға қарсы  тұруын күшейтіп, қанның  ұюын     реттейді

3.Жарақат алғанда, күйік шалғанда , тері ауруларына осы майды қолданады

4.Өт жолдарының  тонусын көтереді , қабырғалардың қысқаруын күшейтеді

                       Жүгеріге зиян келтірушілер

    1) Сымқұрт 

    2) кеміруші жұлдызқұрт

    3) мақта көбелектер

    4) собық кеміретін көбелектер

                                       Жүгерінің түрлері

                                      

 







Жүгерінің пайдасы
    Жүгеріні дала аруы деп тегін атамаған. Одан жасалатын дәрілер көптеген ауруларға ем. Жүгерінің дәні мен шашағы ғана емес, тамыры, жапырағы да дәрі.Жүгерінің құрамында А, В, С, Е дәрумендері, калий, магний, крахмал,  қант, түрлі пайдалы майлар, аскорбин қышқылы және минералды тұздар бар.

Жүгеріні жиі пайдаланатын болсаңыз, холестерин деңгейін, асқазан жолдары қызметін реттейді. Оған қоса, жүгері жүрек қан тамырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізіп, теріге, шаштың өсуіне оң әсер етіп, қартаюдан сақ-тайды. Құрамындағы В дәрумені ұйқысыздық, мазасыздықпен күрессе, С дәрумені иммунитеттің көтерілуіне, Д дәрумені тіс ауруларына, сүйектің қатаюына көмектеседі.

       Мамандардың айтуынша, бауыр ауырса, жүгері шашағын немесе талшығын пайдалану керек. Ол түйір дәріден әлдеқайда пайдалы. Бұл үшін алдымен жүгері сабағын қабы­ғынан және жапырақтарынан айырып алыңыз. Содан кейін шашақтарды қай­на­ған суға демдеп, шай тәрізді ішіңіз.Емдеу мерзімі нау-қастың жағдайына қарай кейде жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Ал еміңіз ойдағыдай әсер ету үшін жүгері собығы пі-сіп-жетілген болуын қадағалаңыз. Өйткені, піспеген жүгерінің емдік қасиеті болмайды.

Жүгері собығы жүрек ауруларынан, рактан және қартаюдан сақтайды.

Қорытынды: Қазақстандағы жүгері сұрыптарының түрлерін дамыту үшін егіс алқаптарына өнімді ексе, әрбір шаруа қожалығы мемлекетке де өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Сондықтан да жүгері ауыл шаруашылығының пайдалы өнімі ғана емес, шет мемлекетке де экспортқа шығатын Қазақстанның сапалы өнімі болып табылады.

     Өз зерттеу жұмысымды қорытындылай келе жүгерінің мал шарушылығыны және адам ағзасына пайдасы мол екенін білдім. Жүгері дәнінен ,шашағынан, тамырынан жасалатын дәрілер, көптеген ауруларға ем болтынын, оқулықтардан іздене отырып анықтадым.Апама осы жүгері шашағынан дәрі ретінде қолданып, бақылау жүргіздім.

       Iздене отырып,жүгерінің негізгі қасиеттерін білдім.

     Жүгерінің өсіп өну кезеңдерін бақылап және қанша өнім болатынын зерделедім. Жалпы жүгері өнімі күтіп,баптауына байланысты болады екен.Мысалы мен өзім зерттегенімде 120 дәннен 299 собық шықты.

                        Пайдаланылған әдебиеттер:

Интернет желісі
Жаратылыстану  оқулығы
«Жүз  жасаңыз» газеті
«Ол кім, бұл не?» балалар энцеклопедиясы

 

13 ақпан 2020 г. 2 199 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 008 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 801 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930