Мен өскенде дәрігер боламын
Елбасы Н.Назарбаевтың мақаласына пікір
Мен биыл оқуды аяқтаймын. Болашақ мамандығым — дәрігер, яғни өмірімді медицина саласымен байланыстырғым келеді.
Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Адамзат күн өткен сайын өлімге қарсы, өмір үшін күрес жүргізеді. Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында төл ата заңымыздың бірінші бабынан дәйексөз келтіріп, «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі» деп айқындаған. Осыған байланысты елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөлген.
Халық денсаулығын сақтаушылары, ел игілігі мен амандығының аса маңызды тұлғалары — ақ халатты абзал жандар. Осы адамдардың арқасында ел азаматтары ауру-сырқаттынан айығып, бақытты ғұмыр кешуде. Сондықтан адам өмірінде дәрігерлердің маңызы айтарлықтай зор. Нағыз дәрігер науқасты дертінен емдеп қана қоймай, адамға психологиялық түрде жәрдем береді. Науқас жанына сенім әрі қауіпсіздік сезімін ұялатады.
Қазіргі таңда короновирус індеті бүкіл әлем тұрғындарының үреін ұшырып, асқынып, жылдам таралуда. Әр мемлекет халық қамын ойлап, азаматтарының қауіпсіздігі үшін қолынан келгенін жасады. Осы індеттің алдын алу үшін дәрігерлерге үлкен жауапкершілік пен менім артылды. Олар елдің денсаулығы үшін тыным таппай қыруар еңбек етуде. Өз денсаулығына төнген қауіпке қарамастан, тәуекелге барып, отбасыларынан алшақта, халық үшін, біз үшін қызмет етуде. Ақ халатты жандарымыз «Ұлт денсаулығы —мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі» екенін айқын біледі, сол себепті жерге түскен періштедей мыңдаған адам өмірлерін сақтауда.
Айша Қасым,
Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің
11 - сынып оқушысы