"Шығармашыл ұстаз - 2020"
«Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3-сынып оқушысы Әди Ақжүніс
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Көздіғара ауылы
Ұлы ақынның өлеңдері мен қарасөздері адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, жаман әдептерден бойымызды алыс ұстауға тәрбиелейді.
Асыл сөзді іздесең,
Абай оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге,-деп С.Торайғыров жырлағандай, Абай сөздері адамзат тарихында ескірмейді, мәнін жоймайды. Сондықтан Абайды оқымаған, сөзін көңіліне тоқымаған, бір өлеңін жатқа білмейтін оқушылар болмауға тиіс. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.
Еліміздің тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген болатын. Қазірде біз Абай арқылы әлемге танымалмыз. Себебі, әлемдік көлемізде қазір Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойын тойламақшымыз. Біз, бұл деңгейге жеткенімізді мақтан тұтамын.
Абай-дара, Абай дана-қазақта.Өлеңнің ұлы атасы-Абай атамыз қазақтың маңдайына біткен ардақты ұлы. Абайдай тұлғамыздың бар болғаны барша қазақтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Менде Абайдай тұлға дүниеге келген қазақ жерінде туылғаныма бақыттымын.