» » ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтары тәжірибе тарату аясында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері және басшыларына қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетуді жалғастыруда.
Бір апта ішінде (30 наурыздан 5 сәуірге дейін) Педагогикалық шеберлік орталығы 6500 мұғалімнің қатысуымен 115 вебинар өткізді, 24000-нан астам ұстазға 600-ге жуық жеке және топтық консультациялар ұйымдастырылды. Ал 19 наурызда өткен «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты алғашқы вебинар 80 000-нан астам мұғалімді жинады.
Сабақты жоспарлау, әртүрлі ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы оқушыларға сараланған тапсырмаларды әзірлеу және кері байланыс беру әдістері тақырыптары көптің қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ Педагогикалық шеберлік орталығы қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы оқытушыларға, оқушыларға және олардың ата-аналарына арналған бірқатар бейнеролик жасады.
Қашықтан оқытуға көшу кезеңінде Назарбаев Зияткерлік мектептері қызметкерлерінің білім мазмұнын жаңарту аясында әдістемелік қолдау көрсету үшін құрған жүйелік-әдістемелік кешен сияқты ақпараттық ресурсқа сұраныс артты. Ашық онлайн-платформа (http://smk.edi.kz) оқу процесін ұйымдастырудың әдістемелік негізі болып саналатын көптеген оқу материалын қамтиды.
Бүгінгі күні ЖӘК-де 341 000-нан астам қолданушы тіркелген, 2020 жылдың 3 сәуірінде 60,5 миллион материал жүктелген. Порталда Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдері кәсіби кеңестерін ұсынатын «Пікірталас алаңы» құрылды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламалары Орталығының қызметкерлері «Balapan» және «ElArna» республикалық телеарналарындағы бейнероликтерді дайындау және түсіру жұмыстарына белсенді қатысуда.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымы қашықтан оқытуға көшу кезеңінде  мұғалімдерді әдістемелік қолдау бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда.

Дереккөз: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі, 

"EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі

21 сәуір 2020 г. 9 846 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 219 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 609 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031