» » "Шығармашыл ұстаз - 2020"

"Шығармашыл ұстаз - 2020"

 «Майемер орта мектебі» КММ – нің 8-сынып оқушысы  Кәусәр Қалиасқар 

"Ғасыр шежіресі"

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, 

Жетекшісі: Гаяров Біржан Данирұлы

     

    Ғасыр шежіресі


Құт-береке халқыма қайта келдің,

Орындалып арманы байтақ елдің.

Тарихынан халқымның бір үзік сыр,

Айта бергім келеді, айта бергім.


Қазақ елі – қашаннын да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан,

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.


Бір-бірімен тату-тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

Туған жерге тебіренген сәттерде,

Ағылады өлең-жырдың бұлағы.


Серпіп тастап қараңғылық түндігін,

Саңылаудан көрдік жаңа күн нұрын.

Биылғы жыл паш етеді әлемге –

Халқымыздың тәуелсіздік айбынын.


Халқым менің! Саған қарап жұбанам,

Тарих беті қатпар-қатпар бұралаң.

Талай зардап қайғы-мұңын соңынан.

Егемендік алғаныма қуанам!

 
13 ақпан 2020 г. 3 237 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 016 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031