ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан- жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты қажет ететін мамандық та - ұстаздық мамандық .Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден үнемі шәкірттерімен қарым- қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойына алған маман. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд : Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады- деген екен осы мақсатта «Сары-Арқа жалпы білім беретін орта мектеп»КММ- де директордың оқу ісіжөніндегі орынбасары Мырсеитова Арай Бекенқызының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Білім- адам баласының ортақ қазынасы» атты жаңаша үлгідегі сайыс өткізілді. Сайыс мақсаты: бағалау түрлерін, тәсілдерін, артықшылықтарын анықтай отырып, мұғалімдердің міндеттерін көрсету. Онда іс- тәжірибемен бөлісе отырып, басқарудың тәсілдерін үйрену болды.
«Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу» мектепішілік семинар Сары-Арқа жалпы білім беретін орта мектеп« коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу» (оқушылардың көзқарастары ) тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Мырсеитова Арай Бекенқызы мектепішілік семинар ұйымдастырды. Семинарға 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Сабақ өткізу барысынан
Математика пәнінен олимпиада жүлдегерлері
Мырсеитова Арай Бекеновна
Шығыс-Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, «Сары — Арқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ – нің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, математика және информатика пәні мұғалімі
"EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі